Редакция таңдауы
Биыл наурыз айында екінші деңгейлі банктердің қарыз портфелі 0,7 пайызға артып, 20,45 трлн теңгеге жеткен. Сарапшылардың айтуынша, банктер жеке және заңды тұлғаларға белсенді несие көмегін жасап жатыр. Бөлшек сегментте кепілсіз несие алу процесі толықтай автоматтандырылған. Клиенттер тұтынушылық несиелердің 50 пайызын мобильді қосымша арқылы алуға машықтанған.
19 Мамыр, 2022
Ел денсаулығы – ерекше назарда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауларында және Үкіметтің кеңейтілген отырыстарында отандастарымыздың денсаулығын сақтау, медицина саласын дамыту мақсатында бірқатар тапсырма жүктеген еді. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осы тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.
19 Мамыр, 2022
Батыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік ұйымдар өкілдері және экология белсенділері бас қосып, конституциялық реформа мәселелері жөнінде пікір алмасты.
19 Мамыр, 2022
«Өзгеріс өзімізге керек» – дейді көпбалалы аналар
Түркістан облысының қоғамдық штаб мүшесі Бақытжан Бейсембаев бүкілхалықтық референдумды түсіндіру бойынша көпбалалы аналармен кездесу өткізді. Түркістан қалалық орталық кітапханасындағы кездесуде спикер референдум туралы толыққанды әңгімелеп өтті. Көпбалалы аналарды 5 маусым күні өтетін республикалық референдумда дауыс беруге шақырды.
19 Мамыр, 2022
Референдум нәтижесі ел қолдауымен көрініс табады
Философия, саясаттану және дінтану институтында «Конституциялық реформа Жаңа Қазақстанның саяси-құқықтық негізі ретінде» тақырыбында өткен конференцияда конституциялық реформаның өзекті мәселелері, жаңа Қазақстанның саяси-құқықтық аспектілері, жалпыұлттық референдумның мақсаты мен міндеті талқыланды.
19 Мамыр, 2022
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Бүгінде азық-түлік бағасының өсуі азаматтарымыз үшін басты мәселеге айналды. Көптеген отбасы барлық кірісін тек тамақтануға жұмсай отырып, айлығын шайлығына әрең жеткізуде.
18 Мамыр, 2022
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторлары Екібастұз қаласындағы шағын индустриялық аймақты дамытуға ниетті. Көмірлі шаһарды таңдауы бекер емес. Мұнда жарықпен жарылқайтын ірі электр стансалары орналасқан. Қала берді, моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде бұл өңірге республикалық қазынадан қомақты қаражат бөлінеді.
18 Мамыр, 2022
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Отандық банк секторында бірнеше қаржы институтының жұмысын тоқтатқаны белгілі. Клиенттер алдындағы міндеттемелерін орындай алмаған 9 банк бар. Олар – «Валют-транзит банк», «Казинвестбанк», Delta Bank, «Эксимбанк Қазақстан», «Астана Банкі», Qazaq Banki, Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan.
18 Мамыр, 2022
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Мәңгілік ештеңе жоқ екенін бәріміз де білеміз ғой, адам баласының өмірі өлшеулі екенін де түсінеміз. Алайда өзі өмір сүрген ортада ғана емес, тұтас қоғамда орны бар тұлғалар бақилыққа аттанғанда орны ойсырап қалатыны бар. Ендігі жерде Қуат Есімханұлының да орны ойсырап тұрары анық.
18 Мамыр, 2022
Қызылордада әнші-композитор Батырхан Шөкеновтің 60 жылдығына арналған «Отан-Ана» атты республикалық әншілер конкурсы өтті. Алғаш үлкен сахнаға «Арай» тобының құрамында шығып, өзі айтқан «Ақ көгершін» әніндегі қалықтаған құстай өнер көгіне еркін көтерілген әнші шетел тыңдармандарын да тәнті еткен еді. Ол шыққанда сахна түрленіп сала беретін. Кез келген әні хитке айналып, тез жатталатын. Ғұмыр кесесі ерте толған талант биыл 60 жасқа толар еді.
18 Мамыр, 2022
«Бәйтерек» холдингінің басқарушы директорлары қысқарды
Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Мамыр, 2022
Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды
Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ұйым баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Мамыр, 2022
Жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді қалай алуға болады
2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты 43 мың адамға әлеуметтік төлем төленді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
18 Мамыр, 2022
«Кел, балам, кітап алшы, саған арзан беремін», деген қарт әйел кісінің дауысы әлі құлағымда жаңғырып тұр. Алматының әлдебір көшесінің қиылысынан өтіп бара жатқан мен оның өтінішін орындап, алты-жеті кітап сатып алдым.
18 Мамыр, 2022
Өмірдің түрлі жағдаяттарында һәм әдебиет пен өнерде «Сананы тұрмыс билейді», деген тәмсіл жиі айтылады. Ақиқатында, бұл өте ауыр сөз, ауыр ұғым.
18 Мамыр, 2022
Жаңа Конституция Жаңа Қазақстанға бастайтын жол
Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Батыс Қазақстан облысында партияның сайлауалды бағдарламасының ауылдық елді мекендерде орындалу барысын тексерді. Ал Оралда партия активімен және зиялы қауым өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіп, алдағы референдумның маңызын талқылады.
18 Мамыр, 2022
Ерлан Қарин Конституцияға енгізілетін өзгерістерді беске бөліп түсіндірді
Конституциялық реформа Президенттің 2019 жылы бастаған бүкіл саяси реформасының қисынды жалғасы болды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин өзінің YouTube арнасында Конституцияға ұсынылатын негізгі өзгерістерді түсіндіру кезінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Мамыр, 2022
Ұлт тарихына қатысты іргелі мәдени ошақтың бірі – елорда төрінде орналасқан Әскери-тарихи музейі. Бұл мекеме Қорғаныс министрлігінің бастамасымен 2015 жылдың 1 желтоқсанында құрылған болатын. Қазіргі таңда аталған музей тақырыптық тұрғыдан бірнеше залға жіктеліп, ондағы коллекциялар саны 20 мыңнан астам жәдігерді құрап отыр.
17 Мамыр, 2022
Кей-кейде, қолым қалт еткенде өзіме жұмыс істей бастаймын. Атам «өзіңе құл болғаннан артық не бар?» деп отыратын көрінеді. Қазір ең қиыны да өзіңе уақыт бөлу сияқты сезіледі. Жұмыс, балабақша, мектепке бала тасу, әлеуметтік желі, қаланың қым-қуыт қарбаласы... Тіпті ұмыттырып жібереді кім екеніңді. Орындаушы болып әр іске бір жегілесің де жүресің. Бітіріп жатқаның да шамалы.
17 Мамыр, 2022
Бұл өзі қоғамға дендеп енген дерт пе, әлде кеңестік кезеңнен қалған кесел ме, айта алмаймын. Әйтеуір, содан аяқ алып жүре алмайсыз. Соның салдарынан кез келген шаруаңыз оңай бітпейді, жүйкеңізді жұқартып, діңкелетіп жібереді.
17 Мамыр, 2022