Редакция таңдауы
Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласын оқып отырып, толғаныстарына тебіреніп, бірге сұхбат құрғандай әсерде болдым. Бостандық пен азаттықты аңсаған қазақ мемлекетін құру жауапкершілігі тағдырына жазылған тұлғаның бұл жолы халқына сырын ақтарып, толғанған күйі ерекше тебіреніспен әсер етті. Саясаттағы байсалды ұстанымның арқасында Қазақ елі өз биігін бағындырғаны ақиқат.
08 Желтоқсан, 2021
Ел бірлігін егемендігіміздің туы етіп көтерді
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының басынан бағы тайған сан қилы тарихын, ұлт болашағының жарқын болуы, тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолында отқа да, суға да түсіп жүріп қызмет еткен кездерін, басқа түскен барлық қиыншылықты мойымай көтерген күндерін, тағылымы мол тарихи істерін «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында жариялап отыр. Бұл – мақала Тәуелсіз елдің азат ұрпақтары мол сабақ алатын материал.
08 Желтоқсан, 2021
Тұлғаларды сөйлеткен туындылар
Қазақстаның Тұңғыш Президенті − Елбасы кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Суретшілер одағының мүшесі Нұржан Қарымсақовтың «Ұлы дала перзенті» атты жеке көрмесі ашылды.
07 Желтоқсан, 2021
Бұл сәтті әсіресе шығысқазақстандықтар ұзақ күтті. Олай деп отырғаным, еліміздің тарихи-мәдени орталығы – Семей шаһарындағы идеологиялық тұрғыда әбден ескірген 56 көшенің атауы ауыстырылады. Ең бастысы, қаланы ұзыннан-ұзақ қақ жарып жатқан Н.Морозов көшесі Әлихан Бөкейханның атымен аталатын болды. Еске сала кетсек, бұл мәселе «Egemen Qazaqstan» газетінде «Қарт қалаға қазақы қан жүгірсе...» деген тақырыппен жыл басында көтерілген болатын.
07 Желтоқсан, 2021
Бүгін «Барыс GENERATION» жаңа сериалы эфирге шығады
Бүгін «Хабар» телеарнасынан отандық хоккей спорты туралы алғашқы мотивациялық «Барыс GENERATION» жаңа сериалы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен көрерменге жол тартады, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Желтоқсан, 2021
Елордада ерекше қажеттілігі бар жандар үшін жұмыс орындары ұлғайды
Мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру – оңалтудың ең жақсы тәсілі. Нұр-Сұлтан қаласында мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуына бағытталған жеңілдіктер жүйесі қарастырылған. Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері осы санаттағы 600-ден астам жұмыспен қамтамасыз етілді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
07 Желтоқсан, 2021
Мемлекет басшысы Талас Омарбековтің отбасына көңіл айтты
Мемлекет басшысы белгілі ғалым Талас Омарбековтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
07 Желтоқсан, 2021
Тейлор-Шарипова жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды
Қазақ арулары арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Фируза Шарипова кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегінде әлемнің абсолютті чемпионы атануға күш салады. Жеңіл салмақтағы ауыр шайқастың қай күні, сағат қаншада өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Желтоқсан, 2021
Қырғызстандықтар қазақстандық ЖОО-да оқитын болады
ҚР БҒМ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін хаттама жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Желтоқсан, 2021
«Elorda zhastary» бағдарламасына іріктеу нәтижелері жарияланды
«Elorda zhastary» бағдарламасы бойынша алғашқы іріктеудің нәтижелері үш тізімде жарияланды: «Мақұлданды», «Резерв», «Бас тартылды», деп жазады Egemen.kz.
07 Желтоқсан, 2021
274 миллион адам көмекке мұқтаж
Біріккен Ұлттар Ұйымы дүние жүзінде гуманитарлық көмекке деген қажеттілік күрт артып келе жатқанын хабарлады. Келесі жылы бұл көрсеткіш ең жоғары деңгейге жетпек. Өйткені пандемия, климаттың өзгеруі және қақтығыстар ашаршылық қаупін арттыра түседі.
07 Желтоқсан, 2021
Былтырдан бері елімізде мүлік иелерінің бірлестіктері институтын енгізу реформасы іске асырылуда. Ол «бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» қағидатына негізделген. Реформаның маңыздылығы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтылды. Тиісінше, Қазақстандағы 54,5 мың көппәтерлі тұрғын үйдің 46,5 мыңы басқарудың жаңа нысанына көшуге тиіс.
07 Желтоқсан, 2021
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев дер шағында, ұлыстың ұлы тойының дәл қарсаңында жариялаған «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында: «Біз атом қаруынан өз еркімізбен бас тартып, бүкіләлемдік ядролық қарусыздану көшін бастадық. Бұл – Қазақстанның жаһандық бейбітшілікті сақтауға қосқан теңдессіз үлесі» деп атап айтқан, қадап көрсеткен. Иә, Қазақстанның әлемдегі бейбітшілік жолындағы шерудің көшін бастағанының өзіне отыз жыл толып отыр. Оны отыз жылдан бері бүкіл әлем біліп, лайықты бағалап отыр.
07 Желтоқсан, 2021
Бизнесті берекелі еткен бес жыл
Бұрын бизнес саласына екінің бірі бара бермейтін. Өйткені көпшіліктің түсінігінде кәсіпкерлікпен қалталылар ғана айналысады және бұл қара халыққа қол емес. Санаға сіңіп қалған осы бір қасаң қағиданы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жетекшілік ететін «Бастау Бизнес» жобасы біржола бұзып, халықтың түсінігіне сілкініс әкелді. Қазір жағдай мүлдем өзгерген. Шағын және орта бизнеспен жас та, жасамыс та, жарлы да, малды да айналыса алады. Бастысы ниет болса болғаны. Қолдау түрлері де көп. Сондықтан болар, осы күні ел ішінде жеке бизнесін ашып, берекелі іспен айналысуға бел буған отандастарымыздың қатары қалың. Ал ниеттілердің нөпірі әлі де толастар емес.
07 Желтоқсан, 2021
Паганини, сенің не сиқырың бар осы?.. Жын иектеп кеткендей сахнада еркінен тыс елегізіп, бақсыдай аласұрған өнер иесінің өмірі бал мен удың қосындысындай еді. Бірақ оны ешкім білмеді. Оның жалынды темпераменті және көз ілеспес жылдамдығы залда отырған көрерменді өртеп жіберердей ыстық болатын. Содан да болар, оны жұрт «XIX ғасырдың долы бораны» санады.
06 Желтоқсан, 2021
Мұрат Жұрынов: Елдің келешек дамуы ғылым деңгейімен айқындалады
Биыл ғылымның қара шаңырағы – Ұлттық ғылым академиясының құрылғанына 75 жыл толды. Осы жылдарда академия кеңестік басқару жүйесінен Батыс Еуропа үлгісіне көшіп, қоғамдық қор ретінде жұмысын жалғастырып келеді. Алпыс жылдан астам еңбек жолын білім мен ғылымды дамытуға арнаған ғалым, елімізге және шетелдерге танымал академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновпен әңгімемізде отандық ғылымның дамуына қатысты мәселелер айтылды.
06 Желтоқсан, 2021
Сапалы білім беру мәселесі қозғалды
Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстан азаматтарының білім беру саласы бойынша Конституцияда бекітілген құқықтарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Комиссия төрағасы Игорь Роговтың жетекшілігімен өткен жиында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндама жасап, осы бағытта атқарылған ауқымды жұмыстарға кеңінен тоқталды.
06 Желтоқсан, 2021
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Документальная хроника» жинағының IV-V томдары көпшілікке таныстырылды. Биыл мамыр айында осы еңбектің алғашқы үш томы Сенаттың ұйытқы болуымен Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында жарық көрген еді.
06 Желтоқсан, 2021
Еліміздің бас басылымында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты отыз жылдық белеске көз жіберіп, парасатты ой қорытқан мазмұнды мақаласы жарық көрді.
06 Желтоқсан, 2021
Ұлттық қор тарыққанда демеу болады
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығының басында Қазақстан ресурстар мен тәжірибе жинақтап, экономикалық жаңғыртуды, инфрақұрылымды жаңартуды және шикізаттық тәуелділіктен алшақтауды жүзеге асыра бастағанын атап өтеді. Осы күрделі міндетті шешу процесінде жаңғыруға жол ашатын ресурстарды жинақтаудың негізгі құралына айналған Қазақстанның Ұлттық қоры маңызды рөл атқарады.
06 Желтоқсан, 2021