Редакция таңдауы
Атыраудағы тарихи-өлкетану музейінде ел тарихына қатысты құнды деректер де, сирек кездесетін жәдігерлер де аз емес. Музейде іскерлігімен, шығармашылығымен, өнерімен дүйім жұртқа танылған қайраткерлердің тұтынған заттары да бар.
04 Шілде, 2023
Жақында ғана Сырда Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетінің филиалы ашылатынын хабарлаған едік. Бүгінде СеулТех пен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті арасындағы «Халықаралық ынтымақтастық бойынша жетекші университеттік жоба» жүзеге асырыла бастады. Алда жергілікті оқу ордасында жасанды интеллект мектебі құрылып, мамандар даярланады.
04 Шілде, 2023
Журналистер саябағындағы марапат
Астанада Журналистер саябағы ашылғаннан кейін сән-салтанаты келіскен алаңда іле-шала алғашқы іс-шара да өтіп үлгерді. Атап айтқанда, «Қазақ газеттері» ЖШС қызметкерлеріне кәсіби мереке – БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында тағайындалған марапаттарды табыстау салтанаты өтті.
04 Шілде, 2023
«Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды
«Тұмар-2023» Ұлттық телевизиялық сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды. Биыл бұл ұлттық бәйгеге 7 жыл толып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Шілде, 2023
Қазақстанда күріш қымбаттай ма?
Бұл сұраққа Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Шілде, 2023
ШЫҰ-ға мүше елдер мемлекеттер басшыларының келесі саммиті Астанада өтеді
Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында сөз сөйлеп, елдер арасында энергетикалық ынтымақтастықты нығайту маңызы жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Шілде, 2023
Президент: ШЫҰ – ауқымды мәселелерді қарастыратын бірегей ұйым
Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық беделі жоғары екенін назарға алып, бүгінде табысты әрі көпжақты ұйымға айналғанын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Шілде, 2023
Егемен Қазақстан көшесінің бойында Журналистер саябағы ашылды
Астананың 25 жылдық мерейтойына орай Журналистер саябағы ашылды. Саябақ Егемен Қазақстан көшесінің бойында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Шілде, 2023
Сауданы ұлғайтудың мүмкіндіктері
Варшавада өткен Қазақстан-Польша экономикалық форумы алаңында екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстың жай-жапсары кеңінен талқыланды. Былтыр өзара тауар айналымы 1,4 млрд доллар болған. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішінен 79,2%-ға (0,8 млрд долларға) жоғары. Қазақстаннан Польшаға экспорт 2022 жылы 99,4%-ға өсіп, 770,8 млн долларды құраса, Польшадан елімізге импорт 2022 жылы 58,2%-ға өсіп, 587,5 млн долларға жеткен.
04 Шілде, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында ұлт саулығы жақсы болса ғана қоғам орнықты дамитындығына назар аудара келіп: «Мен келесі жылдан бастап ұлттық жобаны жүзеге асыруды тапсырдым. Бұл құжат, ең алдымен, ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға арналған. Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды», деді.
04 Шілде, 2023
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Түркістандағы ІІ Құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Біз ел болып еңбек адамын қадірлей білуіміз керек. Қажетсіз мамандық болмайды, біліксіз маман болады. Ерінбек еңбек еткен жан өз ісінің майталманы атанады. Ал кәсібін толық меңгерген адам қашанда сұранысқа ие. Біз еңбек адамының мәртебесін көтеруге баса мән береміз», деп атап өтті. Қазірде еліміз көлемінде қарқынды жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына қажетті тауар түрлерін шығаруды дұрыс жолға қойып, жаңа тетіктерді, нәтижелі механизмдерді өндіріске батыл енгізудің арқасында сала жұмысын қарыштап алға бастырып отырған кәсіпорындар баршылық. Құрамында мыңға тарта жұмысшы еңбек ететін, өңірдегі өнеркәсіптің көшбасшысы саналатын Алматы көпір құрылымдары зауыты – солардың бірегейі.
04 Шілде, 2023
Ұлытауда байыпталған ұлттық құндылықтар
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлытау облысының мәслихат депутаттары, ақсақалдары, жастары өкілдерімен кездесті. Кездесу кезінде Мемлекет басшысы тапсырмаларының өңірде орындалу барысы, Сенат пен мәслихаттың өзара іс-қимылының жаңа форматы, ақсақалдарды қоғам институтының дамыту мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі рөлі кеңінен сөз болды.
04 Шілде, 2023
Президент апаттардың себебін анықтау үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Шілде, 2023
Талай дарынды жасты шыңдап, тұсауын кескен «Аялаған Астана» байқауының жеңімпаз, жүлдегерлері елорда төрінде бас қосып, Астана қаласының 25 жылдығына арналған гала-концертте өнер көрсетті. Биыл байқаудың 10 жылдығы елорданың мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан қала әкімдігінің қолдауымен өткен кеште жас әншілер тартынып қалмады.
03 Шілде, 2023
Қазақстан – Қытай: Өңірлер арасындағы келісім
Жетісу мен Қытай Халық Республикасының Іле Қазақ автономиялық облысы арасындағы әріптестік байланыс жанданып келеді. Өңір басшысының Қытайға сапары екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайта түскені белгілі. Енді қытайлық делегация жер жаннатына келіп, өнеркәсіпті өркендетуге бағытталған бірнеше келісімшартқа қол қойды.
03 Шілде, 2023
Төскейі төрт түлікке толы жайлау
Теңіз деңгейінен шамамен екі жарым мың метрге жуық биіктіктегі Іле Алатауының шығыс сілемінде жатқан атақты Асы жайлауын Еңбекшіқазақ ауданының малшылары жайлайды. Шөбі шүйгін, топырағы құнарлы жайлау төрінде 500-ден астам шаруа қожалығының малдары жайылып, қоң жинайды. Жыл сайын жайлау төсін дүбірлеткен малшылар слетінің карантин уақытында жібі үзіліп қалған еді. Биыл дәстүрлі шара қайта жаңғырып, Асыда ауылшаруашылық еңбеккерлері мен кәсіпкерлердің форумы ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, ауыл шаруашылығына қолайлы өңірдегі төрт түлік малдың 65 пайызы 133 жайлауда жайылады.
03 Шілде, 2023
Жаңбырдың аз түсуінен болса керек, соңғы жылдары Шығыс Қазақстанның бірқатар өңірінде шөп селдір. Малмен жан баққан ауыл тұрғындары алты ай қыстан төрт түлігін қалай алып шығарамыз деп алаңдайды. Әсіресе мамырға дейін қар жамылып жататын Марқакөл, Катонқарағай өңірлері үшін қиын. Ауыл шаруашылығы мамандары да жоспардағы жемшөпті жинай алу-алмауын дөп басып айтпады.
03 Шілде, 2023
Түркістан музыкалық драма театрының үздік қойылымдары Арқа төрінде апта бойы салтанат құрады. Елордамыздың 25 жылдық мерейтойы һәм Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған гастрольдік сапарында еліміздегі ең жас театр таңдаулы спектакльдерін бас шаһардың талғампаз көрермендеріне тарту етеді.
03 Шілде, 2023
Үкімет есірткі бизнесіне қарсы кешенді жоспарды қабылдады
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram-парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Шілде, 2023
Ұлттық статистика бюросы ел азаматтарының саны туралы нақтыланған мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Шілде, 2023