Редакция таңдауы
Владимир Путин: Көпполярлы әлемде Азия шешуші рөл атқарады
Ресей президенті Владимир Путин Астанада өткен АӨСШК саммитінде Азияның көпполярлы әлемдегі жетекші рөлін атап өтіп, өңірдегі есептеулерде ұлттық валюталарды белсенді пайдалануды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2022
АӨСШК жобаларын іске асыру үшін арнайы қор құрылды
Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Астанада өтіп жатқан АӨСШК VI саммитінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2022
Президент: Азия әлемдік экономикалық көшбасшыға айналды
АӨСШК мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы прогреске, экономикалық өркендеуге және диалогқа ықпал ететін болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан халықаралық іс-шарада айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2022
Астанада АӨСШК елдерінің еріктілер қозғалысы көшбасшыларының слеті өтеді
Мұндай ұсынысты Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК VI саммитінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2022
Президент АӨСШК Қаржы саммитін тұрақты алаңға айналдыруды ұсынды
Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан саммитте АӨСШК кеңістігі аясында - Шанхайда, Дубайда және Астанада ірі қаржы орталықтары табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2022
Былтыр Азияда табиғи апаттан 57 млн адам зардап шеккен
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінің ашылуында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2022
Мемлекет басшысы АӨСШК міндетін атады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан АӨСШК VI саммитінде «жаһандық дисфункция» жағдайында халықаралық қатынастарды нығайту маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2022
Баланың туу туралы куәлігін енді онлайн алуға болады
Денсаулық сақтау министрлігі балалардың тууын тіркеу кезінде туу туралы медициналық куәліктерді әділет органдарына беруді қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Қазан, 2022
«Дермене»: құса һәм құс баласы...
Небір асқар тауға бергісіз өрлік бар, небір кісі баласы көрмеуге тиіс қорлық бар, өмір бойына, ғұмыр нұрына жететін ізгілік пен сағыныш бар, адам түгілі айуанға тілемейтін қатыгездік пен зұлымдық та бар бұл шығармада. Осының бәрі бір-бірімен шиеленісіп, айқасқа түсіп жатады. Бастысы, үмітсіздік жоқ. «Үміт жібі үзілсе – үгілер ең...» демей ме?
13 Қазан, 2022
Ақтөбе ферроқорытпа зауытында №1 және №2 балқыту цехтарының аспирациялық жүйелерін жаңарту жұмысы басталды. Бұл іс ойдағыдай аяқталса қатты зат шығарындылары 30 пайызға кемімек. «Қазхром» трансұлттық компаниясы ауқымды экологиялық жобаны іске асыруға 12 млрд теңгеден аса қаражат бағыттаған.
13 Қазан, 2022
Шеткері ауылдарға шекеден қарамайық
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында қазіргі кезде еліміздегі 650 ауылдық елді мекенде емдеу мекемесі болмағандықтан, 1 млн-нан астам адамның бастапқы медициналық-санитарлық көмек алу мүмкіндігі жоқтығын айтып, Үкіметке алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салып, оларды қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етуді тапсырды.
12 Қазан, 2022
Кеше Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында цифрлы активтерге қатысты заң жобасы мен оған ілеспе заң жобалары бірінші оқылымда мақұлданды.
12 Қазан, 2022
Ауыл шаруашылығын өркендететін алаң
Елордадағы ЭКСПО халықаралық көрмелер орталығында Орталық Азиядағы ең ірі агроөнеркәсіптік KazAgro/KazFarm-2022 көрмесі басталды. Көрме жұмысы үш күнге жоспарланған. Айта кетелік, «KazAgro» – өсімдік шаруашылығы, KazFarm – мал шаруашылығы мен ет-сүт өнеркәсібінің көрмесі. Бұл іс-шараға 20-дан аса елден 300-ден аса түрлі компания мен ұйым өкілдері қатысып жатыр. Олардың қатарында Қазақстан, Германия, Түркия, Беларусь, Ресей, Аустрия, Испания, Италия, Иран, Израиль, Қытай, Канада, Польша, Швеция және басқа елдердің өкілдері бар.
12 Қазан, 2022
Тұрғын үйлерді жылыту тәжірибесі
Қалалардағы тұрғын үй қорының едәуір бөлігі орталықтандырылған жылумен және энергиямен қамтылған көппәтерлі ғимараттардан және сыртқы қабырғалар ретінде кірпішті, ірі панельді, блок материалды, сондай-ақ монолит темірбетонды қолдана отырып салынған үйлерден тұрады. Осы тұрғын үй қоры жылдан жылға ескіріп, жөндеуді қажет етеді. Мәселен, 1950-1990 жылдары салынған ғимараттар энергия үнемдеуді есепке алмаған.
12 Қазан, 2022
Елордада биыл операция жасау көрсеткіші былтырға қарағанда 10%-ға өсті. Жоғары технологиялық медициналық көмек қолдану арқылы МӘМС бойынша 10,2 млрд теңге сомасына қосымша 3 888 қызмет көрсетілді. Мұндай операциялар қазіргі уақытта да жалғасып жатыр. Жуырда Ұлттық нейрохирургия орталығында 6 жасар балаға зергерлік жұмысқа пара-пар өте күрделі операция жасалды.
12 Қазан, 2022
Ел қазынасын қорғаудың жаңа моделі
Парақорларды ұстайды деген құзырлы орган қызметкерлерінің өзі парамен ұсталып, кімге сенерімізді білмей қалдық. Олардың жанында ауыл мектебіндегі есепшінің жымқырған қаражаты кәмпит ұрлағанмен бірдей. Аз алды ма, қалтасына көп салды ма, бұл – мемлекеттің қаржысы. Халықтың салығы. Әр тиынның сұрауы бар.
12 Қазан, 2022
Әдебиеттің басты тақырыбы адам һәм адамның жаны дейміз. Яғни адам барда жазу да бар. Асыл өнердің ләззаты да, мехнаты да сол жазуда жатыр. Кейде жақсы жазатын қаламгердің аса танымал емес, даңқы да, дақпырты да жоқ, шағын бір шығармасы болады. Бір қарағанда, өзі анау айтқандай классикаға да жатпайды: тілі де, өрілуі де, динамикасы да бірсарынды, баяу. Бірақ осындай белгісіз ортақол әңгімелерде көркемдік айшықтар көзге ұрып тұрмаса да бір нәзік сезімдер, кішкентай адамдардың кішкентай арманы, кішкентай адамдардың кішкентай қылмысы, көбіміз мойындай қоймайтын өмірдің шындығы кездесіп жатады.
12 Қазан, 2022
Нағашыбай Алпысов, жыршы: «Қаншеңгелді» қақпақылға салмайық...
Жақында редакцияда Қостанайдан Астанаға ат арытып келген жыршы Нағашыбай Алпысов қонақта болып, биыл туғанына 150 жыл толған Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен шығармашылығы және жалпы Торғайдағы ақындық мектеп туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Сондай-ақ жыршы Ахмет Байтұрсынұлының туындысы деп телініп жүрген белгілі ақын Хамитбек Мұсабаевтың «Қаншеңгел» поэмасы туралы да айтты. Біз сұхбатты осы шығармадан бастадық.
12 Қазан, 2022
Ғалия Бөкей: Ауылда да Оралхан Бөкейдің қарашаңырағын жаңғыртсам деймін
Шыңғыстайға табаны тиген ел ең алдымен Оралханды іздейді, Оралхан тұрған үйді көргісі келеді. Алайда Оралхан деп алып ұшып жеткен жұрт үйінің ауласынан қайтып жүр. Жазушының қарашаңырағы кезінде музей болып ашылғанымен, жетпіс жылдығынан соң есігі тарс жабылған. Не үшін, нендей себеппен жабылып қалғаны көпшілікке беймәлім. Әйтеуір, «Оралханның үйі жабық тұр» деп жылына бір шуласып қаламыз. Жуықта көптің көңілінде жүрген осы сауалға жауап іздеп, жазушының қарындасы Ғалия Бөкейге хабарластық.
12 Қазан, 2022
Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Астанаға келді
Әлихан Смайылов елорда әуежайында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу үшін Астана қаласына келген Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Ван Цишаньді қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Қазан, 2022