Редакция таңдауы
Президент Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді ұсынды
Мемлекет басшысы аймақтағы климат және өзге де мәселелерді талқылау үшін 2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Маусым, 2023
Қазақстанда бизнес жүргізу үшін барынша жағдай жасаймыз - Мемлекет басшысы
Бұл туралы Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Маусым, 2023
Президент Астана халықаралық форумының негізгі миссиясын атады
Астанада Президенттің қатысуымен халықаралық форум басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл форумның негізгі миссиясына тоқталып, оның маңызын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Маусым, 2023
Антикор Әлтаевтың не үшін қамауға алынғанын түсіндірді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша экс-вице-министр Н.Б. Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Маусым, 2023
Тоқаев Көлгіновты қызметінен босатты
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Маусым, 2023
Елордада судың қысымы неге төмен?
Көктем шыққалы Астана қаласының тұрғындары ауыз су тапшылығына алаңдай бастады. Мұның сыры белгілі. Қала шетіндегі жеке секторларға, шағын бақша өсіріп отырғандарға, құрылысқа және басқа да шаруаға су молынан қажет. Мейлі, бірақ қысымның аздығына қарамай, суды орынды-орынсыз пайдаланатындар бар. Көктемде қала әкімдігі 2019 жылы басталған жобалардың алғашқы кезеңі аяқталып, судың қысымы жазда реттелетінін хабарлаған-ды. Сонымен қала халқы су тапшылығынан қашан құтылады?
08 Маусым, 2023
ЕАДБ: Өсім факторы – өзгерістерге бейімделу
Алдағы жылы еліміздің ІЖӨ өсімі 4,4% деңгейінде болжанып отыр. Экономиканы әртараптандыру жөніндегі мемлекеттік бастамалар, мақсатты инвестициялар, сондай-ақ өндірістік қуаттарды кеңейту сыртқы ортаның қолайсыз әсерін өтейді.
08 Маусым, 2023
Осыдан біраз бұрын ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуда және ауылдық жерлерді тұрақты дамытуға арналған «Ауыл – ел бесігі» жобасы іске қосылғаны бар. Аталған жобада жаңа жұмыс орындарын ашып, балабақша, мектеп, аурухана, жол, газ, су сынды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қамтылуы, сонымен қатар орта және шағын бизнесті дамыту үшін бірқатар басымды бағыт белгіленді. Соның ішінде әрдайым өзектілігін жоғалтпаған су мәселесі ел тұрғындарының күн тәртібінен түспеген басты талабы екенін айтуға тиіспіз.
08 Маусым, 2023
Азық-түлік қауіпсіздігі – ғаламдық мәселе
Осыдан екі жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік жүйелері жөніндегі саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жер-су ресурстарын барынша тиімді пайдалану мақсатында жердің құнарын арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу және су өткізу жүйелерін цифрландыру жөнінде іс-шаралар қабылдадық. Орнықты азық-түлік жүйелері туралы айтқан кезде көптеген елде су дипломатиясына қатысты мәселелер өзекті екені анық байқалады. Азық-түлік жүйелері жөніндегі проблемалар мен су ресурстарын басқару, шекаралық өзендерді пайдалану мәселелері өзара тығыз байланысты. Мұның барлығы азық-түлік жүйелері туралы келісімдерде көрініс табуы керек», деген еді.
08 Маусым, 2023
Заңсыз шығарылған активтер қалай қайтарылады?
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Палата отырысында бірқатар заң жобасын қабылдады. Екі бөлімнен құралған жиында депутаттар 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті талқылады. Сондай-ақ заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы құжат қаралды.
08 Маусым, 2023
Басты бағыт – экономиканы әртараптандыру
Кеше Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, журналистердің сауалдарына жауап берді.
08 Маусым, 2023
Алакөл демалушыларды күтуге даяр
Маусым айының 5-інен бастап Алакөлге келіп демалсаңыздар болады. Маусым ашық. Шипалы көлдің кереметін көзбен көруге асығыңыз. Себебі биыл халықтың қарасы былтырғыдан да көп болмақ. Жергілікті билік өкілдері қонақүйін сайлап, жолын жөндеп, туристерді қабылдауға дайын отыр.
08 Маусым, 2023
Сүт безі ісігін емдеудің амал-тәсілі
Астанада дәрігерлер сүт безі ісігін диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелерін талқылады. Конференцияда мамандар салаға қатысты аса маңызды тактикалық мәселелерді шешудің тың әдіс-тәсілін ұсынды.
08 Маусым, 2023
Аслан ШЫМБЕРГЕНОВ, бокстан әлем чемпионы: Рингте босаңсуға болмайды
Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында атой салған саңлақтарымыздың арасында ең тәжірибелісі – команда капитаны Асланбек Шымбергенов. 71 кило салмақта күш сынасып жүрген бұл боксшының жанкүйерлер назарына іліккеніне 10 жылға жуықтады. Сол кезден бері ол бірқатар аса ірі халықаралық жарыста жеңіс тұғырына көтерілді. Бірақ Асланбекке көпке дейін дүниежүзілік додаларда даралану бақыты бұйырмады. Соған қарамастан, қазақтың өр мінезді ұлының жігері жасыған жоқ. Ол өзінің жұлдызды сәттері әлі де алда екеніне кәміл сенді. Ақыры табандылығының арқасында көздеген мақсатына қол жеткізіп, әлем чемпионы атанды.
08 Маусым, 2023
Тарихи атшабарды қайта ашқан азамат
1916 жылы мамыр айында қазақ елінің болыстарын Семей қаласында жинаған Әлихан Бөкейхан: «Қазақ елі енді жеке мемлекет болды!» деп зор қуанышпен хабарлады. Осы жиналысқа Жаркенттен Мұқа Әжібекұлы да қатысқан еді. Бұл жөнінде «Қазақстан» баспасынан 1970 жылы жарық көрген Шабдан Байбатшаевтың «Бел-белестер» атты кітабында деректер берілген. Семейде өткен осы жиналыстан елге келісімен болыс Мұқа Әжібекұлы халық белсенділерін жинап, шілде айында Жаркент қаласының жоғары жағындағы Қарадалада қазақ елінің жеке мемлекет болып жариялануына арнап ат бәйгесін өткізу ниетін білдіреді. Ел ағалары Мұқа болыс айтқан осы ат бәйгесіне үлкен қуанышпен жан-жақты дайындалған. Қарадала ат бәйгесін өткізуге сұранып тұрған жер еді. Өйткені ұзындығы 4 шақырымға созылған, биіктігі етегіндегі жазықтан 10 метрдей текшеде тұрып, ат бәйгені емін-еркін көре алатындай ыңғайлы орын болатын.
07 Маусым, 2023
Ақжанның бірінші курсты бітірер жылы. Жазғы сессиясын кілең беспен аяқтаған бойжеткен бірден Жітіқараға жетуге асықты. Туған үйдің табалдырығын аңсап жеткен студент үй ішімен қауышып, біраз мауқын басқан соң, шаруаға кірісіп кетті. Кешкі астан соң анасына: «Ертең сиырды өзім сауайын, сіз жатып демалып алыңыз», деген.
07 Маусым, 2023
Қандасқа арналған бірегей карта
2023 жылдың шілдесінен бастап шетел қазақтары «Ата жолы» бірегей картасын алып, еліміздегі көптеген мүмкіндікті пайдалана алады.
07 Маусым, 2023
Ми импланты сал ауруына шалдыққан адамның физикалық қозғалысын реттейтін ми жүйесін басқару арқылы жүріп-тұруына мүмкіндік береді. Ғылымның бұл жетістігі туралы «Nature» журналында жаңа зерттеу жарияланды. Ғалымдар құрылғы арқылы жүргізілген экспериментте жақсы нәтижеге қол жеткізген.
07 Маусым, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында дамыған елдердегі кәсіпорындардың жартысынан көбі бесінші технологиялық деңгейге, сондай-ақ 5 пайызы алтыншы деңгейге жеткенін айтып, елімізді үздіктердің қатарына қосу үшін ғалымдарға айрықша міндет жүктеген болатын. Озық технологиялармен біте қайнасып жатқан бұл заманда кез келген кәсіпті ақылмен басқармасаң, ұпай түгендеу қиын. Бірақ бабын таба білсең, табыс сыры ғылымда жатыр. Елімізде ғылым мен өнеркәсіптің тығыз байланысы әсіресе жол құрылысында аса өзекті. Осы тұста Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты Жол құрылыс материалдары мен жаңа технологиялар бөлімінің басшысы, химия ғылымдарының PhD Салтанат ӘШІМОВАНЫ әңгімеге тартқан едік.
07 Маусым, 2023