Редакция таңдауы
Білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз кеңесі бірнеше жылдан бері биыл офлайн режімде өтті. Тамыз айының басынан бері облыстық, қалалық деңгейлерде өткен пленарлық отырыстардың қорытындысы ретінде ұйымдастырылған конференцияда биылғы өзгерістер айтылып, алдағы міндеттер айқындалды. Жиынға Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, салалық министрлер, әкімдіктердің өкілдері, педагогтер қатысты.
21 Тамыз, 2022
Жыл басынан бері маусымға дейінгі аралықта Қазақстанның өзге елдермен тауар айналымының құны 63,7 млрд долларға жеткен. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,3 пайызға немесе 45,7 млрд долларға көп.
21 Тамыз, 2022
Ұлыбритания, АҚШ және Канадаға қоныс аударушылардың қатары қалыңдамаса, азайған жоқ. Мұны соңғы жылдары осы елдерге көшіп кеткен қазақстандықтардың санынан да аңғаруға болады. Алайда сарапшылар аталған елдердегі қымбатшылық реттелмесе, мигранттар мен туристердің қатары азаюы мүмкін деп болжап отыр. Өйткені бұл елдердегі инфляция деңгейі айтарлықтай өскен.
21 Тамыз, 2022
Волонтерлік – адамға риясыз қызмет ету
Өмірдің мәні не? Бұл сұраққа философтар жауап іздеп, сан алуан пікірлерін қоғамға ұсынды. Соның ішінде Освенцим лагерінде азапта жатып, адамның жанын зерттеген Виктор Франкл: «Өмірдің мәні – өзгеге қуаныш сыйлау. Адамға риясыз қызмет ету арқылы өзіңді де, оны да шаттық сезімге бөлеу», деп жауап береді.
21 Тамыз, 2022
Эпидемиялық ахуал жақсарып келеді
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші айтарлықтай төмендеп, кейінгі тәулікте 740 адамнан індет анықталды. Қазір барлық өңіріміз «жасыл аймақта» тұр. Дегенмен жағдай оңалды екен деп арқаны кеңге салмай, сақтық шараларын ұстануды ұмытпаған жөн. Өйткені арамыздан әлі іргесін ажыратпаған індеттің қайта күшейіп кетуі қаупі бар екеніне әбден көз жетті.
21 Тамыз, 2022
Құбылмалы әлем: Қағаз кітаптың тағдыры
Әлем көз алдымызда сәт сайын өзгеріп жатыр. Бүгінгі жаңалық ертең ескіруі мүмкін. Тіпті минуттар арасындағы үнсіздіктер ұлы дүбірге айналып, өз жұлдызын жағып жатыр. Кейде адамның қоғам алдындағы жауапкершілігі қандай, бұл үшін қай кезде есеп беруі керек деген сансыз сұрақтарға шырмаласың да қаласың. Кейбірі жауабын өзі береді, ал кейбірі мәңгі жауапсыз. Ал ұлттың, қоғамның ашық ойлы зиялысы, сөз ұстарлары саналатын қаламгерлердің міндеті қандай? Оған олардың қаламынан туған кітаптар жауап бере ала ма? Осындайда көрнекті жазушы Әбіш Кекілбайұлының «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген пәлсафасы еске түседі. Шынымен де адамзаттың қазіргі жетістіктеріне жетуіне, саналы қоғам құруына кітаптың атқарған рөлі айрықша. Осы дөңгелек үстелде «Қазіргі және болашақтағы қағаз кітаптардың тағдыры қандай?» деген сұраққа жауап іздедік. Сұхбатқа Кнут Одегард (ақын, Норвегия), Қуаныш Жиенбай (жазушы, Қазақстан), Танер Мурат (аудармашы, әдебиеттанушы, Румыния), Аида Эгембердиева (ақын, Қырғызстан) қатысып, пайымды пікірлерімен бөлісті.
21 Тамыз, 2022
Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, аудармашы Ғали Ормановтың туғанына 115 жыл толмақ. Былтыр 80 жылдан кейін қаламгердің латын қарпімен жазылған күнделігі табылған еді. Жақында аталған еңбек кирилл қарпімен қайта басылып шықты. Бұған дейін еш жерде жарық көрмеген құнды мұрада жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы көптеген мәлімет жазылған.
21 Тамыз, 2022
Сүйінші, қазақ оқырманы! Дәстүрлі деңгейінен де дәрежеленіп, ежелден қалыптасқан бітім-болмысынан өзгеше құйыла құбылып, қымбат та ғажап мінезімен дүниеге келіпті-ау қазақ романы! Көкейімізге «чеховша» мәрт мәтіндерімен, қысқа да талғамды тілімен тоқылғаны! Алғашында қолымыз батпай ұстаған қалың кітаптың мұншама тез оқылғаны! Мұны жай бір әсерлі, сиқырлы, тербелмелі сөз теңеуі деп түсінбеңіз. Жаңа проза, тосын үлгі, соны қадам, серке стильді, сергек байлам – бәрі-бәрінің тояттандырған күшіндеміз!
21 Тамыз, 2022
Қазығұртта үйлесім тапқан елдік идеясы
Шымкенттен – Ташкент шаһарына бет алған күре жолдың оң жақ бетіндегі Қазығұрт тауының етегіне созыла орналасқан жотада «Мәңгілік Ел» аталатын саябақта «Алаш арыстары», «Анаға тағзым» және Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған ескерткіштер кешенінің ашылу салтанаты өтті.
21 Тамыз, 2022
Қазақстанда індет жұқтыру деректері азайып келеді
Өткен тәулікте 740 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Тамыз, 2022
Қаңтар оқиғасына қатысы бар 17 адам сотталды
Айыпталушылар бірнеше бап бойынша жазаға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Тамыз, 2022
Елордада апатты үйде тұратын отбасыларға жаңа баспана беріледі
Соңғы 3 жылда апатты үйлерден 700-ге жуық отбасы көшірілді. Бағдарлама басталғаннан бері шамамен 4 мың 200 отбасы қоныс аударған, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Тамыз, 2022
ArtSport бағдарламасына тағы 3 млрд теңге бөлінді
Елорда мәслихаты 2022-2024 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне өзгеріс енгізу мәселесін талқылады. Онда ArtSport бағдарламасын қаржыландыру мәселесі қолдау тапты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
20 Тамыз, 2022
ТМД саммиті қазан айында өтеді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ Президенті Владимир Путин Сочиде кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Тамыз, 2022
Жеңілдетілген автонесие бойынша тағы 10 миллиард теңге бөлінді
Индустриялық даму қоры (ИДҚ) жеңілдетілген автонесие бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Тамыз, 2022
Қазақстан мектептері бес күндік оқу аптасына көшеді
Жаңа оқу жылынан бастап мектептер бес күндік жұмыс форматына көшеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Тамыз, 2022
Елімізде бір жылда қант 86,6% қымбаттады
Биыл шілдеде елдегі қанттың бағасы орташа есеппен 537 теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 86,6 пайызға қымбат, деп хабарлайды Egemen.kz Energyprom сайтына сілтеме жасап.
19 Тамыз, 2022
Өскеменде есірткі тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды
Өскеменде полицейлер 65 млн теңгенің есірткісін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
19 Тамыз, 2022
Жастар спорты қолдауды қажет етеді
Жастар – елдің ертеңі. Ендеше, олардың амандығы мемлекеттің саулығы деген қорытынды шығарсақ қателеспейміз. Осы орайда жеткіншектердің денсаулығын жақсарту, соның ішінде спортпен айналысуға баулу өзекті мәселе екенін ешкім жоққа шығармайды.
19 Тамыз, 2022
Эфиопия үкіметі Тиграйдағы атысты тоқтату жөніндегі келісімге тез арада қол жеткізу қажет екенін мәлімдеді. Сонда ғана соғыс өрті шарпыған аймақта гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруға, қарапайым қажеттіліктерді өтеуге мүмкіндік туатынын айтып отыр.
19 Тамыз, 2022