Редакция таңдауы
Атырау облысында көшедегі дәретханадан нәресте табылды
Индер ауданында жас ана жаңа туған нәрестесін көшедегі дәретханаға тастап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қазан, 2021
Қазақстан құрамасы ФИФА сыйлығын иеленді
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Қазақстан құрамасына Литвада өткен футзалдан Әлем чемпионатындағы өнері үшін арнайы сыйлық табыс етті, деп жазады Egemen.kz.
04 Қазан, 2021
«Атамекен» ақпараттық-танымдық экспедициясы Түркістан облысында жалғасты
Түркістан мен Қызылорда облыстарының шекарасында экспедицияның қызылордалық мүшелерін танымал жазушы, «Алаш» және «Түркі әлеміне қызмет» Халықаралық сыйлықтарының лауреаты Мархабат Байғұт, К.Симонов атындағы Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Нармахан Бегалиев, Түркістан облысының үздік жазушысы номинациясының иегері Абылай Есімбай, сонымен қатар Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков пен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дінмұхамед Жақыпбеков бастаған, құрамына бірқатар ақпарат құралдарының өкілдері кірген топ дәм-тұз ұсынып, құшақ жая қарсы алды.
03 Қазан, 2021
Большевиктер саясатына қарсы бағытталған Батыс Сібір шаруаларының көтерілісі туралы бүгінде сирек айтылады. Осыдан 100 жыл бұрын – 1921 жылы Сібір өңірінде тонау, зәбір көрсету шектен шығып кеткені соншалық, бейбіт тұрғындар қолдарына қару алып, коммунистерге қарсы тұруға мәжбүр болды.
03 Қазан, 2021
Орта Азияның тұңғыш саяси эмигранты
Мұстафа Шоқай (Чокай, Чокаев, Чокай-оглы) – Ресейдегі және өзінің туған жері Қазақстандағы ең танымал тұлға, ғұмыры қысқа болған Түркістан автономиясының көшбасшысы. Қазақтың ақсүйек әулетінен шыққан Мұстафа Шоқай 1918 жылы жаңа билікті қабылдай алмай, 1921 жылдан 1941 жылға дейін Францияға қоныс аударып, сонда орнығады. Кеңес кезеңінде, 1930 жылдар мен 1940 жылдардың басында оған Германиядағы нацистік режіммен байланысып, ынтымақтастық орнатты деген айып тағылды.
03 Қазан, 2021
Оқу орындарында оқыс оқиға болмасын десек...
Жақында Ресейдің Пермь университетінде орын алған, одан төрт ай бұрын Татарстан астанасы Қазандағы мектепте болған қайғылы жағдайлар білім беру нысандарындағы қауіпсіздікті күшейтудің маңызды екенін көрсетті. Бұл оқиғаға бейжай қарамаған елімізде балалар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз етудің кешенді іс-шаралары қолға алынып, террористік тұрғыдан осал оқу орындарының қорғалуына баса мән беріліп жатыр.
03 Қазан, 2021
Көміртегі бейтараптығына бірлесе қол жеткізу маңызды
Әлем экологиялық апаттың алдында тұр. Сондықтан барлық мемлекет қазірден бастап бірлесе нақты іс-қимылға көшпесе, ахуал ушығуы мүмкін. Түркістанда өткен «Өңірлік ынтымақтастық және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бағытындағы бірлескен іс-қимылдар» тақырыбындағы I Орталық Азия форумында осындай пікір айтылды.
03 Қазан, 2021
Қазақ елі Қарасазда ерен ақынды еске алды
Биыл қазақ әдебиеті үшін атаулы күнге толы жыл болғаны анық. Оның ішінде ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойын атап өтуге деген ел ықыласы ерекше еді. Әсіресе, ақынның кіндік қаны тамған Жетісу өлкесі, оның ішінде Қарасаз ауылы даңқты перзентінің тоқсан жылдығын торқалы той етіп өткізуге ұзақ дайындалды.
03 Қазан, 2021
Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді мерекемен құттықтады
Бүгін – Мұғалімдер күні. Мерекеге орай, Білім және ғылым министрі әріптестеріне құттықтау жолдады, деп жазады Egemen.kz.
03 Қазан, 2021
Қазгидромет 3 қазанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қазан, 2021
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
Талдықорган қаласында түнде 3 қазанда 1-3 °С үсік күтіледі, деп жазады Egemen.kz.
02 Қазан, 2021
ЕХРО-2020 DUBAI: Қазақстан павильоны салтанатты түрде ашылды
Дүниежүзілік ЕХРО-2020 DUBAI көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильоны өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қазан, 2021
Дәрігерлер COVID-19 симптомдарының өзгергенін мәлімдеді
Күзде коронавирус жұқтырған науқастардағы симптомдар оның алдында жұқтырғандардан басқаша және көбіне тұмаудың белгілеріне ұқсас бола бастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қазан, 2021
Жұмаға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер қазан айының алғашқы күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қазан, 2021
Бүгін – Халықаралық қарттар күні
1 қазан күні елімізде Қарттар күні аталып өтілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қазан, 2021
Облыс орталығындағы 912 көпқабатты тұрғын үйдің 897-і ғана жылуға қосылған. Автоматтандырылған жылу бекеттерінде жұмыс істейтін маман жоқ. Балабақшадағы сәбилер қыс келмей-ақ қалтырап отыр.
01 Қазан, 2021
Қазақ руханиятының қабырғалы өкілдерінің бірі Сұлтан Оразалының өмірден өткеніне де қырық күнге таяпты. Белсенді қаламгер біздің газетіміздің белсенді авторы еді. Әдебиет, мәдениет мәселелеріне арналған мәйекті мақалалары, ұлтымыздың тұғырлы тұлғалары туралы ой-толғамдарын оқырман әр кез жылы қабылдайтын. Жуырда Сұлтекеңнің баласы Дулат қазақтың даңқты перзенті Талғат Бигелдинов жайында жазылған әкесінің мына бір эссесін тапсырған еді. Марқұм көзі тірісінде осы жазбасының «Egemen Qazaqstanda»» басылғанын қалаған екен. Абзал ағаның аманатындай осы бір дүниені көпшілік назарына ұсынып отырмыз.
30 Қыркүйек, 2021
Биыл ғасырлық межеге көтерілген Қазақ радиосының қазақша хабар тарататын қызметі қырық пайызға дейін қысқарып қалған алпысыншы жылдардың жуан ортасында алыс пен жақындағы ағайынға тек қана ұлт тілінде сөйлейтін «Шалқар» бағдарламасының ашылуы кездейсоқ емес еді.
30 Қыркүйек, 2021
Қазіргі әлемдегі саяси жағдайдың ушығуы, түрлі аймақтарда қақтығыстар өршіп, босқындардың көбеюі, еуропалық ықпалдасудың болашағына күмәнмен қарайтын ұлтшыл еуроскептиктердің саны артуы, шовинистік пиғылдағы кейбір шетелдік саясаткерлердің қоғамдық пікірді дүрліктіруі, неонацистік қозғалыстардың жандануы, әлем картасында этносаралық жанжалдардан туындаған «ыстық нүктелердің» пайда болуы ұлтшылдық мәселесі адамзат қоғамындағы өзекті тақырыптардың бірі болып отырғанын көрсетеді.
30 Қыркүйек, 2021