Редакция таңдауы
Беларусь: Референдум және Батыс санкциялары
Беларусь Республикасында ел Конституциясын өзгерту туралы референдум өткені белгілі. Соған сәйкес Беларусь халқы ядролық қарусыз ел мәртебесінен бас тартуға дауыс берді.
03 Наурыз, 2022
Басым бағыттар – жаңа форматта
Елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиын барысында өткен жылдың қорытындылары, биылға арналған жоспарлар талқыланды. Отырысқа Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, үкіметтік емес және діни ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің және БАҚ өкілдері қатысты.
03 Наурыз, 2022
«Қазақстан халқына» түйткілді мәселелердің түйінін тарқатады
Қай мемлекетің болсын әуелгі парызы – тұрғындардың тұрмысын түзеп, әл-ауқатын арттыру, мұң-мұқтажына құлақ түріп, өтініш-тілегіне зер салу. Себебі әуелгі назар әлеумет мәселесіне аударылғанда ғана ел ереуілге шықпайды, қоғамның шырқы бұзылмайды. Жыл басындағы «Қасіретті қаңтар» оқиғасы отандастарымызға осы ақиқатты аңғартты. Бұл ретте елімізде қордаланған мәселелерге қозғау салатын «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылған еді.
03 Наурыз, 2022
Тегін үйірмелерді қаржыландыру тоқтатыла ма?
Елімізде мектеп жасындағы балаларды бұқаралық спорт және шығармашылық үйірмелерімен толықтай қамту мақсаты күн тәртібінде тұрғаны рас. Осы бағыттағы нақты істің басталғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы жарияланған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру негізінде қолға алынған еді.
03 Наурыз, 2022
Қазақстан-Ресей: Санкцияның салмағы қандай болмақ?
Ресей мен Украина арасындағы шиеленіске байланысты әлемнің көптеген елі Ресейге қарсы санкциялар енгізіп жатыр. Ал оның Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді? Қазірдің өзінде рубльдің күрт құлдырауы ұлттық валютамызға кері әсерін тигізді. Дегенмен де еліміз дағдарысқа қарсы жедел шаралар жоспарын қолға алды.
03 Наурыз, 2022
БҰҰ Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды
Сәрсенбі күні БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейден Украинадағы әскери операцияларын дереу тоқтатуды талап ететін қарарды басым дауыспен қабылдады. Осылайша, жиын барысында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 193 мемлекеттің 141-і Украинаның егемендігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын растайтын қарарды қолдады.
03 Наурыз, 2022
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылығына қатысты тергеу басталды
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Самұрық-Энерго» және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК басшылығына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Наурыз, 2022
Ақын Аманжол Әлтай Мәжіліс депутаты болады
Бүгін Саяси кеңес Бюросының қаулысымен AMANAT партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Наурыз, 2022
Валюта сатып алғандар 30 пайыздық комиссия төлейді
Ресейдің Орталық банкі жеке тұлғалар үшін биржадан шетел валютасын сатып алғанда 30 пайыздық комиссия енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Наурыз, 2022
ҚТЖ қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға көтерілді
Қазақстан темір жолы 2021 жылғы жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Наурыз, 2022
БҰҰ: Украинада кемінде 227 бейбіт тұрғын қаза тапты
БҰҰ Украинадағы бейбіт тұрғындар арасында қанша адам қайтыс болғаны туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Наурыз, 2022
Бас прокурор қаңтар оқиғасында қаза тапқандар туралы пікір білдірді
Бүгін тағайындалған Бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялауға уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Наурыз, 2022
Берік Асылов ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
03 Наурыз, 2022
Қазақстан Суперкубогының иегері анықталды
Елордада Қазақстан Суперкубогы үшін өткен матчта қостанайлық «Тобыл» алматылық «Қайрат» командасынан басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Наурыз, 2022
Адамзат Украина үшін алаңдаулы
Бүгінде әлем жұрты Украинадағы ахуалды бақылап, жағдайға алаңдап отыр. Батыс елдері Ресейді санкциямен тұсап, экономикасын тығырыққа тіреуге тырысқанымен, соғыс өртінің басылар түрі жоқ.
03 Наурыз, 2022
Аудандардың дамуы неге ала-құла?
Алматы облысы аумағының 224 мың шаршы шақырымды алып жатқанын қаншалықты мақтанышпен айтсақ, осы алып өңірде шешімін күткен мәселелердің де аз емес екенін ұмытпау керек. Өйткені қазір облыс құрамындағы 17 аудан мен 3 облыстық бағыныстағы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай айырма бар.
02 Наурыз, 2022
Жаңа Қазақстан жалаң ұран болмауға тиіс
«Қасіретті қаңтар» ауыр да азапты, қайғылы да қаралы болуымен қатар ол ұшқыр уақыттың таза парағы ретінде бізді мүлде тың көзқарастарға жетелей жеткен жаңа дәуірдің басы еді. Самарқау жұрттың санасына сілкініс әкелген бұл оқиға біздің жаңа қадамдарымыз ретінде тарих таспасына анық таңбаланды. Ол өзінің қар үстіне тамған қанды жасымен бірге біздің көкірегімізде «Жаңа Қазақстан» деген жасампаз идеяны тудырып кетті.
02 Наурыз, 2022
Ескірген атаулар еңсемізді басып тұр
Өңірде Жол картасына сәйкес биыл облыста 20 елді мекен және 150-ден астам көше атауын жаңғырту жоспарланып отыр. Қазір барлығы 1309 идеологиялық тұрғыдан ескірген атау бар.
02 Наурыз, 2022
Жезде мен балдыздың әдемі әлемі
Маңғыстау даласында қара жер қойнынан қара алтынды сапырып жүрген мұнайшылар арасында өнерге жаны құштар, рухани жан-дүниесі бай жандар аз емес. Мұнай ағынына сырлы өнермен үн қосқан жезделі-балдызды қос өнерпаз – Айжарық пен Сәкен.
02 Наурыз, 2022
Табысы мен тәуекелі тең онлайн банкинг
Егер осыдан бес жыл бұрын банкке қатысты кез келген қаржылық мәселені банк бөлімшесіне бармай шешу мүмкін емес болса, қазір онлайн отырып-ақ реттей салу қалыпты дағдыға айналып жатыр. Қаржы нарығындағы бәсеке, түрлі экономикалық дағдарыс, COVID-19 пандемиясы сектордағы технологиялық дүмпу процесін жеделдетті.
02 Наурыз, 2022