Редакция таңдауы
Туризм берекелі сала болса да, жаһандық індет кезінде орасан шығынға ұшырады. Алайда әлемді шарлағанды, саяхатты сүйетін жұрт алыс жолға қайта қамданды. Егер туризм саласы қайтадан өрістей бастады десек, «мемлекетіміздің туристік биігіне ұмтылған Алматыда биыл қандай жұмыстар атқарылды?» деген сауал тумақ. Себебі Қазақстанға келген әрбір екінші турист осы мегаполисті айналып өтпейді.
13 Желтоқсан, 2023
Елімізде аяздың беті қашан қайтады?
Синоптиктер алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады, дегенмен аязды күндер қайта басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Желтоқсан, 2023
Қыста қанша градус аязда жұмысқа бармауға болады?
Қыста термометрдегі температура төмендеп, сарышұнақ аяз сақылдап тұрғанда әр кәсіп иесінің көкейінде «мұндай жағдайда жұмысқа бармауға бола ма?» деген сауал туындауы мүмкін. Біз аязды күні азаматтарды ойландырып жүрген осы сұрақты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдадық. Министрлік өкілдері мұндай тәртіп ҚР Еңбек кодексінің 82-бабымен реттелетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
13 Желтоқсан, 2023
7 баланың әкесі отбасымен Қонаевтың зиратын тазалап, өз қаржысына бәйге өткізіп жүр
Алматы қаласындағы мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың бейітін тазалап, қоршауын сырлап, бүтіндеп жүрген азаматтың өнегелі ісі әлеуметтік желіде тарады. Көпшіліктің ықыласына бөленген жанды іздеп тауып сұхбаттастық. Өзі жеті баланың әкесі екен. Қалдарбек Сраилов астындағы автокөлігін Дінмұхамед Қонаев атындағы аламан бәйгенің бас жүлдесіне тігіп, үй саламын деген жер учаскесін сатып, еркін күрестен турнир ұйымдастырыпты.
13 Желтоқсан, 2023
Ілияс Жансүгіровтің бұрын-соңды ешкімнің қолына түспеген кітабы табылды
Алматы қаласының тұрғыны, кинорежиссер Ербол Бораншаұлының жеке кітапханасынан Ілияс Жансүгіровтің төте жазумен жазылған «Өтірік» атты өлеңдер жинағы табылған. 1927 жылы Мәскеу баспасынан шыққан кітап Ілияс Жансүгіров атындағы облыстық әдеби мұражайға өткізілген. Сүйінші хабарды мұражай меңгерушісі Нұргүл Жауынбаева І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Жансүгіров оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясында мәлім қылды. Айтуынша, бұл – бұрын-соңды ешкімнің қолына түспеген түпнұсқа кітап, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Желтоқсан, 2023
Қанша градус аязда сабақ тоқтатылуы керек?
Қылышын сүйретіп қыс жеткенде күн райының қандай боларын болжап білу мүмкін емес. Ауа температурасы аязды болып, қыс қысқанда үлкендердің өзі сыртқа шығуға тайсақтап тұрады. Сол себепті қысы қатты өңірлерде сабақтар жиі тоқтатылып жатады. Мектеп оқушылары мен колледж студенттері қанша градус аязда оқу орнына бармаса болады? Бүгін мектепке, колледжге барудың қажеті бар ма, жоқ па деп күн сайын көңілінде күдік ұялайтындар үшін сауалдың ресми реттелген тәртіптік жүйесіне түсінік береміз.
13 Желтоқсан, 2023
Аграрлық орталыққа айналамыз десек...
Президент Қ.Тоқаев биылғы Жолдауында елдің экономикалық дамуына басымдық беріп, оның ішінде инвестиция көлемін арттыру, мемлекеттік тапсырыс жүйесін ретке келтіру, корпоративті секторға несие беру мәселелерін шешу, отандық аграрлық саланы дамытуды қолға алуды тапсырған еді.
13 Желтоқсан, 2023
Балаларға арналған контент қалай талданады?
COVID-19 пандемиясы қоғамның көп саласына әсер еткені секілді балалардың медианы тұтыну үлгілеріне де біраз ықпалын тигізгені сөзсіз. Сол себепті 2020 жылдан кейін әлемде осы саладағы зерттеулер көбейген.
13 Желтоқсан, 2023
«Қазақ тілі» қорына – 100 миллион теңге
«Kusto Group» компаниясының басшылығы «Qazaq tili endowment qory» қазақ тілін қолдау эндаумент-қорына 100 миллион теңге көлемінде жарна аударылғаны туралы мәлімдеді.
13 Желтоқсан, 2023
Коммуналдық сала өкілдерінің сыналар шағы басталды. Атырауда ауа температурасы күрт төмендеп еді, сумен қамту мәселесінен ши шыға жаздады. Дәлірек айтқанда, тұрғындар бір тәулікке жуық сусыз отырды.
13 Желтоқсан, 2023
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде сутегі газын алудың экологиялық тәсілдерін анықтау бойынша іргелі зерттеулер жүргізіліп жатыр. Зерттеулерге қарағанда, сутегі газын өндіру атмосфераға көп мөлшерде зиянды заттар шығарады. Ал жергілікті ғалымдар жасап шыққан материалдар әртүрлі улы заттардың фотокаталитикалық ыдырауын жүзеге асырады және еліміздегі зауыттар мен фабрикалар шығаратын ағынды суларды тазартады.
13 Желтоқсан, 2023
15 желтоқсанда Астанадағы Beeline Arena кешенінде кәсіпқой бокстан «IBA-ның чемпиондар түні» деп аталатын халықаралық турнир өтеді. Бұл жарыста қазақтың жуан жұдырықты жігіттерімен қатар, алыс-жақын шет мемлекеттерден келген бірқатар танымал былғары қолғап шеберлері өнер көрсетеді.
13 Желтоқсан, 2023
Жас ұрпақ ұлттық құндылықтарды бойына мейлінше мол сіңірген адал да арлы, саналы да парасатты азамат болуы керек-ақ. Бірақ сол тәрбиенің тінін қалай бекітеміз деген сауал бүгінде ел ертеңін ойлайтын адамның бәрін толғандырып жүргендігі хақ. Мысал іздеп төңіректі шоламыз. Жылт еткен жаңалық болса құба-құп. «Жүрген аяққа жүргем ілігеді» демекші, қияндағы Жақсы ауданының Белағаш ауылында жан сүйсінтерлік жақсы іс бар деп естідік.
12 Желтоқсан, 2023
Қысқамерзімді кәсіптік оқыту арқылы мамандықты ауыстыруға болады. Қарағанды облысында 571 адам кәсіптік білім алуға жіберілген. Оның көпшілігі жаңа мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, жұмысқа да орналасқан.
12 Желтоқсан, 2023
Бейсетай Дәуренбековтің Іле өзеніне батқан 12 оқушыны құтқарған оқиғаға жарты ғасыр өтіпті... Даңқты батырымызбен 2014 жылдың күзінде «Қазақстан» телеарнасының түсірілімі («Жаныңда жүр жақсы адам») барысында танысқанбыз. Сұңғақ бойлы, шымыр денелі, ширақ жүрісті салиқалы ақсақалдың сол тұста 77 жасқа бет бұрған шағы. «От ішінде туған оттан қорықпайды» дегендей, Бейсетай Дәуренбековтің теңдессіз ерлігін оның арнасы адуынды Іленің жағасында туып-өскеніне балауға да болатын шығар?
12 Желтоқсан, 2023
«Қазақ газеттеріне» жазылайық!
Алаштың айтулы күні ұлт зиялылары аманатын жеткізгелі отырмыз. Биыл жарық көргеніне 110 жыл толып отырған, ұлт көсемдері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бастап шығарған «Қазақ» газеті 8 мыңнан астам данамен байтақ елдің бар түкпіріне, Петербург, Мәскеу, Уфа, Қазан, Том, Орынбор қалаларына, тіпті Шығыс Түркістанға (Қытай қазақтарына) дейін тарағаны мәлім. Сол кездегі халық саны мен сауаттылығына шаққанда һәм қатынас құралдарының тапшылығын ескергенде, бұл – ең әуелі жанкешті еңбек әрі ел болуға ұмтылудың жарқын көрінісі болды.
12 Желтоқсан, 2023
Жаңа жылдан бастап барлық балаға ақша аударыла бастайды
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қордан 18 жасқа толмаған барлық балаға бірдей сомада қаржы аударыла бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Желтоқсан, 2023
Аязда оталмай қалған көлікті қалай іске қосу керек?
Еліміздің барлық өңірінде қыс қысып, аяз күшіне мініп тұр. Сақылдаған аяз тек адамдардың ширақ қимылдауына ғана емес, көліктердің де оңай оталуына көп кедергі. Қыс мезгілі жеткенде жер-жерден автокөліктердің өртке оранғанын көріп, естіп жатамыз. Мәселен, Арқаның аязы арқаға батқан желтоқсанның алғашқы екі аптасында Астанада 11 көлік өртеніп кеткен. Қақаған қыста көліктердің жанып кетуі ең алдымен автомашина құрылғыларының мезгілге сай бапталмағанын болады.
12 Желтоқсан, 2023
Қарағанды металлургиялық комбинатының жаңа иесіне қатаң талап қойылады
Мемлекет басшысы Қарағанды металлургиялық комбинатын отандық компанияның меншігіне беру мәселесі сәтті шешілгенін, жұмыстың бастапқы кезеңінде компанияға көмектесу – Үкіметтің ендігі міндеті екенін, содан кейін кәсіпорынның жаңа иесіне қатаң талап қойылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Желтоқсан, 2023
Президент цифрлық платформа құрудың тым созылып кеткенін ескертті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының биылғы жылғы иегерлерін марапаттау рәсімінде отандық бизнестің дамуына кесірін тигізбес үшін негізсіз тексеру мен заңсыз қудалаудан қорғау жөнінде тапсырма бергенін еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
12 Желтоқсан, 2023