Редакция таңдауы
«Омикрон» штамы: Нұр-Сұлтанда қосымша шектеулер енгізіле ме?
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде пандемияға қосымша карантин шектеулерін енгізбеу үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Желтоқсан, 2021
Педагогтердің орташа жалақысы қанша?
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің орташа жалақысын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Желтоқсан, 2021
Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы 14,6%-ға өсті
Қазақстанда құрылыс материалдарының бағасы бір жыл ішінде 28%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Желтоқсан, 2021
AIBA президенті Қазақстанға ресми сапармен келді
Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының президенті Умар Кремлев Қазақстанға келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Желтоқсан, 2021
Алматыда қазақстандық спортшы Серік Сәпиевтің Олимпиада алтынына қол жеткізу тарихын баяндайтын «Боксшы» фильмінің тұсаукесері өтті. Кинотуындының алғашқы көрсетіліміне басты кейіпкердің прототипі, атақты спортшы Серік Сәпиев қатысты.
03 Желтоқсан, 2021
Алматылық 1 мыңға жуық жас маман жаңа пәтерлерге қоныстанды
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған қандай керемет заман болса да, үйі жоқтың – күйі жоқ. Алдымен адамға баспана керек. Армандардың да үлкені – жайлы үй. Осы мәселеде Отбасы банкі сауапты қадамдарға ғана емес, үлкен саясатқа барып отырғанын мойындау ләзім.
03 Желтоқсан, 2021
Елорданың тұрғын үй алаптары газға қосылды
«ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы Нұр-Сұлтан қаласындағы Интернациональный, Мичурино және Күйгенжар тұрғын үй алаптарын табиғи газға қосты. Айтулы оқиға Тұңғыш Президент күні қарсаңында орын алып, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді.
03 Желтоқсан, 2021
Жамбыл жастары Елбасы үндеуін қолдайды
Тұңғыш Президент күніне орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты жастарға арналған үндеуі бойынша ашық диалог өтті. Шараға қатысушылар әуелі «Елдіктің жеті тұғыры» атты жеті тақырыптағы кітап пен фото, картиналар және жобалар көрмесімен танысты. Сондай-ақ Елбасы туралы бейнероликті тамашалады.
03 Желтоқсан, 2021
Бұқаралық спорт – ұлт саулығының басты кепілі екені баршаға белгілі. Тәуелсіздік алған жылдан бері «Тәні саудың – жаны сау» қағидасын берік ұстанған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандықтарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырып келеді.
03 Желтоқсан, 2021
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев жеке кітапханасын сонау 60-жылдарда – студент кезінен жинай бастапты. Қазіргі таңда Елбасының жеке кітапханасының кітапхана қорында 35 мыңнан астам басылым бар. Нұрсұлтан Назарбаев Абай мен Шәкәрімді, Мұхтар Әуезовті, Сәкен Сейфуллинді, Ілияс Есенберлинді, Фариза Оңғарсынованы, шетел әдебиетінен Лев Толстой мен Антон Чеховты, Достоевскийді, Борис Акунинді, Шекспир және Стендальді, Конан Дойлды, Оливер Стоун жазған «Американың белгісіз тарихы», Франклин Рузвельттің «Камин жанындағы кездесуін» және т.б. көптеген кітаптарды оқыған.
03 Желтоқсан, 2021
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде Елбасының жеке топтамасындағы жәдігерлер, мемлекет басшылары мен олардың ресми өкілдерінің сыйлықтары, өнер туындылары және мәні зор тарихи құндылықтар жинақталған. Біз осы жолы музейдің «Даңқ» галереясындағы экспозициясын сөйлетсек дейміз. Онда Тұңғыш Президентіміздің жетекшілігімен жүзеге асқан Қазақстанның жаһандық саясатының дәлелдері жинақталып, 50-ден аса қоғамдық және жоғарғы мемлекеттік награда орналасқан.
03 Желтоқсан, 2021
ЭКСПО-2020: Қазақстанның ұлттық күні аталып өтті
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барып, EXPO 2020 Dubai дүниежүзілік көрмесінде Қазақстанның ұлттық күні аясындағы іс-шараларға қатысты.
03 Желтоқсан, 2021
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жамбыл апталығы» аясында «Жамбыл және түркі әлемі» атты халықаралық онлайн-конференция өтті. Оған Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Болгария, Башқұртстан және Саха Республикасынан танымал жамбылтанушы, әдебиетші, тілші ғалымдар мен осы оқу орнының жастары қатысты.
02 Желтоқсан, 2021
Елорда төрінде жаңадан ашылған мекеме Мәдениет және спорт министрлігі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының реставрация-консервация бөлімінде осыдан 112 жыл бұрын Петербор қаласында басылып шыққан Абай Құнанбаевтың құнды кітабы жаңғыртылып, жаңарған нұсқасы Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне табысталды.
02 Желтоқсан, 2021
Кәсіпті нәсіп еткендер – елге құт
Тәуелсіздік алғалы ел саясатының басым бағытының бірі бизнесті қолдау болып келеді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан – ТМД мемлекеттері арасында алғаш болып кәсіпкерлерге жүйелі түрде қолдау көрсетіп келе жатқан ел. Елбасы 1992 жылдың 5 мамырында Қазақстанда алғаш рет кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 1992-1994 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын мақұлдады, шілде айында «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» заңға қол қойылды. Осылайша, Тұңғыш Президенттің бастамасымен орта және шағын кәсіпкерлікке қолдау көбейіп, қолайлы жағдай жасала бастады.
02 Желтоқсан, 2021
Студент – қаржы түсірудің көзі емес, тәрбиеленуші тұлға
Біз жоғары білімді жастарға болашақта ел экономикасының тізгінін ұстайтын, қоғамымызды алға бастыратын күш ретінде үмітпен қараймыз. Еліміздің бірлігін, ұлтымыздың мәдениетін, ана тілімізді, халқымыздың дәстүрлерін дәріптеп, жалғастыратын да солар.
02 Желтоқсан, 2021
Елордада газбен жүретін автобус сынақтан өтеді
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ержан Диханбаев газбен жүретін қоғамдық көліктерді сынау ниеті туралы айтты. Спикердің айтуынша, газ автобустарын сатып алу мәселесі зерделенуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Желтоқсан, 2021
Отандық кино нарығына 6 тарихи сериал қосылды
Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген тарихи телехикаялардың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Желтоқсан, 2021
Жалғас қарсыласын жазалауға дайын
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, UFC жауынгері Жалғас Жұмағұлов «Ушатайка: Спорт-Экспресс» ютуб арнасына сұхбат беріп, алдағы жекпе-жегіне қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Желтоқсан, 2021
Мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктерге рұқсат беріле ме?
Балабақшаларда немесе мектептерде жаппай ертеңгіліктер болмайды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес елімізде бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Желтоқсан, 2021