Редакция таңдауы
Ата-ана ескере бермейтін жайт: Бала жиі ауырмас үшін не істеу керек – дәрігер кеңесі
Бала балабақшаға бармаймын деп қиғылық салса, жиі ауырып қала беретін болса, мінез-құлығында өзгеріс байқалса, демек, мәселе бар деген сөз. Біз әдетте мұның барлығын баланың еркелігіне теліп қоямыз. Оның ішкі жан дүниесіне үңіле бермейміз. Психологиялық һәм медициналық дайындықтың жоқтығынан жаңа ортаға бейімделу өте ұзақ уақытқа созылады. Бұдан шығар жол қайсы? Мамандардан сұрап көрдік.
06 Қараша, 2023
Ресей Президенті ресми сапармен келмек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қараша күні Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Қараша, 2023
Әкімдерді сайлау: 42 аудан мен 3 қалаға жаңа әкім сайланды
5 қараша күні өткен аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау қорытындысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сілтеме жасап.
06 Қараша, 2023
Қара жолдағы қасірет азаймай тұр
Қара жолдан келетін қасірет азаяр емес. Бірнеше ай бұрын полиция департаменті ЖПҚБ жол жүрісін қадағалауды ұйымдастыру тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Болат Ізбасаров биылғы жеті айда өңірде тіркелген жол-көлік оқиғасының саны 35,9 пайызға кемігенімен, ажал құшқан жасөспірімдер саны 46,2 пайызға артқанын айтып, дабыл қаққан еді.
06 Қараша, 2023
Мектеп қауіпсіздігі қандай деңгейде?
Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, жыл басынан бері елімізде террористік акт туралы 230 жалған хабарлама тіркелген. Қоңырау шалу арқылы немесе электронды поштамен жіберілген бұл хабарламаларда 630-дан астам нысанға бомба қойылғаны туралы айтылған. Оның ішінде 400-ден астамы – білім беру мекемесі.
06 Қараша, 2023
Ұлы миссиямыз – ұлттық мемлекет орнату
Ұлттық статистика бюросы жақында жариялаған 2021 жылғы Ұлттық санақтың қорытындысы бойынша еліміздегі қазақтардың саны 13,4 млн адамды құрап, республика халқының 70,4 пайызына жеткен. «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданған 1990 жылы ұлтымыздың саны 6 млн 534 мың ғана, ал ел халқының құрамындағы үлесі небәрі 39,69 пайыз болғанын ескерсек, бөркімізді аспанға атып қуанарлықтай жайымыз бар.
06 Қараша, 2023
Шалқар Жүсіпов: Дәстүрлі микрокредиттер мен PDL-қарызының аражігін айқындау қажет
Классикалық микроқаржы ұйымдарының бизнесті қаржыландыру мен халықтың шамадан тыс кредит алуы туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің оқырмандарына KMF басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов кеңінен әңгімелеп берді.
05 Қараша, 2023
«Qnet»-ті ұйымдастырушы сотталды
Ақтөбе қаласының №2 сотында қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету, қылмыстық жолмен алынған қаржыны заңдастыру айыбымен ақтөбелік келіншекке қатысты қылмыстық іс қаралды.
05 Қараша, 2023
Болашақ АЭС мамандарын даярлайды
Жақында Ядролық физика институты әлемдегі ең ірі зерттеу және білім бірлестіктерінің бірі – Германияның алдыңғы қатарлы оқу орны Карлсруэ технологиялық институтымен ынтымақтастыққа қол қойды. Отандық институттың директоры Саябек Сахиев пен шетелдік институттың халықаралық істер және инновациялар бойынша вице-президенті Томас Хирт қол қойған құжат термоядролық технологиялар саласындағы зерттеулер мен инновацияларға, әлемдік деңгейдегі жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Меморандум аясында ғылыми-техникалық ақпарат алмасу, бірлескен зерттеулер жасау және халықаралық рейтингті журналдарға бірлесіп мақала жазу да көзделіп отыр.
05 Қараша, 2023
Отандық он екі стартап Кремний алқабындағы акселерациясын бастады
«Astana Hub» пен «Draper University» Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, өнімді инновацияларды ынталандыру жобасын қолға алған еді. Осы жоба шеңберінде халықаралық нарықта өз бизнесін кеңейтуге ұмтылатын кәсіпкерлер мен стартаптарға әзірленген «hero Training» акселерациялық бағдарламасының екінші кезеңі іске қосылды.
05 Қараша, 2023
Цифрландыру саласында еліміз көрші мемлекеттермен ғана емес, Еуропаның бірқатар елімен лайықты бәсекелес болып отыр. Кейбір көрсеткіштер бойынша Португалия, Италия, Словения, Мажарстан, Польша елдерінің алдына түсті.
05 Қараша, 2023
Гүлжамал Қазақбаева: Күлкімді де, көз жасымды да сахнаға сақтаймын
Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына жол түскен сайын әңгімелесіп қалуға, сырлы сұхбаттарын санаға сіңіріп қалуға тырысатын жақсы адамдар бар. Сондай жанның бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Гүлжамал Қазақбаева. Сахнада сан түрлі бейне тудырып, халқының ықыласына бөленіп жүрген өнер иесі өмірде, керісінше, томаға-тұйық тірлікті сүйеді, жарқ-жұрқ жарнамадан жанын алшақ ұстайды. Мұның сырын актрисаның өзі «Жанымды кірлетіп алудан қорқамын», деп түсіндіреді. Жарты ғасырдан астам ғұмырын киелі сахнаға қызмет етуге арнаған сахнагер өнердегі өнегелі өмір өрнектерінен сыр шертті. Тағдырдың сыйы мен тауқыметін теңдей көтерген қайсар жанның жансарайы да дәл өзіндей шынайы, өнеріндей көркем.
05 Қараша, 2023
Ертеңге деген сенімнің көрінісі
5 қарашада Ақмола облысында аудан әкімдерінің сайлауы қанатқақты режімде 5 ауданда – Ақкөл, Астрахань, Есіл, Жақсы, Шортандыда өтті. Сайлауға жалпы 12 үміткер өз кандидатураларын ұсынды.
05 Қараша, 2023
Батыс Қазақстан: Үш ауданда сайлау өтіп жатыр
Батыс Қазақстан облысының үш ауданында пилоттық режімдегі аудан әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Сайлау өтетін Бөкей ордасы, Қаратөбе және Тасқала аудандарында барлығы 28 884 сайлаушы тіркелген.
05 Қараша, 2023
Түркістанның төрт ауданында әкімдер сайлауы өтіп жатыр
Түркістан облысына қарасты Созақ, Бәйдібек, Мақтаарал, Шардара аудандарында алғаш рет пилоттық жоба бойынша әкім сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыстың өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
05 Қараша, 2023
Жетісу облысында 94 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр
Жетісу облысына қарасты Кербұлақ және Сарқан аудандарында әкімдерді пилоттық режимде сайлау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қараша, 2023
Әкімдер сайлауы: Сайлау учаскелерінде дауыс беру жүріп жатыр
Бүгін пилоттық тәртіпте облыстық маңызы бар үш қала және 42 аудан әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қараша, 2023
«Алаңдаушылық туғызып отыр»: Екі өңірде қызылша ауруы өршіп тұр
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен жиында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Қараша, 2023
«АрселорМитал Теміртауды» отандық инвестор сатып алады
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «АрселорМитал Теміртауды» Қазақстанның инвесторы сатып алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қараша, 2023
Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытайға барды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Қараша, 2023