Редакция таңдауы
Әуелде ақсүйектердің ойыны аталып кеткен бильярдқа аңсары ауғандар бүгінде аз емес. Біреулер әуесқойлықпен тастаяққа аңсары ауса, ал жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандары кәсіби деңгейде ойнайды. Әлихан Қаранеев, Әлібек Омаров, Дәурен Орынбаев, Қаныбек Сағындықов, Ернар Шымбаев секілді мықтылар ел-жұрттың бильярдқа деген қызығушылығын оятты десек, артық айтқандық емес. Аты аталғандардың ішінде Ернар Шымбаев халықаралық деңгейде әлі күнге дейін жасындай жарқылдап жүр.
12 Ақпан, 2023
Еңбек дауының басты себебі жұмысшыларға жалақы төлеудегі алалаудан туындайды. Атырау облысында еңбекақыны мерзімінде бермей, жұмысшыларын жабырқататын кәсіпорындар аз емес.
12 Ақпан, 2023
Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Қасымбек Жақсыбайды 70 жасқа келген мерейтойымен құттықтаймыз!
12 Ақпан, 2023
Елордада ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Есіңе мені алғайсың» атты музыкалық-поэзиялық кеші өтті. Мәнді де тағылымды шараны әзірлеп, ұсынған – Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония.
12 Ақпан, 2023
Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі «Күй атасы – Құрманғазы» атты Қ.Сағырбайұлының шығармашылығына арналған кеш ұсынды.
12 Ақпан, 2023
Қазақстан құрамасы - Даму кубогінің күміс жүлдегері
Беларусь астанасы Минскіде өтіп жатқан халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Ақпан, 2023
Қазақстан дәрігерлері Газиантеп қаласында медициналық пункт ашты
Түркия Республикасының Газиантеп қаласында Қазақстан ТЖМ дәрігерлері медициналық көмек көрсету пунктін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Ақпан, 2023
Астанада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр
10 ақпанда елордалық «Qazaqstan» спорт кешенінде жабық алаң ішіндегі жеңіл атлетикадан Х Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Рәсімге ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Ақпан, 2023
Түркияда көз жұмған жерлестеріміздің денесі елге жеткізіледі
Түркияда қайтыс болған Қазақстан азаматтары Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтың денесі 11 ақпанда Қазақстанға жеткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Ақпан, 2023
Президент Сергей Терещенконың отбасына көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Терещенконың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 Ақпан, 2023
Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 21 мыңнан асты
Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінің төртінші күні қаза тапқандар саны 21 мыңнан асты, деп хабарлайды Egemen.kz TRT телеарнасына сілтеме жасап.
10 Ақпан, 2023
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында Түркияда қайтыс болған Қазақстан азаматы Мирус Құрмашевпен курстас болғанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Ақпан, 2023
Түркияда қазақстандық мамандар үйінді астынан 3 адамды құтқарды
Түркияның Нурдагыда қаласында жүрген Қазақстан ТЖМ құтқарушылары үйінділердің астынан үш адамды құтқарып, шығарып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Ақпан, 2023
Түркияда тағы бір қазақстандықтың денесі үйінді арасынан табылды
Түркияның Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттан қазақстандық құтқарушылардың күшімен екінші қазақстандықтың денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Ақпан, 2023
Сайлау: Қанша үміткер тіркелді?
Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталғаны белгілі. Партиялық тізім бойынша саяси додаға түсетіндер бар, өзін-өзі ұсынғандар бар, қысқасы, нағыз бәсеке енді басталғалы тұр. Әр дауыс ауадай қажет. Ол үшін халықтың сеніміне ие болу маңызды.
10 Ақпан, 2023
Құрылыс индустриясының экономикаға берер пайдасы жан-жақты, мультипликативті әсері мықты. Сондықтан мемлекет бұл саланы дамытуға баса мән береді. Қаржылай қолдау көрсетіп, қарапайым халықты баспанамен қамтамасыз етуге барынша ықпал жасайды. Сол себепті «7-20-25», «Шаңырақ», басқа да осы секілді мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, соның аясында тұрғын үй құрылысын жандандыру ісі қолға алынып, бүгінде тұрақты жалғасын тауып келеді. Дегенмен халықты толықтай баспаналы ету әзірге мүмкін болмай тұрғаны жасырын емес. Оның да өзіндік себебі бар.
10 Ақпан, 2023
Ұлт саулығына арналған жобалар
Кейінгі жылдары елімізде кең таралған сүт безінің қатерлі ісігі, артериялық гипертензия, қан айналымының бұзылуы, бауыр циррозы, қолқа демікпесі, миокард инфаркті, тағы да басқа әлеуметтік ауруларды зерттеу ұлттық ғылымды дамыту жобалары аясында жүзеге асып келеді.
10 Ақпан, 2023
Соңғы уақытта алаяқтықтың түрі көбейіп, ақпараттық технологиялардың арқасында жетіліп жатқаны жасырын емес. Тіпті инвестициялық алаяқтық пайда болып, пандемия да онлайн қылмысты өршітті. Ол аз десеңіз айналамыздағы елдердің ахуалы арам пайдаға әуес пиғылды көбейтті. Сондықтан да виртуалды тонау мәселесін қайта-қайта қаузап, халықты құлағдар етіп отыруға тура келеді.
10 Ақпан, 2023
Қостанай ауданына қарасты Еңбек ауылының тұрғыны қорасындағы қойын қыстай жылы үйдің ішінде өсетін жем-шөппен бағып отыр. Ерхан Жетенбай мал азығын гидропоника әдісімен дайындайды. Мамандардың айтуынша, мұндай әдіспен өскен мал азығы анағұрлым арзан әрі түліктің тез көтеріліп, семіруіне септігін тигізеді.
09 Ақпан, 2023
Жайылымның шұрайлысын, жердің қуаңдысын күлше бөліске салып, есепсіз иемденгендерге бұқараның өкпесі қара қазандай. Алдындағы ақадал малына қоң бітірер нуы мен суы мол ұлтарақтай да жер бұйырмаған соң тістеніп, тұрмыс кешкен жұрт өкпелемей қайтсін енді? Бірақ ел ішіндегі латифундистердің «шөп қорыған ит тірлігі» Президент тапсырмасынан соң енді-енді тыйылып келеді. Өзіне, не өзгеге көзі қимаған игерілмеген жерлер ел игілігіне қайтарыла бастады.
09 Ақпан, 2023