Редакция таңдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҰҚШҰ жиында Ауғанстанға қатысты мәселені дер кезінде көтергені көңіліме қонды. Себебі бұл елдегі жағдай өте қиын болып тұр. Ауған еліне гуманитарлық көмек көрсетудің маңызы зор екені баршамызға мәлім.
17 Мамыр, 2022
Банк операцияларын реттейтін платформа
«Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген отандық Bank4Me қаржылық-технологиялық стартапы VentureRocket Eurasia платформасында бірлесіп, инвестициялау науқанын сәтті бастады. Бұл туралы қаржы орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
16 Мамыр, 2022
Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі Атырау өңірлік штабының жетекшісі Гүлзада Шакуликованың айтуынша, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар саяси реформаларды жеделдетеді. Өйткені тәуелсіздік алғаннан бері әлемдік өркениетте өз орнын айшықтаған мемлекетімізді одан әрі демократиялық жолмен өркендету үшін бұрынғы құқықтық жүйені заман талабына сай жаңартудың маңызы зор.
16 Мамыр, 2022
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Мәжіліс депутаттары Ирина Унжакова, Зарина Қамасова және Игорь Панченко Өскемендегі Ана мен бала орталығында медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиында алдағы конституциялық реформалардың мән-мағынасы түсіндірілді.
16 Мамыр, 2022
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Ебін тауып екі асағысы келетіндер халықты судағы балықтай көріп, қабағын «бағып», қалтасын қағып кетуден еш қымсынар емес. Осындайда «Аңқау елге арамза молда» деген сөз еріксіз есіңе түседі.
16 Мамыр, 2022
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Көрерменнің көптен күткен тілегі орындалып, ақ түйенің қарны жарылды. Күні кеше Қасым хан туралы түсірілген режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмі қалың қауымға жол тартты. Тарихта «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен қалған ұлы ханның ұлт мұраты жолындағы игі істерін ұлықтаған айтулы туынды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналыпты.
16 Мамыр, 2022
Қарабалық ауданында қазақ журналистикасының атасы Мұхаметжан Сералиннің 150 жылдығына арналған экспедиция жұмысы басталды. Жергілікті өлкетанушылар мен музей қызметкерлері ақын шығармаларында суреттелетін оқиғалар өткен өңірлерді аралап, қаламгердің әдеби мұрасын насихаттауды көздейді.
16 Мамыр, 2022
Өмірге келген пенденің жатырда жатып айшықталған нақышы болады. Ол өсе келе осы ирелең де бұралаң болмыспен күн кешеді. Адам өзіне тән әрекетімен танылады, айналысқан кәсібіңде де сол таңба көзге ұрып тұрады. Батыр мен ұрының да өз қолтаңбасы бар. Қиялай сілтеген семсер біреудің басын допша домалатса, қап арқалаған кәнігі ұрының бүлкілі бөлек. Көздегенін мүлт жібермес мергеннің де шүріппе басар сұқ саусағына сіңіп кеткен әдісі мен айласын көрген жұрт бірден байқайды.
16 Мамыр, 2022
Жақында белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби және ПЕН-клуб сыйлықтарының лауреаты Қуаныш Жиенбайдың мерейлі белесіне орай, елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада шығармашылық портреті туралы эсселер, мақалалар және сұхбаттар топтастырылған «Аралдың ақжал толқыны» атты кітаптың таныстырылымы өтті.
16 Мамыр, 2022
ҰҚШҰ Қазақстанда әскери оқу жиынын өткізеді
Бұл туралы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин ұйымның мерейтойлық саммитінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Мамыр, 2022
Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтаруы мүмкін
Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылуы мүмкін. Бұл жайында Ақжарқынның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Мамыр, 2022
Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырған болуы мүмкін
«Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
16 Мамыр, 2022
«Қазақстан халқына» қоры қайырымдылық бағдарламасын іске қосты
«Қазақстан халқына» қоры тірек-қозғалыс аппаратында ақауы бар балаларды роботтандырылған құрылғылармен қамтамасыз ету бойынша қайырымдылық бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Мамыр, 2022
Елімізде жеңілдетілген автонесие беру басталды
Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру басталды. Жеңілдетілген автонесие бір адамға екі жыл ішінде екі рет берілмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Мамыр, 2022
Атақты актер Сағат Жылгелдиев өмірден озды
Атақты актер Сағат Жылгелдиев өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Мамыр, 2022
Бүгінде Мемлекет қолдауының нәтижесінде елімізде түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асып келеді. Оның ішінде ипотекалық бағдарламалар да бар. Нәтижесінде, көптеген тұрғын баспаналы болуда. Талай азаматтың күрделі мәселесі оң шешімін тауып, көпшілік қуанышқа кенелуде. Бірақ бұл ретте жастардың баспаналы болуына да түрлі талаптар қойылып келді.
16 Мамыр, 2022
Сүйекті алмастыратын материал жасалды
Шетелдік аналогтен үш есе арзан сүйекті алмастыратын материал – отандық ғылымның жаңа жетістігі. Иә, жақында қазақстандық ғалымдар сүйектерді қалпына келтіруге арналған қолжетімді биоматериал-гидроксиапатит әзірледі. Еліміздегі компаниялар тауардың алғашқы партиясын сатып алып үлгерді.
16 Мамыр, 2022
Биыл өтетін негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге құжат қабылдау басталды. Бұл – маңызды тестілеу. Өйткені соның нәтижесі бойынша талапкер мемлекеттік білім грантын иелене алады. Биылғы ҰБТ-ның жаңалығы – талапкер тегін оқуға мүмкіндік беретін басты тестілеуді екі рет тапсыра алады. Соған сай талаптар да күшейтілген. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтылды.
16 Мамыр, 2022
Әлемдегі геоэкономикалық жағдай құбылып тұр. Ел экономикасында да жүйелі проблемалар жетерлік. Мұндай жағдайда Қазақстан экономикалық саясатта неге басымдық беруі керек?
16 Мамыр, 2022
Украина әскері Харьков маңындағы бірнеше елді мекенді азат етті. The Study of War институтының мәліметіне сүйенсек, Ресей аталған маңнан сарбаздары мен техникасын әкете бастаған.
16 Мамыр, 2022