Редакция таңдауы
Тастұғырдың үстінде – тұтас дәуір бейнесі
Алматыда қазақ ән әлемінің падишасы, КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағлановаға ескерткіш орнатылды. Еңбек жолының елеулі кезеңі өткен Жамбыл Жабаев атындағы мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдынан бой көтерген ескерткіш – әйгілі әншінің 100 жылдық мерейтойына лайықты тарту.
17 Сәуір, 2022
Оралхан кейіпкерлерімен кездесу
Жастық шағында жазушы Оралхан Бөкей шығармаларын оқымаған оқырман кемде-кем шығар. Әсіресе, балалық шағы ауылда өткен жанның кітапханадан арқалап әкеліп, том-том кітапты кеміргені ақиқат. Соның ішінде Оралханды оқып, «Тортай мінез ақ боз атқа» Тортайды тастап, өзі мініп алып Шыңғыстай жаққа бір желіп барып қайтқысы келетін оқырманның көп болғанына да бәс тіге аламыз. Соның бірі – мына біз едік.
17 Сәуір, 2022
Осыдан екі жыл бұрын республикалық әдеби газетте жұмыс істеп жүрген кезім. Кабинет есігі қағылды, төрт қыз, екі жігіт келіп тұр. Алматыдағы мәлім университеттің студенттері болып шықты, газетте тәжірибеден өтуге ниетті екен.
17 Сәуір, 2022
Михаил Шайдаров әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды
Михаил Шайдаров мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
17 Сәуір, 2022
Жексенбіге арналған ауа-райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 17 сәуірде ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Сәуір, 2022
Наурыз айында ең жоғары инфляция тіркелген
Наурыз айындағы инфляциялық үрдістерге шолу жасаған Ұлттық банк жыл басынан бері наурыз айында елімізде ең жоғары инфляция тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Сәуір, 2022
Құнанбай қорымының қабырғасынан құран кітап табылды
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының қоры құнды жәдігермен толықты. 1888-89 жылдары Қазан қаласындағы «Кукубин» баспасынан жарық көрген, Ақшоқыдағы Құнанбай қорымының қабырғасынан табылған Құран кітап музейге табысталды.
15 Сәуір, 2022
Ұлытау облысының шекаралық аумағы белгіленді
Қарағанды облыстық мәслихатындағы жиында жаңа Ұлытау облысының шекаралық аумағы белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Сәуір, 2022
Елімізде мобильді аударымдарды тексеру басталды
15 сәуірден бастап Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың банк шоттарының арасындағы мобильді ақша аударымдарына мониторинг жүргізе бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Сәуір, 2022
Мәртебелі театр – мәдениеті өскен елдің еншісі
Халықаралық театр күніне орай газетіміздің 25 наурыз күнгі санында «Мәртебелі һәм мәртебесіз театр» деген тақырыппен мақала жарық көрген болатын. Материалда тілші театр саласының шешімі табылмай келе жатқан өзекті мәселелерін тілге тиек етіп, тәуелсіздік алған 30 жылда елімізде әлі күнге дейін театр туралы заңның қабылданбағанын айтып, түйткілді мәселенің төркініне үңілген еді. Осыған орай Қазақстан Театр қайраткерлері одағының жауапты хатшысы Рабиға Ағманова маңызды мәселеге қатысты ойларын ортаға салып, жазылған жайдың жалғасы ретінде айтулы мақалаға үн қосыпты.
15 Сәуір, 2022
Есетжан Қосыбаев: Жаңа жағдайда жұмыс істеуге тура келеді
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қысқа мерзім ішінде мемлекеттік қолдаудан үмітті киножобаларды іріктеу тақырыбына арналған екі үлкен брифинг өткізді. Биыл фильмдерді қаржыландыру қағидаларына түзетулер енгізген заңнамадағы өзгерістер кинематографистердің көп бөлігі үшін талқылаудың басты тақырыбына айналды. Жаңа ережелерге байланысты Киноорталықтың алдында тағы қандай міндеттер пайда болды? Кино саласындағы іргелі өзгерістердің ұйытқысы болған «ҰКҚМО» КЕАҚ Басқарма төрағасы Е.Қосыбаев тың ақпараттармен бөлісті.
15 Сәуір, 2022
Халықаралық валюта қоры өзгерістерді оң бағалады
Халықаралық валюта қоры Қазақстанның қазіргі орнықты фискалдық жағдайы, сыртқы резервтерінің едәуір көлемі және пандемияға дер кезінде тойтарыс беруі сыртқы күйзелістерді абсорсиялауда және кейіннен экономикалық белсенділікті қалпына келтіруде маңызды рөл атқарды деп санайды. Осындай оң өзгерістер арқылы былтыр ІЖӨ нақты 4 пайызға көбейіп, экономиканың өсу траекториясы пандемияға дейінгі кезеңге оралды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.
15 Сәуір, 2022
«Сбербанктің» кредиттері Halyk Bank-ке өтеді
13 сәуір күні Halyk Bank пен Сбербанктің біздің елдегі еншілес банкі келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, цессия шарты бойынша бөлшек бизнес клиенттерінің кредиттік портфелінің бір бөлігі сатып алынды. Яғни «Сбербанкте» ресімделген кредиттердің бір бөлігі Halyk Bank-ке өтеді.
15 Сәуір, 2022
Қиындықты жеңу тәжірибесі маңызды мәнге ие
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз халқына жолдаған Жолдауы Беларусь мемлекетінде үлкен қызығушылық тудырды. Соңғы жылдардағы оқиғалар екі мемлекетке де бірқатар қауіп-қатер төндіргені даусыз. Сондықтан бұл қиындықтарды жеңу тәжірибесі маңызды мәнге ие екені еш талас тудырмайды.
15 Сәуір, 2022
Балалардың құқығын қорғауға баса мән беріледі
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.
14 Сәуір, 2022
Ресей әскери-теңіз флотының ең қуатты кемелерінің бірі, Қара теңіз флотының флагманы «Москва» крейсері отқа оранды. Бұл туралы жаңалық әлеуметтік желілерде тараған еді. Кейіннен Ресейдің қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты растады. Украина тарапы крейсерді қанатты зымыранмен атқылағанын хабарлап отыр.
14 Сәуір, 2022
Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылған болатын. Содан бері үш айға жуық уақыт өтті. Осы мерзім аралығында бірқатар ұйымдастыру мәселесі шешіліп, қамқоршылық кеңесі Қордың жұмыс жоспарын, негізгі бағыттарын бекітті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
14 Сәуір, 2022
Несиелеу қарқыны арта түссе...
Соңғы екі жылда елімізді үш бірдей жойқын дауыл келіп соқты. Оның алғашқысы – COVID-19 пандемиясы, екіншісі – «қаңтар қырғыны», үшіншісі күн санап шиеленісіп бара жатқан геосаяси түйткіл. Әсіресе, үшіншісінің үлесі басымырақ болып тұр қазір.
14 Сәуір, 2022
Бұл «Қарагөз» бұрынғыдан өзгерек...
«Арқаның Ақсарайы» атанған Қарағандының С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық драма театрында түндігі түрілген күннен бергі 90 жыл ішінде түрлі «Қарагөздер» қойылған. Алайда бұл «Қарагөздің» сипаты да, сарапталуы да бөлек. Соңғы онжылдықта мәскеулік театр кеңістігін мойындатып жүрген қазақ қызы, Е.Вахтангов атындағы академиялық мемлекеттік театрының дарынды режиссері Гүлназ Балпейісованың қолтаңбасында жаңаша тынысы ашылған айтулы премьера заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық және киелі қарашаңырақ Сәкен театрының 90 жылдық мерейтойына орай сахна төріне шығып отыр.
14 Сәуір, 2022
Әрине, Иса пайғамбардың есімі жер бетіндегі жеті миллиардтан астам халыққа етене таныс. Ел-жұртын ерекше сүйіп «миллион сомдық ойын-күлкі» тілеген асау аттай арынды ақын Иса Байзақов исі қазаққа мәшһүр. «Бұл сонда қай Иса?» дейсіз ғой? Заманды зар илетіп, көз жасын сорғалатқан сонау бір зұлмат жылдары жазықсыз жапа шеккен Иса Ақынбеков. Кешегі кеңес өкіметінің кесапатты саясатымен қарадай «халық жауы» деген қара күйе жағылып, атылып кеткен аталарымыз қаншама?
14 Сәуір, 2022