Редакция таңдауы
Алматы облысында балық шаруашылығын дамыту мақсатында Іле ауданы Байсерке ауылдық округіне қарасты «Asanov Club» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бекіре балықтарының аса құнды түрлерін, атап айтсақ, құртпа, қарыш және сібір бекіресін алып келді. Құны қымбат балықтың бұл түрін Қарағанды облысындағы бекіре өсіру зауытынан алдырған. Игілікті шараға Балқаш – Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының орынбасары Нұрболат Наржанов, Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айдар Мағзұмов арнайы қатысты.
27 Қыркүйек, 2023
Көші-қон саясаты – үнемі ел қаперінде. Ішкі-сыртқы қоныс аударушылардың әлеуметтік әл-ахуалын жақсарту қашанда назардан тыс қалмайтын маңызды сала екені белгілі. Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасы аясында кейінгі 11 жылда алғаш рет көші-қонның оң үрдісі қалыптасқанын жеткізді.
27 Қыркүйек, 2023
2001 жылдың қоңыр күзі. Қобда беті қазақтары арасынан шыққан тарихи тұлға – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Моңғол елінің өкілдерімен бірге Сталиннің қабылдауында болған, 1960 жылдары қытай көсемі Мао Цзэдунмен дастарқан басында жолығып, дәм татысқан Қашқынбай Мәлікұлы туралы дерек жинап жүрдім. Сол тұста Қашекеңнің туған күйеу баласы, бұрынғы мемлекеттік қауіпсіздік саласының ардагері Тоқталхан Нұғыманұлы Теміртау қаласында тұрып жатыр дегенді құлағымыз шалды.
27 Қыркүйек, 2023
«Алматы ғана емес». Қай өңірлерде жер сілкіну қаупі бар?
Мәжілістің экология және табиғи ресурстарды басқару комитетінің кеңейтілген отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қазақстандағы жер сілкіну қаупі бар аймақтарды атады, деп жазады Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2023
Биыл қант бағасы қымбаттамайды - Сауда министрі
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елдегі қант тапшылығы мен оның бағасына қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2023
Азиада-2023: Қоржынымыз тағы бір қоламен толықты
Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына кезекті медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2023
Азиада-2023: Алғашқы алтынды қыздардан көрдік
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында еліміздің спортшылары алғашқы алтын медальді иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2023
Екібастұзда жылу құбыры қыста тағы қатып қалмай ма?
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұздың алдағы жылу маусымына дайындығын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Қыркүйек, 2023
Еңбек нарығында әлеуметтік-экономикалық ахуалға, сұранысқа, заман талабына қарай өзгерістер болатыны сөзсіз. Егер жаңашылдықтың пайдасы көл-көсір болса, біз соған мейлінше бейімделіп, қолдау көрсетуіміз қажет.
27 Қыркүйек, 2023
Шығынға батқандар қолдаусыз қалмайды
Өңірге Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен келіп, жергілікті агроқұрылым басшыларымен жүздесті. Кездесу барысында министр шаруалар қойған сауалдарға жауап берді.
27 Қыркүйек, 2023
Атырау мұнай өңдеу зауытында күрделі жөндеу жүріп жатыр. Ал Шымкент мұнай өңдеу зауытында жылу алмастырғыш істен шыққан. Енді АИ-95 маркілі бензин Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Павлодар мұнай-химия зауытында өндіріледі.
27 Қыркүйек, 2023
Халықтың саулығы, табиғаттың тазалығы маңызды
Кеше Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелері қаралып, сондай-ақ елдегі стихиялы қоқыстарды жою шаралары талқыланды.
27 Қыркүйек, 2023
Жылыту маусымы: Дайындық жүйелі емес
Алдағы қыс жаңа өңір үшін екінші жылыту маусымы болмақ. Екібастұздағы жағдайды ескере отырып, облыстық бюджет есебінен жылумен жабдықтау көздеріне 1,4 млрд теңге бөлінген. Әйткенмен мердігер салғырттығы салдарынан һәм бөлінген қаржы тиісті жерге жетпегендіктен, ағымдағы жұмыстар әлі басталмаған. Ал далада қара күздің салқыны сезіліп тұр. Халықтың көңілі алаң.
27 Қыркүйек, 2023
Сақылдаған сары аязды қарсы алуға дайындық жұмыстары Солтүстік өңірде жаз бойы жүргізіледі. Синоптиктердің айтуына қарағанда, қазіргі күн мизамшуақ, мамыражай болып тұрғанымен, осы айдың аяғынан бастап суытады. Суық күннен деміңді ішіңе тартып, күшене беретіндіктен, «күшеншек айы» аталған қазан күшіне мінеді.
27 Қыркүйек, 2023
Өңірде әр нәрсені сылтау етіп алимент борышын төлеуден жалтарып жүргендердің қатары азаймай тұр. Олардың мойнындағы қарыз көлемі 500 млн теңгеден асып кеткен.
27 Қыркүйек, 2023
Шикізат өндірудегі келелі ұсыныс
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы мемлекеттің стратегиялық даму жоспарларын халыққа ашық жариялауымен ғана емес, оның орындалу технологиясын мәлімдеуімен де құнды. Жолдау ел ішіндегі ұзақ уақыт бойы тұралап қалған мәселелерді де қамтыды. Бүгінде металлургия және кен байыту, геология, минерология салаларында еңбек етіп жүрген азаматтар Жолдауда айтылған маңызды тақырыптың мәнін ашып, алдағы бағыт-бағдарларын талқылап жатыр.
26 Қыркүйек, 2023
Тобылжан ауылында тұз өндірісінің тамырына қайта қан жүгіре бастады. «Қазтұз» ЖШС Кіші Тобылжан көліндегі тұз тиеу жұмыстарын бастап, өндірісті іске қосуды қолға алды. Келешекте мұнда табиғи өнімді қайта өңдейтін цех пайда болуы ықтимал.
26 Қыркүйек, 2023
Генетикаға арналған оқу құралы
Абай университетінің ғалымдары генетика саласына электронды оқу құралын әзірлеп шықты. Кейде бір ақпаратты іздесек, интернетке бірден орысша жазып іздейтініміз бар. Әсіресе бұл жағдай студенттерге жақсы таныс.
26 Қыркүйек, 2023
Түрмеде де түрлі кәсіп игеруге болады
Түрмеде жазасын өтеп жатқандар да кәсіпорында жұмыс істеп, жалақы алады. Қазір тіпті, колледжде оқып, арнайы мамандықты да игереді. Жақында Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №30 мекемесінде шағын және орта бизнес өкілдері үшін ашық есік күні өтті. Іс-шара мекеменің кәсіпорын аумағындағы өндірістік әлеуетті арттыруды көздейді. Сол арқылы сотталғандарды еңбекпен қамту мәселесі ойластырылған.
26 Қыркүйек, 2023
Астанадағы ұлттық академиялық кітапханада Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда «Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының қолдауымен шыққан кітапқа байланысты мәслихатты Сенат депутаты, белгілі журналист Нұртөре Жүсіп жүргізді.
26 Қыркүйек, 2023