Редакция таңдауы
Инвесторлар келесі жылдан бастап үш жылға салықтан босатылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде инвесторлар келесі жылдан бастап үш жылға салықтан босатылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Желтоқсан, 2023
«Рекордтық көрсеткіш». Өңдеу өнеркәсібінің экспорты 26 миллиард доллардан асты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Желтоқсан, 2023
Қазақстанда ҰБТ тапсыру ережелері өзгереді
Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткені туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Желтоқсан, 2023
Ауыл баласы қайтсе сапалы білім алады?
Қолданыстағы «Білім туралы» Заңда еліміздегі барлық баланың тұрған жеріне, жағдайына қарамастан, сапалы орта білім алуға құқылы екені анық жазылған. Бірақ «Ауыл баласы мұндай мүмкіндікке ие ме?» деген сұрақ туындайды. Себебі шалғай елді мекендегі білім ошақтарының материалдық-техникалық базасының деңгейі қала мектебінен әлдеқайда төмен екені ақиқат. Ауылда кадрдың тапшы екені де белгілі. Қайтпек керек? Қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасы мен мүмкіндіктер теңсіздігін қалай жоямыз?
12 Желтоқсан, 2023
Жетісуда ауыл шаруашылығы саласында субсидия беру кезінде қателік көп кездеседі. Мәселен, шағын және орта бизнес өкілдерінің техника алуға сұранысын басқарма бірнеше рет кері қайтарған. Тек антикордың араласуымен ғана мәселе шешілген. Өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасы ескірген техникалар туралы мәлімет беруден қашқақтап отыр. Одан бөлек, мемлекеттік сатып алу ісінде де сыбайлас жемқорлық меңдеп тұр.
12 Желтоқсан, 2023
Корпоративтік басқару игілігін қашан көреміз?
Астанада қаржыгерлер жиналып, корпоративті басқару және осы бағытта туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді талқыға салды. Қатысушылар әр алуан пікір айтты, соның ішінде көбінің бір арнада тоғысқан көзқарасы – салаға жаңа стандарттарды енгізу жайы. Онсыз алға жылжу, бизнесті өркендету, өсімді арттыру күн санап қиындай бермек. Әрине, халықаралық тәжірибені дер кезінде ескеріп, жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп отыру да маңызды.
12 Желтоқсан, 2023
Елімізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізілетін болды. Бұған дейін ғалымдар мен сарапшылардың қызу талқысында болған уақыт мәселесі Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен дөңгелек үстелде жан-жақты талқыланып, оның пайдалы тұстары айтылды.
12 Желтоқсан, 2023
Қызылшадан вакцина ғана құтқарады
Қазан айынан бері елдің барлық аймағында жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған науқас көбейген. Жыл сайын қыс қаһарына мінгенге дейін жұқпалы аурулар біраз әбігерге салатыны бар. Сол секілді биыл қызылшамен ауырған бала көп. Дәрігерлер күзде балалардың басым көпшілігі қызылшаға қарсы вакцина салмағаннан ауырғанын айтып, ескертті. Содан елемеген ауру азуын батырды. Біз Астанадағы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына барғанда жағдайдың мәз емес екенін түсіндік.
12 Желтоқсан, 2023
Талай тағдырды талқандаған «Тәркілеу»
Түркістан облыстық саяси тарих архивінен «тәркілеу» санаты бойынша кәмпескеге іліккен 85 байдың жеке парағы табылды. Тәркілеуге ұшырағандардың тізімін жасау барысында олардың жеке парақтары бір күнде, дәлірек айтқанда, 1928 жылғы 10 тамызда толтырылғандығын көрдік. Тізім «Конфискация туралы» декреттің 1 және 4-тармақтарына сәйкес жасалған. Ақталмаған 85 құрбанның 77-сі 1-топтағы байлар болса, сегізі 2-топтағы байлар.
12 Желтоқсан, 2023
Арқаға келіп жеткен алғашқы аязда Екібастұздың жылу-энергиясы орталығы тағы сыр берді. Стансаның су жылыту агрегаттарындағы күлді шаюға арналған су құбырына зақым келіп, екінші цехтағы багер сорғысы су астында қалған. Салдарынан жылу параметрлері төмендеп, шаһар халқы үйлерінің салқындап кеткеніне шағымданды.
11 Желтоқсан, 2023
«Есімі ел жүрегінде сақталған ер бақытты» дейді дана халқымыз. Өнегелі өмірі көпке үлгі болатын, өлшеусіз еңбегімен, ақыл-парасатымен қалың жұртшылықтың құрметіне бөленген адамдар жергілікті жерлерде де аз емес. Алайда «олар лайықты ұлықталып жүр ме, өскелең ұрпақ біле ме?» деген сұрақ қойылса, мәдени, рухани салаларға жауапты басшылар мен мамандар не деп жауап берерін білмейді. Көбіне есімі бұрыннан белгілі батырлар мен мемлекеттік марапатқа ие болған тұлғаларды ұлықтап, өңірдің өркендеуіне үлес қосып, игілікті істерімен көш басынан көріне білген майталман еңбеккерлер көзден таса қалып жататыны өкінішті. Солардың бірі Шәмшия Кұлмұрзина апамыз – қай жағынан болсын мақтауға лайық жан.
11 Желтоқсан, 2023
Ұлттық бұйымдарды жаңғыртқан ұстаз
Әйтеке би ауданы Ақкөл ауылындағы Абай атындағы орта мектептің мұғалімі Темірхан Сағындықов – ағаш пен темірден түрлі ұлттық бұйымдар жасап жүрген нағыз шебер. Ертедегі ауыл ұсталарының кәсібін жаңғыртып қана қоймай, оны қазіргі заманға бейімдеп жүрген еңбекқор жан ауылдастарының үйінде сақталған ескі кебеже, сандықтарды қайта жөндеп шығады. Ол Абай мектебінде 1989 жылдан бері алғашқы әскери даярлық және дене шынықтыру пәндерінен сабақ беріп келеді. Әскери шені – запастағы аға лейтенант. Ескі дүниені жаңартуға әуесқойлықпен барғанын жасырмайды.
11 Желтоқсан, 2023
Кенесары ханды, Наурызбайды мадақтайтын «Батыр Науан» атты поэма жазып, кейін осы шығармасы үшін қуғын көрген ақын Қалижан Бекхожиннің өмірі күреске толы.
11 Желтоқсан, 2023
Қостанайдағы жарылысқа қатысты тың деректер белгілі болды
11 қарашада шамамен 12:36-да Қостанай қаласына қарасты Амангелді елді мекенінде «КамазЦентр» мекемесі жалға алып отырған жүк көліктерін жөндеу бекетінде газ жарылып, ауданы 280 шаршы метрлік ғимараттың ішіндегі дүниенің бәрі қирап, құлаған. Жарылыс кезінде ғимарат ішінде болған адамдардың біразы қиранды астында қалған, деп жазады Egemen.kz.
11 Желтоқсан, 2023
Шавкат Рахмонов – UFC Countdown аңдатпасына түскен тұңғыш қазақ спортшысы
Аралас жекпе-жекте жеңіліске ұшырамаған қазақ спортшысы Шавкат Рахмонов әлемдегі ең таңдаулы промоутерлік ұйым UFC-дегі кезекті айқасын Тәуелсіздік күні өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Желтоқсан, 2023
Синоптиктер аяз қашан басылатынын айтты
Жаңа апта аязды ауа райымен басталды. Мұндай ауа температурасы алдағы үш күнде Қазақстаның бірнеше облысында сақталады. Десе де, сары аяздың салқыны 14 желтоқсаннан бастап бәсеңдейді, деп жазады Egemen.kz.
11 Желтоқсан, 2023
Қостанайда қиранды астынан 3 адам шығарылды
Бүгін сағат 12:36-да Қостанай қаласындағы Амангелді елді мекенінде газ жарылып, 7 адам қиранды астында қалған еді. Құтқарушылар 3 адамды үйінді астынан алып шықты, деп жазады Egemen.kz.
11 Желтоқсан, 2023
Қостанайда газ жарылып, 7 адам қиранды астында қалды
Бүгін сағат шамамен 12:36-да Қостанай қаласындағы Амангелді елді мекенінде газ жарылып, бір қабатты ғимараттың төбесі опырылып жерге түсті, деп жазады Egemen.kz.
11 Желтоқсан, 2023
«1 сағат кері шегеріледі». Депутат бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің тиімділігін айтты
Келесі жылдан бастап елімізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі. Ұзақ талқылау мен зерттеудің нәтижесінен кейін мамандар осындай шешім қабылдаудың тиімді екенін айтып отыр. Бізде қазір екі уақыт белдеуі бойынша бағамдалады. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында басқа облыстарға қарағанда 1 сағат уақытқа артта. Келесі жылдан бастап Қазақстанның барлық аймағында бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі. Яғни Батыс аймақтағы төрт облыс және Қызылорда облысы секілді 12 облыста да сағат тілі 60 минутқа кері шегеріледі. Бұл қаншалықты тиімді болмақ? Мәжіліс депутаты Еркін Әбілден сұрап, тілдестік.
11 Желтоқсан, 2023
Қазіргі кезде Ақтөбе облысында қызылшамен науқастанған 207 адам ауруханаларға жатқызылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының соңғы дерегі бойынша жұқпалы дерттің осы түріне шалдыққандардың 36-сы – ересек адамдар, 189-ы – негізінен 3 жасқа дейінгі сәбилер.
11 Желтоқсан, 2023