Редакция таңдауы
Жаңа халықаралық тәртіптің бес нұсқасы
МАДРИД. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жаһандық институционалдық тәртіп ескірген. Бұл таңғаларлық жаңалық емес. Реформаның қажет екені бұрыннан белгілі еді. Дегенмен өзгерістерді көптеген адамның ойлағанынан да жан-жақты әрі шұғыл жасау керек.
19 Қазан, 2021
Еуропалық одақтың Арктикаға қатысты ұстанымы
БРЮССЕЛЬ. Арктика тез өзгеріп барады. Әсіресе жаһандық жылыну күшейіп, қазба байлықтарға таласу артып, геосаяси бақталастық күшіне енген тұста оның әсері де орасан болмақ. Өңірдің келешегіне қатысты Еуропалық одақтың өзіндік мүддесі де, қосатын үлесі де бар. Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимылды, халықаралық ынтымақтастықты, тұрақты экономикалық даму және адамдарды бірінші орынға қою арқылы қарым-қатынасымызды күшейтпекпіз.
19 Қазан, 2021
1 доллар = 500 теңге: Валюта бағамы өзгеруі мүмкін бе?
Белгілі экономист Айдархан Құсайыновтың болжамынша, доллар бағамы 500 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Facebook-тегі жеке парақшасында пікірімен бөліскен экономист теңге «жасанды» қолдауды есепке алғанның өзінде асыра бағаланып, Ұлттық банктің қаржы-несие саясаты инфляцияға жол ашып отыр деп есептейді.
19 Қазан, 2021
Цифрлар сап түзеген сөйлемдерден қорқу керек. Себебі онда шындықтың үлесі кемшін болмақ. Әсіресе, Қазақстанда. Десе де қоғам температурасын өлшеп отыратын порталдар ұсынған кейбір санайғақтарды ескермей қалуға тағы болмайды. Мұның бір жақсысы – кейін ой қорытуға, артық пен кемді саралап, таразылауға таптырмас олжа.
19 Қазан, 2021
Ел ертеңіне керек кадрлар даярлана ма?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында білім мен ғылым саласы әрдайым қоғамның алдында жүруі керек екенін айтты. Барлық салаға маман даярлайтын білім беру жүйесі өзгеден көш ілгері болуы үшін әрдайым болашақты алдын ала болжап, алда қандай маманның тапшы немесе сұраныста болатынын бағамдай білуі тиіс. Жақында Білім және ғылым министрлігі отандық жоғары оқу орындарында 300-ден аса жаңа білім беру бағдарламасы енгізілгенін хабарлады. Демек осыншама жаңа мамандыққа жол ашылды деген сөз. Бұл қандай мамандықтар? Шынында да елдің ертеңіне керек кадрлар даярлана ма?
19 Қазан, 2021
Қазгидромет алдағы қысқа болжам жасады
«Қазгидромет» РМК 2021 жылғы қараша - 2022 жылғы наурыз айларына консультативтік маусымдық ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қазан, 2021
Елордада «Мұқағали» фильмінің тұсаукесері өтті
Нұр-Сұлтан қаласында белгілі режиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» фильмінің тұсаукесері өтті. Аталған кинотуынды қазанның 21-ші жұлдызында ұлттық прокатқа шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қазан, 2021
Қазақстанда карантиндік шектеулер жеңілдейді
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой Үкімет отырысында 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин шаралары жеңілдейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қазан, 2021
Бәріміз бір аспанның астындамыз
Аспан ғана Құдайды ойға салады. Ал шынында, бәріміз бір әлемнің кішкентай бөлшегіміз. Ұшқан құс та, жүгірген аң да, теңіз де, тұмса табиғат та – Тәңірдің қолтаңбасы. Әйтсе де, қолмен ұстап көре алмайтын, бірақ жан сезінетін, іштей түйсінетін құбылыстар қаншама? Мұны тек қана өлеңмен не болмаса бояумен бейнелеуге болатындай. Жалпы, адамның өре биігі ол құпияны да әшкерелеп қойды. Сенбесеңіз, әйгілі суретші һәм кескіндемеші Шаймардан Сариевтің «Әлем» атты картинасына назар салыңызшы. Дулы дүниенің дәл өзіндей шым-шытырық.
19 Қазан, 2021
Өңірдің эпидемиялық ахуалы жақсарып, індет жұқтырғандар саны едәуір азайғанымен, дәрігерлер соңғы уақытта инфекциялық орталыққа келіп түскен науқастардың дертіне көпке дейін ем дарымай жатқанын айтып отыр.
19 Қазан, 2021
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
19 қазан күні республиканың басым бөлігіне антициклон жотасының ықпалы жалғасады. Соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қазан, 2021
Қазір ХХІ ғасыр – білімнің заманы. Білімсіз ешқайда бара алмаймыз. Сондықтан білім сапасын жақсарту мақсатында көптеген өзгеріс жасалуда. Соның бірі – білім беру платформаларының еліміздің экономикалық дамуына да тигізер әсері мол. Қазақстанда жекеменшік ондаған білім беру платформалары бар. Бірақ оның көпшілігі көршілес ресейлік платформалардан материалдардың түрлі нұсқаларын сол күйі алып, атауын ғана өзгерте салған жобалар.
19 Қазан, 2021
Шаңырақты шаттыққа бөлеп, үй ішіндегі ауызбірлік пен махаббатты бекіте түсетін бірден-бір дәнекер – бала. Өкінішке қарай, елімізде әрбір алтыншы отбасы бір перзентке зар болып отыр. Арасында бала болмауы көбіне талай жұптың ажырасуына әкелетіні де белгілі. Ал «Отан отбасынан басталады» дегендей, мемлекет қашан да әрбір отбасының берік қалпында сақталып қалуына мүдделі.
19 Қазан, 2021
Мыңғыртып мал бақсаң да, гектарлап егін ексең де Шығыстың жері қолайлы. Бүгінде жалпы көлемі 1 384 гектар егістік алқабы орылып, қамбаға төгілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, 17 мың гектарға артық. Алқаптың көлеміне қарай, түсім де жаман емес. Егін пісе сала техника тізгіндеген шаруалар әлі тыным таппаған.
19 Қазан, 2021
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық болып, 3 бағытта дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік инвестициялық жоба жүзеге асады. Нәтижесінде, 1 050 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Түркістан қаласына келуші туристер саны да көбейген. Биылғы тоғыз айда 1,1 млн адам келіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,6 есе артқан.
19 Қазан, 2021
Бөкей ордасының бағын ашқан – Тәуелсіздік
«Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, Оқулығы жұп-жұқа, бірақ тағы» деген қазақ поэзиясының патриархы Қадыр Мырза-Әлінің екі шумақ өлеңі ел аузында жүр. Бұл жалпы ұлт тарихына қатысты айтылған ақиқаттың жыр жолына айналған түрі болса, елдікті еңселендіруде Бөкей хандығының құрылуы мен қалыптасуы да осы қалың тарихтың сүбелі бір бөлігін құрайтыны хақ.
19 Қазан, 2021
Алдын алса, қатерлі ісік емделеді
Түркістан қаласында Қазақстан онкологтері мен радиологтерінің VIII съезі өтті. Маңызды шарада заманауи онкологияның өзекті мәселелері, соның ішінде COVID-19 пандемиясы жағдайында онкологиялық көмек көрсету мәселелері талқыланды.
19 Қазан, 2021
Елдің рухын серпілтіп, еңсесін көтерген, елдігіміздің ерен үлгісін әлемге паш еткен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске асқаны баршаға мәлім.
18 Қазан, 2021
Құстарды сақтандыру мемлекеттен субсидияланады
Бүгінде Қазақстанның мал шаруашылығында мемлекет субсидиялайтын алты сақтандыру шарасы жұмыс істеп тұр. Енді бұл тізімнің қатары үй құстарын сақтандырумен толықтырылды.
18 Қазан, 2021
Қалай десек те, кеңес кезіндегі классикалық әуендер кіреберісте қалып кетуге тиіс емес. Әсіресе сіз бен біздің балалық шағымыздың мөп-мөлдір естелігіндей көрінетін көңілді әуендер ырғағы. Балаңызға ыңылдап ән айта бастасаңыз алдымен көкейіңізге оралатын сол сұлу да сазды әндер емес пе? Әзірге қазақ даласында соларды ұмыттыратын балалар әні өмірге келмеді. Бар болса да үні бәсең. Содан да болар дәуір алмасса да өміршең туындылардың жаңғырығы құлаққа келеді де тұрады.
18 Қазан, 2021