Редакция таңдауы
БҰҰ Ауғанстан үшін әлемге қол жайды
Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстанның қиын гуманитарлық дағдарысқа тап болғанын айтып, халықаралық қоғамдастықтан көмек ретінде 600 миллион доллардан астам қаражат жинап беруін сұрап отыр.
13 Қыркүйек, 2021
Алматы мемлекеттік Қуыршақ театрындағы Момынжановтар отбасын әріптестері сыртынан «миллионер отбасы» деп әзілдейді. Әйтпегенде ше, бір кәсіп, бір театр, бір орта, бір отбасы ортақтастырған ерлі-зайыпты әртістердің екеуі де талантты, екеуі де еңбекқор. Отағасы Болат Момынжанов еліміздің мәдени кеңістігінде рухани құндылықтарды дәріптеп жүрген үздіктерге берілетін «Сахнагер» Ұлттық театр байқауының жүлдегері болса, жұбайы Ұлбосын Театр қайраткерлері одағының «Еңлікгүл» сыйлығын жеңіп алған. Театр өнеріндегі талантты әртістерге берілетін ең жоғарғы сыйлықты миллион теңгемен бірге еншілеген екеуі содан бері өз ортасында «миллионер отбасы» атанып кетті.
13 Қыркүйек, 2021
Мерейлі маусымның шымылдығын түрді
Күз келсе, күзбен бірге театрлардың да мәуесін жайған ағаштай бойындағы бар жақсысын көрерменіне ұсынуға асығатын дағдысы биыл да сол қалыбынан айнымады. Елордалық театрлар бірінен кейін бірі жаңа маусымының шымылдығын түріп, астана халқын тамаша қойылымдарымен тәнті етіп үлгерді. Әйтсе де биылғы маусымның, әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар театры үшін орны бөлек. Өнер ұжымы ХV мерейлі театр маусымының шымылдығын түрді.
13 Қыркүйек, 2021
Пандемия жағдайындағы экспорттық шектеу инвестициялық климатқа қалай әсер етеді? Бұл мәселе қазір әлем елдерін алаңдатып отыр. Алпауыт мемлекеттер шикізат кені деп табылған елдердің нарығынан айырылғысы келмесе, екінші ел ескі сүрлеумен жүргісі келмейтінін байқатты.
13 Қыркүйек, 2021
Еуропалық комиссияны атом реакторлары мазалайды
Қазіргі таңда әлемде атом электр стансаларын салу қажет пе деген сұрақ күн тәртібінен түспей тұр. Кейбіреулер оны экологиялық таза деп есептесе, енді бірі реакторлардан келетін қауіп көп деп есептейді. Бұл мәселенің қызу талқыланғаны соншалық, Еуропалық комиссия ядролық энергияны қолданудың тиімділігі мен зиянын зерттеп жатыр.
13 Қыркүйек, 2021
Тілім тілінбесін, елім бүлінбесін!
Кейінгі кезде қоғамның мемлекеттік тіл мәселелеріне деген қызығушылығы артуда. Бұл бір жағынан қуантады. Екінші жағынан, жағдай ашыған қамырдай күмпиiп бара жатқандай сезіледі. Ашынған кейбір азаматтар әлеуметтік желіде ащы-ащы пікір айтып, азаттық жылдарында тілге қатысты түк ілгерілеу болмағандай сөйлеуде. Шынында солай ма? Біржақты сын айызды қандырардай сүйкімді көрініп, бұқараның есiл-дертiн жаулап алатыны бар. Осы қызбалыққа бәріміз дем беріп, шиеленісті өршіте түссек не болмақ?
13 Қыркүйек, 2021
Өткеннен өнеге алмай келешекке керуен тарту мүмкін емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының бір тармағы «Ұлы даланың ұлы есімдерін» ұлықтауға арналғаны мәлім. Аталған жоба аясында ұлт тарихында есімі алтын әріппен қашалған Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдығы қарсаңында танымдық экспедиция ұйымдастырылып, баһадүр басқан әр із ұрпақ жадында жаңғырды.
13 Қыркүйек, 2021
ҚР Қорғаныс министрі АҚШ генералын қабылдады
ҚР Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов АҚШ Орталық комитетінің қолбасшысы генерал Кеннет Маккензиді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
13 Қыркүйек, 2021
ҚР Президенті ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйек күндері Душанбе қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады, деп жазады Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2021
Қазақстанда вакцина өндіретін екінші кәсіпорын іске қосылды
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген елдің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары аясында «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының жұмысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2021
Ерлан Қожағапанов Премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды
Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылған Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-министрінің өкімімен Премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2021
Азия чемпионаты: Бір алтын, бір күміс жүлде
Шымкент қаласында нысана көздеуден Азия біріншілігі басталды. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан командасы бір алтын, бір күміс жүлде иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2021
Синоптиктер қыркүйектің 13-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2021
Жеке кәсіпкерлікті тіркеудің жаңа сервисі
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүйелер интеграциясын жүргізді. Соның нәтижесінде Альфа банк платформасы арқылы жеке кәсіпкерлікті онлайн тіркеу мүмкіндігі пайда болды. Атқарылған жұмыстар Шағын бизнесті тіркеу процесін жеңілдетуге бағытталған.
12 Қыркүйек, 2021
Қарабақтың бүгінгі келбеті: Қайта даму мен жаңғыру жолы
Түркі Кеңесіне мүше және бақылаушы мемлекеттердің журналистерімен бірге жуырда Әзербайжанға сапарлап, Қарабақ пен отыз жылға жуық армян әскерінің бақылауында болған өзге де аймақтардың қазіргі ахуалына куә болып қайттық.
12 Қыркүйек, 2021
«Брексит» аяқталғанымен, оның мәселелері бітер емес. Таяуда Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы қарт құрлықта қайта қызу талқыға түсті. Бұл жолғы даудың басы – шұжық.
12 Қыркүйек, 2021
Ғасыр талабы мен сұранысына байланысты ілім-білім де жетіліп, ғылымның талаптары да өзгеріп, дамып, күрделеніп отырады. Қазіргі күні ғалам бойынша бүгін мен болашаққа тиімді, адамзаттың игілігінде көп пайдаға асатын ғылыми бағыттардың бірі, бұл – нанотехнология.
12 Қыркүйек, 2021
Көкбөрілердің қыркүйектегі «қақтығысы»
Қыркүйек айының соңғы аптасында әлемнің әр қиырында аралас жекпе-жектен ірі халықаралық турнирлер өтеді. Сол жарыстардың кейбірін қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күтуде. Себебі айтулы бәсекелерде біздің елдің өрендері де өнер көрсетеді. Октагонға шығатындар арасында Қуат Хамитов, Асылжан Бақытжанұлы, Нұрсұлан Қасымханов, Қаршыға Дәуітбек және тағы басқалар бар.
12 Қыркүйек, 2021
Цифрландыру саласындағы ынтымақтастық
Жуырда «Самұрық-Қазына» АҚ делегациясы Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында «Ресейдің Сбербанкі», Mail.ru және Yandex компанияларының басшыларымен кездесулер өткізді.
12 Қыркүйек, 2021
Табиғатты қорғау стандарттары талқыланады
Қазақстанда алғаш рет өнеркәсіптік кәсіпорындар мен табиғат қорғау қызметі саласындағы қызметтер саласы үшін бірқатар міндетті нормалар мен талаптар әзірленуде. Биыл 1 шілдеде қабылданған жаңа Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес Қазақстанда экология саласындағы ұлттық стандарттар сериясын жасау процесі басталды. Басты мақсат – қоршаған ортаны қорғау және шаруашылық қызмет процесінде экологиялық жағдайды жақсарту.
12 Қыркүйек, 2021