Редакция таңдауы
Жамбыл облысы – ауыл шаруашылығымен аты шыққан өңір. Мұнда асыраушы саланы көркейтуге, дамытуға мүмкіндік мол. Сондықтан да өңірдегі қарапайым халықтың дені мал шаруашылығымен айналысады. Биыл облыстағы мал саны 7,1 пайызға артқан. Мемлекет қолдауының нәтижесінде несие алып, тірлігін тіктеп отырған шаруалар да бар.
22 Сәуір, 2022
Көлеңкелі несие көбеюі ықтимал
Соңғы кезде әлеуеті күшейіп, танымалдылығы артқан микроқаржы ұйымдары үшін жақын арада маңызды өзгеріс күшіне енбек. 2022 жылдың шілдесінен бастап МҚҰ қарыз алушылары борыш жүктемесі коэффициентінің шекті мәні мен есептеу ережесі басқаша есептеле бастайды. Бұл өз кезегінде көлеңкелі несиелеу нарығының көбеюіне алып келеді дейді сарапшылар.
22 Сәуір, 2022
Украинаның оңтүстігі мен шығысында соғыс жалғасып жатыр. Соңғы бірнеше күнде Ресей тарапы ракеталық атқылауды күшейте түсті. Батыс елдері Украинаға ауыр техника беруге кірісті. Сарапшылардың айтуынша, алдағы уақытта Донбаста шешуші қақтығыс өтуі мүмкін.
22 Сәуір, 2022
Таяуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халқымызға жасаған аса маңызды Жолдауында конституциялық органдарды жетілдіруді, саяси және әкімшілік-аумақтық реформаларды көздейтін басымдықтарды айқындап, мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.
22 Сәуір, 2022
Ашық қоғамсыз айқын жетістікке жету мүмкін емес
Тап осы кезең талай кемшіліктің бетін ашып, қоғамдық санаға серпіліс туғызған, мемлекет бағдарын жаңа арнаға бұрған бетбұрыс кезеңі ретінде халық көңіліне үміт ұялатып отыр. Болған жайдан сабақ алып, болашаққа байыпты қадам жасау үшін «Жаңа Қазақстан» идеясының мәні зор. Осы мәселеге қатысты белгілі Мемлекет және қоғам қайраткері, Түркі Мемлекеттері Ұйымы ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам АДЫРБЕКОВКЕ бірер сауал қойған едік.
22 Сәуір, 2022
Бауырластықты бекемдейтін бірегей ұйым
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Жиын барысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі академиясы арасындағы Түркі академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
22 Сәуір, 2022
«Egemen Qazaqstan» көтерген мәселе Президент бақылауында
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінің Батыс Қазақстан облысындағы тілшісі Қазыбек Құттымұратұлы жазған «Күре жолдағы күрсініс» атты мақалаға назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Сәуір, 2022
Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі ғимаратына қатысты іс қайта қаралады
Бүгін Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Е.Өтембаевқа, А.Қарашевқа, Б.Нұрекеновке қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Сәуір, 2022
Мәулен Әшімбаев: 10 сотық жер алуға әр азамат құқылы
Коммуникация желілерін тартқаннан кейін қазақстандықтарға 10 сотық жер телімін таратуда еш қиындық болмайды. Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Сәуір, 2022
AMANAT партиясының кезектен тыс съезі өтеді
Бүгін AMANAT партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII съезді шақыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Сәуір, 2022
Сыртқы істер министрлігінде кадрлық өзгерістер болды
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар тағайындау, болды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
21 Сәуір, 2022
Асхат Аймағамбетов өртенген мектеп оқиғасына қатысты пікір білдірді
Қазақстандағы білім ордаларында өртке қарсы тексеріс жүргізіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Сенатта тілшілерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Сәуір, 2022
Сенат түркітілдес елдермен ынтымақтастыққа қатысты құжатты қабылдады
Сенаттың жалпы отырысында «ҚР Үкіметі мен Түркі академиясы арасындағы Түркі академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Сәуір, 2022
Қазақстандық ғалым дауыстық хабарламаны мәтінге айналдыратын жүйе ойлап тапты
Қазақстандық ғалым Өркен Мамырбаев қазақ тіліндегі дауыстық хабарламаларды мәтінге ауыстыратын жүйені ойлап тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Білім министрлігіне сілтеме жасап.
21 Сәуір, 2022
Семей тұрғындары ыстық сусыз қалды
Семей қаласының тұрғындары жылу желілеріндегі жөндеу жұмысына байланысты жаз бойы ыстық сусыз отырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Сәуір, 2022
Павлодар облысындағы мектепте өрт шықты
Павлодар облысындағы мектептен өрт шығып, 551 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД сілтеме жасап.
21 Сәуір, 2022
Депозит бойынша өтемақы зейнетақы шоттарына қашан аударылады?
Мамырдан бастап «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» бір жыл ішінде кепілдік берілген депозиттер бойынша өтемақы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) депозит иелерінің атына ашылған жеке зейнетақы шоттарына аудара бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Сәуір, 2022
Клоун болуды армандаған композитор
Әсілінде, теориямен шектеліп қалған дирижерлер аз емес қой. Олардың білігі мен білімінің зор екеніне сөз жоқ. Әйткенмен мамандар тәжірибесі кемшін тартып тұратынын айтып жатады. Ал Нұрлан Байкөзовтің артықшылығы – еркіндігі. Ол қандай да бір шығарманы түзесе де, табиғат берген мінезін қырып-жойып, құбылтпайтын. Нұрланның дирижер ретінде сахнаға шығуының өзі мереке еді. Ол музыкалық аспап біткенді сезініп қана қоймай, айналасындағылармен, залмен байланыс орнатады. Көрерменді түгел «оятып» жібереді. Мүмкін содан да шығар, көпшілік оны «болмысы бөлек дирижер» деп атап кеткен еді. Иә, ол туралы енді «еді» деген сөзді көп қолданатын болдық...
21 Сәуір, 2022
Полигон аймағында тұрғандар төлемді оңай рәсімдей алады
Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтар мемлекеттен арнайы төлем алатыны белгілі. Енді осы санаттағы тұрғындар жәрдемақыны үйде отырып-ақ рәсімдей алады. Осыған арналған жаңа мемлекеттік қызмет Egov.kz порталында пайда болды.
21 Сәуір, 2022