Редакция таңдауы
Президенттің ұсынысымен алаяқ судья қызметінен кетті
Сенат Жоғарғы сот судьясы Мейрам Жанғұттиновты қызметінен босатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Наурыз, 2022
Еуропада коронавирустың жаңа штамы анықталды
Еуропада Коронавирустық инфекцияның жаңа штамы – Дельтакрон анықталды. Бұл туралы ДДҰ Төтенше жағдайлар бөлімшесінің техникалық тобының басшысы Мария ван Керкхов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Наурыз, 2022
Жыл айналып жаза бергіңіз, ай айналып айта бергіңіз келеді. Алда-жалда «мақтаншақ» деп біреу сөге қалса, мұны қазақтың көнтерілі әдетіне жорыңыз. Жорыңыз да, мұқым әлемге мұрныңыздың ұшымен қараңыз. Дәл мысырлықтар секілді, түйемен пирамидаларын арқалаған. Әй, біз бәлкім қадірін білмеспіз, бұл ғажайып Еуропада болса ендігі естанды етер еді. Шырайлы Шарын шатқалы, сені айтып отырмыз! Жетісудың жеті кереметі, ұлан-ғайыр даланың уысындағы бір ғажап бұл!
09 Наурыз, 2022
Қала тіршілігінің қым-қуыт сүргінінде адамдары ығы-жығы алып шаһардың қай жүргіншісіне назар аударғандайсың. Сапырылысқан қалың нөпірдің арасымен жылға-жылғаны қуалап жұмысқа келесің. Кешқұрым сол соқпақты солқылдатып үйге қайтасың.
09 Наурыз, 2022
Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жайлы жазбаларды оқығанда
Биыл туғанына 100 жыл толған қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметова жайлы мәлімет іздеп отырып, апамызға Батыр атағы 1944 жылы 1 наурыз күні берілгенін көріп, бұл оқиға туралы баспасөз беттерінде не жазылды екен деген үмітпен ең әуелі «Социалистік Қазақстан» газетінің тігіндісін ақтардым. Үміт алдамады. Газеттің 1944 жылғы 5 наурыз күнгі санына үлкен сержант М.Ж.Мәметоваға Кеңестер Одағының Батыры атағын беру туралы КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Указы және батыр қыздың майдандағы фотосы қоса жарияланыпты.
09 Наурыз, 2022
Балалар семіздігі баршамызды алаңдатуға тиіс
Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, Қазақстанда онлайн режімінде балалардың семіздігінің таралуы туралы зерттеу нәтижелерін ресми түрде ұсынды.
09 Наурыз, 2022
Бизнесте әйелдердің үлесі артып келеді
Сарапшылардың болжамына сәйкес, әлемдік экономикадағы әйелдердің үлесі жыл сайын артып келеді. Дегенмен пандемия кезінде экономиканың көлеңкелі салаларында еңбек ететін әлемде миллиондаған әйелдің табысы төмендеп, кәсібінен айырылған. Осындай қиындықтарға қарамастан, нәзік жандылар ғаламдық қауіп-қатерлерді еңсере отырып, қоғамдық үдерістерден қалыс қалмай келеді.
09 Наурыз, 2022
Сотқа бермесе, субсидия төлемей ме?
Кейінгі он жылдықта елімізде құс шаруашылығының өнімдеріне деген сұраныс көбейген екен. Сәл арыдағы болжам бойынша отандық өндірістің өнімін, оның ішінде ет тұтынудың жылдық көрсеткіші 360-380 мың тоннаға дейін өсуге тиіс еді. Алайда ішкі нарықты қамту үлесі өткен жылы ғана 300 мың тоннаға әрең жеткен көрінеді. Яғни агроөнеркәсіп кешені құс етіне сұранысты өтеуге қабілетсіз. Дерекке сүйенсек, бұл бағыттағы жергілікті қамту 60 пайыз шамасында болса, импорт көлемі 40 пайызды құрап отыр.
09 Наурыз, 2022
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтіп, бірқатар заң жобасы мақұлданды. Депутаттар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске байланысты мәселелер бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
09 Наурыз, 2022
Отанды қорғау абыройлы міндет емес пе?!
Орал қаласында 704 жас Отан алдындағы әскери міндетін өтеуден жалтарып жүр. Олардың 111-іне іздеу жарияланған. Ал 593 адам тұрақты мекенжайын өзгертіп, белгісіз жаққа көшіп кеткенімен, жаңа мекенжайы бойынша әскери есепке тұруды қажет деп таппаған.
09 Наурыз, 2022
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені сақтап қалды
ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлеменің 13,5% деңгейінде сақталуы туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
09 Наурыз, 2022
«Egemen Qazaqstan» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары ауысты
2016 жылдың шілдесінен бастап «Egemen Qazaqstan» газетінде және басқармада қажырлы қызмет етіп келген Айбын Шағалақтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Egemen Qazaqstan» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып Жандос Бәделұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Наурыз, 2022
5G-дің қашан іске қосылатыны айтылды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі Асхат Оразбек елімізде 5G қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Наурыз, 2022
Қарағандыда тергеу изоляторынан қашып кеткендер ұсталды
Қарағанды обылысының Шахтинск қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау оқшаулағышынан қашып кеткен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Наурыз, 2022
Ұлттық қауіпсіздікке қызмет еткен екі депутат Мәжілістен кетті
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Файзолла Қаменов, Сергей Решетниковтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Наурыз, 2022
Аманжол Әлтай Мәжіліс депутаты ретінде ант берді
Аманжол Әлтай ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Наурыз, 2022
Бейжің: Қоржынға қола жүлде түсті
Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына қола жүлде түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Наурыз, 2022
Елімізде жыл сайын балабақшалар мен мектептердің саны артуда. Басты мақсат – саналы ұрпақ қалыптастыру. Бұл ретте еліміздегі балабақшаларда қызмет атқарып жүрген тәрбиешілердің еңбегі орасан. Тараз қаласындағы №30 «Назерке» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Айнұр Қожамқұлова – егемен еліміздің ертеңгі буынын тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп келе жатқан жоғары санатты маман.
08 Наурыз, 2022
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жарық көрген «Социалистік Қазақстан» газетін ақтарып отырып, атақты филолог ғалым, академик Қажым Жұмалевтің «Майдандағы қазақ қыздары» атты шағын мақаласын ұшыраттық. Онда: «Рауза Шамшатова, Әдия Молдағұлова (Әлия шығар), Ерке Оразбаева, Баян Байғожина, Балшекер Ахметова, т.б. қазақ қыздары майданда ерлік көрсетті.
07 Наурыз, 2022
Әлқисса, сіздерге бір байдың қызы туралы айтсам деймін. Ол бұла өскенімен, жасынан өнерге, ғылымға аңсары ауған, оңы мен солын ерте таныған, тіпті қаршадайынан Еуропа мәдениетімен сусындаған, есейе келе туған елінің өнеріне ерекше үлес қосқан қарлығаштардың бірі болды.
07 Наурыз, 2022