Редакция таңдауы
Сапалы білім – елдігіміздің кепілі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде мәдениет пен білім ел дамуының құрамдас бөлігі екенін айта келіп, білім саласын өрге жетелеудің бірнеше мәселесіне тоқталды.
20 Қаңтар, 2022
Халық сеніміне сызат түспеуі керек
Қатыгездік таныту бойынша құзырлы органдарға 21 өтініш келіп түскен. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мәлімдеді.
20 Қаңтар, 2022
Күннен-күнге белең алып келе жатқан «Омикрон» штамы эпидемиялық ахуалды одан сайын ушықтырып жіберді. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 874 жағдай тіркелді. Індеттің өршуі еліміздің барлық тұсында байқалып, бүгінде 16 өңіріміз «қызыл аймақта» тұр.
20 Қаңтар, 2022
Қостанай облысы Арқалық қалалық Дала өлкесі мұражайында Сары Қошқар батырдың кіреуке сауыты сақталған. Тарихи жәдігерді мұражайға 1973 жылы Амангелді мемориалдық музейінің директоры Жаңбыршы Жаңғабылов тапсырған.
19 Қаңтар, 2022
Мүмкіндігі мол тау-кен саласы неліктен ел экономикасына елеулі үлес қоса алмай отыр?
Қазіргі уақытта Қазақстанның тау-кен саласындағы өзекті мәселелер жылдан-жылға қордаланып, еркін инерциямен құлдырау кезеңіне жақындап қалды. Қоғамда мамандар тарапынан айтылып жатқан ұсыныстарды тиісті шешім қабылдаушы мемлекеттік органдар естімей отыр. Естісе де, мән бермей келеді. Тәуелсіздікке қол жеткен отыз жыл ішінде жаңадан бірде-бір ірі кен орыны ашылмағаны, әлі күнге Кеңес заманында табылып, зерттелген және бүгінде таусылуға жақын қалған кен орындарын игеріп отырғанымыз ешкімді алаңдатар емес.
19 Қаңтар, 2022
Әр бала ұстаздан тәлім алуға лайықты
Жыл сайын жоғары оқу орындарынан мыңдаған педагог диплом алып шығады. Алайда ел өңірлерінде әлі күнге дейін маман тапшы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында мұғалім жетіспейтін өңірлердің мәселесін шешуді тапсырды. Түйткілдің түйінін тарқатудың тиімді тәсілі қандай?
19 Қаңтар, 2022
Ресейдің Украинаға төндірген қаупі Шығыс Еуропадағы биылғы ықтимал дағдарыстың бірі ғана емес, Босния және Герцоговина да күрделі саяси кезеңге аяқ басады.Алдағы қазан айында елде маңызды сайлау күтіп тұр.
19 Қаңтар, 2022
Қазақстанда утилизациялық алымдар «Жасыл даму» АҚ-на берілді
«ӨКМ Операторының» утилизациялық алымдар жинағы бойынша қызметі тоқтатылып орнына жаңа компания анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2022
Алматылық кәсіпкерлердің өтініші арнайы сайт арқылы қабылданады
Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде келтірілген шығынның жалпы сомасы 95 млрд теңгеден асады. 1600 кәсіпкерлік субъекті зардап шекті. Оның 96 пайызы шағын және орта бизнес өкілдері. Бұл туралы брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2022
Елордалық дәрігерлер ковид орталығындағы жағдайды көрсетті
Елордалық жұқпалы аурулар орталығының медицина қызметкерлері науқастарды емдеу барысында түсірілген видеолармен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2022
Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі өтеді
Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезі өткізіледі. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2022
Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуін жою туралы заң қаралды
ҚР Парламентінің Мәжілісі Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық етуін жою туралы заңға түзетулер енгізу жөніндегі ұсынысты қарады, деп хабарлайды Egemen.kz Zakon.kz.-ке сілтеме жасап.
19 Қаңтар, 2022
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы ауысты
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына Еркін Советбекұлы Ботақанов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2022
Руслан Жақсылықов ҚР Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды
Руслан Жақсылықов ҚР Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
19 Қаңтар, 2022
ҰҚШҰ әскерінің соңғы легі Қазақстаннан шықты
РФ әскери-көлік авиациясының соңғы төрт ұшағы Қазақстаннан Ресейге ұшып кетті. Ішінде ҰҚШҰ күштері мен бітімгерлер жетекшісі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2022
«ӨКМ операторы» утилизациялық алым жинау құқығынан айырылды
Үкімет «ӨКМ операторына» қатысты қаулы қабылдады. Қаулы primeminister.kz-те жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2022
Мүгедектерге берілетін жәрдемақының орташа мөлшері белгілі болды
Бүгінгі күні мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 51 094 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 43 836 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2022
Тәлімгер ұстаз, білікті басшы еді...
Былтыр 4 қарашада «Egemen Qazaqstan» газетінде елордадағы Қайым Мұхамедханов атындағы №90 мектепте ашылған Қазақ тілі кабинетіне өмірінің соңғы кезеңінде осы оқу орнының басшысы болған Ербол Іргебай есімі берілгені туралы жазылды. Бұл – күні кеше ғана орталарында жүрген, аз ғұмырында өшпейтін үлгі-өнегесін қалдырған ардақты азаматқа мектеп ұжымы көрсеткен лайықты құрмет еді.
19 Қаңтар, 2022
Ұсталғанның бәрі қылмыскер емес
Күнтізбені қанмен айғыздаған қаңтар қырғыны ел тарихындағы ең бір ауыр қасірет ретінде таңбаланды. Бейбіт таңда Отан қорғаушылар мен қарапайым тұрғындар қаза болып, талай ошақтың оты сөнді.
19 Қаңтар, 2022
Өнерде шекара жоқ. Сіз бұрын есімін естімеген, біз ныспысын білсек те өнерінен бейхабар Огюст Рене Роден жайлы айтпақпыз. Жаңашыл мүсіншінің ойлау дағдысы, таным-таразысы қайран қалдырады. Әсіресе біз мысалға алған мүсіні. Тақырыбының өзінен ызғар есіп тұр. Ал ішіне қарай үңілсеңіз, сіз де бейопа күй кешетініңіз анық.
18 Қаңтар, 2022