Редакция таңдауы
Еркін күрес: Алғашқы медаль бұйырды
Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Қыркүйек, 2023
«Келешектің» ертеңі не болмақ?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды. Осыған орай ата-аналар тарапынан қойылатын сұрақ көбейді. Себебі бұған дейін «Aqyl» білім депозитіне баласының болашақта білім алуына қаржы жинақтап жүргендер екіжақты ойға қалғандай. Қос депозиттің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Қайсысы тиімді? Екі бірдей білім депозиті не үшін керек?
18 Қыркүйек, 2023
Сақтандыру саласындағы өзгерістер
Елімізде алғаш рет сақтандыру форумы өткізілді. Форум «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ның 20 жылдығына арналған. Форумға 11 сақтандыру төлемдеріне кепілдік берудің халықаралық жүйесінің (Канада, Германия, Испания, Малайзия, Тайвань, Индонезия, Кения, Сингапур, Армения, Румыния, Эстония) өкілдері, халықаралық сарапшылар және сақтандыру нарығының өкілдері қатысты.
18 Қыркүйек, 2023
KASE+AIX=... Қос биржаны қосқаннан не өзгереді?
Елімізде екі бірдей қор биржасы (KASE және AIX) жұмыс істейді және олар көп жағдайда бір-бірін қайталайды. Өзара бәсекеге түсетін кездері де жоқ емес. Бұл отандық қаржы жүйесіне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Ішкі нарықтың көлемі мен тартымдылығын арттыру үшін екеуін біріктіріп, бірыңғай басқаруға көшірген жөн болмақ. Мұндай жаңашылдыққа қаржы нарығы қалай қарайды? Бір-бірінен табиғаты бөлек секілденетін қос биржаның қосылуы нендей өзгеріс туғызбақ?
18 Қыркүйек, 2023
Кейінгі жылдары елімізде кітап жәрмеңкесі жиі өтіп жүр. Қазақ баспалары ерекше қарқын алып, кітап саудасында бой көрсете бастады. Әсіресе қазақтілді оқырманның қазақтілді кітап нарығындағы белсенділігі де артып келеді. Жылда ұйымдастырылатын кітап жәрмеңкелері дәстүрге айналып, кітап мерекесі деген ұғым қалыптастырды. Бұл, әрине, бұрнағы кезеңдегі жәрмеңкесіз жылдарға қарағанда едәуір нәтиже.
18 Қыркүйек, 2023
Сербияның астанасы – Белградта күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Бұл жарыста түрлі-түсті медальдардан бөлек, 18 олимпиадалық салмақ дәрежесі бойынша 90 жолдама сарапқа салынады. Яғни 2024 жылы Парижде алауы тұтанатын ғаламдық додаға қатысуды мақсат тұтқан балуандар дәл осы байрақты бәсекеде алғашқы бестіктен көрінуге тиіс.
18 Қыркүйек, 2023
Қаржы қызметін кеңейту талқыланды
АҚШ-қа жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Citigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ақпаратына сілтеме жасап.
17 Қыркүйек, 2023
Қоғамда аста-төк ысырапшылдық белең алып барады. Бұл бүгінгі жастардың немесе көзқарасы бекімеген балалардың өмірлік ұстанымына кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Кез келген нәрсенің сұрауы бар. Сондықтан әр отбасында үнемділікке мән берілуі керек.
17 Қыркүйек, 2023
Облыс орталығының іргесіндегі Қазақстан ауылына баратын тас жолдың қамшылар жақ бетінде Уәли ханның мазары тұр. Еңселі мазар көз ұшынан көрінеді. Әр жағында Қарақалпақ тауы. Кесене 2008 жылы Уәли ханның туғанына 270 жыл толуына орай қайта жаңғыртылған. Жалпы аумағы 1 920 шаршы метр. Биіктігі сегіз метр шамасында. Мазар қызыл кірпіштен төрт бұрыштап салынған. Төрт жақ ірге сары кірпіш және жарты ай бейнесіндегі шақпақ таспен өрілген.
17 Қыркүйек, 2023
«Жасыл» энергетика: кімнің бәсі жоғары?
Бұған дейін Батыс елдері Қытайды климаттың өзгеруімен күресуге жеткілікті деңгейде көңіл бөлмей келе жатқанын айтып дабыл қағатын. Енді, Бейжің билігі «жасыл» технология саласында жетекші елге айналғанына алаңдаулы.
17 Қыркүйек, 2023
Жетісуда күн электр стансасы салынады
Жетісу дербес облыс болғаннан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге инвестор тартуды тапсырған еді. Қазір облыста осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, күні кеше израильдік компания Жетісуда күн электр стансасын салуға ниет білдірді.
17 Қыркүйек, 2023
Ел астанасында көрнекті жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті. Қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған көрмеден басталған іс-шаралар легі дөңгелек үстел басындағы рухани жиынға ұласты. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханада өткен «Шолпандай таң алдында туып батты» атты конференцияға мәдениет пен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен қарапайым оқырман қауым қатысты.
17 Қыркүйек, 2023
Каспий теңізінің жағалауына таяу маңда жыл сайын шілде, тамызда лотос гүлдейді. Ерекше тропикалық гүлдің кез келген жерде өсіп-өнбейтінін білетін қауым жолы түссе, сол гүлді арнайы барып тамашалайды.
17 Қыркүйек, 2023
Ұлттық тележобалар таныстырылымы
Астанада «Қазақстан» телерадиокорпорациясының жаңа маусымдағы жобаларының таныстырылымы өтті. Іс-шараға Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, телевизия ардагерлері, БАҚ жетекшілері мен журналистер қатысты.
17 Қыркүйек, 2023
Президенттің АҚШ-қа жұмыс сапары басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
17 Қыркүйек, 2023
Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні кілемге шыққан балуандарымыздың арасынан Дастанбек Өсімжан (61 келі) мен Азамат Дәулетбеков (86 келі) қола медаль үшін күресті жалғастырады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Қыркүйек, 2023
Жылыту маусымына әзірлік пысықталды – Үкімет
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір әкімі Ермек Көшербаевпен бірге Өскемен және Риддер ЖЭО-ларында болып, жаңа жылыту маусымына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Қыркүйек, 2023
«Ауыл аманаты»: Ауыл тұрғындарына 7,5 мыңға жуық шағын несие берілді
Үкімет Президенттің ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тапсырмасын белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бұл мақсатта «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылып отыр, оның шеңберінде ауыл тұрғындарына жылдық 2,5%-бен 5-7 жыл мерзімге шағын несие беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Қыркүйек, 2023
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Қыркүйек, 2023