Редакция таңдауы
Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионаты Ташкентте өтеді
Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионаты Өзбекстанның бас шаһары –Ташкентте өтеді. Бұл жайында АИБА-ның президенті Умар Кремлев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Сәуір, 2021
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 251 мыңнан асты
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2122 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Сәуір, 2021
Елордадағы «Шапағат» базарында өрт шықты
Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Шапағат» базарында өрт шығып, жедел қызметтің мамандары жалынмен арпалысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Сәуір, 2021
СҚО: Жалғызбасты ана шенеуніктердің кесірінен мемлекетке қарыз болып отыр
Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер жалғыз басты аналарды жәрдемақыны заңсыз алды деп айыптады, деп хабарлайды Egemen.kz astanatv.kz-ке сілтеме жасап.
02 Сәуір, 2021
ForteBank тағы да «Қазақстанның үздік банкі» болып танылды
ForteBank-ті Global Finance журналы төртінші жыл қатарынан «Қазақстанның үздік банкі» деп таныды, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Сәуір, 2021
Қазақ ғалымы 60 жасында қалай ағылшынша меңгергені туралы айтып берді
Қазақстандық гигиенист-нутрициолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төрегелді Шарманов алпысқа таяған шағында ағылшын тілін қалай үйренгені туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Сәуір, 2021
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Шәменова Балжан Мөрәліқызы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
02 Сәуір, 2021
Түркі кеңесін халықаралық ұйым деп атайтын кез келді
Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған сәрсенбіде өткен саммитте Түркі кеңесі халықаралық ұйым атануға лайық әлемдік беделге ие деп мәлімдеді.
02 Сәуір, 2021
Электр қуаты неліктен қымбаттады?
Сәуірден бастап Қазақстандағы жылу-электр стансаларында тарифтің шекті деңгейі орташа есеппен 15%-ға қымбаттайды. Энергетика вице-министрі Қ.Рахымовтың айтуынша, бұған кен орындарындағы көмір бағасының қымбаттауы, сондай-ақ 70-ші жылдары іске қосылған энергетикалық нысандардың тозуы әсер етіп отыр.
02 Сәуір, 2021
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында барша қазақ үшін киелі Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар келген 90 және 100 жыл бұрын қазақты баудай түсірген қос сұрапыл ашаршылықтың басталуына, 35 жыл бұрын Кеңес Одағын дүр сілкіндірген қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісіне, қазақ даласының үңірейген жарасына айналған Семейдегі ядролық сынақ полигонының жабылуына жеке-жеке тоқталып, олардың Қазақ елінің тарихындағы алатын айрықша орнына баса назар аударды. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл тарихи оқиғалар бүгінгі тарих ғылымының теориялық-методологиялық жетістіктері тұрғысынан алғанда әлі күнге дейін толық әрі жүйелі түрде зерттелмей, рухани жаңғыру жағдайында және өзгерген саяси ахуалда ұлттың тарихи санасын қалыптастыруға тиісті дәрежеде қызмет ете алмай жатыр. Сол себепті бүгінгі уақыт талабы мен қоғам сұранысын ескере отырып, Президент Қазақстанның академиялық көптомдық тарихын жаңадан жазып шығуды және шетел оқырманын қазақ тарихымен таныстыру мақсатында оның қысқаша нұсқадағы басылымын дайындауды тапсырды.
02 Сәуір, 2021
Қаз дауысты Қазыбектің «Сөре тасы»
Отыз жылдан астам мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Үкіметін ең қиын кезде 1938-1951 жыл аралығында абыроймен басқарған Нұртас Оңдасыновтың өмірі мен қызметін зерттеу мақсатында Алматыдағы Мемлекеттік Орталық архивте жұмыс істеп, іс қағаздарын қарап отырғанымызда мына бір құжат көңіл аудартты. Аттап кете алмадық, мәнді көрінді. Есімізге Санкт-Петербургтегі Мойка өзені бойындағы «Пушкин сүрініп кеткен тас» деп қоршап, тарихи орынға айналдырып, әспеттеп отырғандары түсті. Таңғалғанбыз. Оған қарағанда мынау Қаз дауысты Қазыбектей дананың нақ суреті болса, халық үшін аса құнды дүние емес пе?!
02 Сәуір, 2021
Сәрсенбінің сәтінде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше мемлекеттердің басшылары бейресми саммитте бас қосты. Онлайн форматта өткен жиын түркі әлемі мен өркениетін жаңғыртып, дүниежүзі бетпе-бет келген сын-қатерге толы күрделі кезеңде бауырлас елдердің ынтымағына жаңа деңгейге көтеруге бағытталды. «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында өткен кездесуге қатысты сарапшылар мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының ой-пікірлерін ортаға саламыз.
02 Сәуір, 2021
Төл өнерді төрге оздырған Тәуелсіздік
Тәуелсіздік Тобыл өңірінде төл мәдениетіміздің тоқсан тараулы тамырына ыстық қан жүгіртіп, елдің ұлттық өнеріміздің қайнар тұнығынан еркін сусындауына қайта жол ашты. Талай аумалы-төкпелі кезеңді бастан өткерген тағдырлы топырақтың талай тума таланттары қазақ мәдениеті мен руханиятынан ойып орын алғанымен, түрлі тарихи себептер өңірде ұлттық өнердің өркен жаюына мүмкіндік бермеді.
02 Сәуір, 2021
Кәсіпорын ашылса, жұмыссыздық азаяды
Елдегі тиімді саясаттың нәтижесінде Шымкентте шағын және орта кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді. Әлеуметтің әл-ауқатын көтеретін ауқымды жобалар жыл өткен сайын жеміс беріп, шаһар республикадағы кәсіпорыны көп өңірге айналуда. Соңғы жылдары отандық ірі компаниялардың бірегейі NURTAU distribution company ЖШС мен «КАЗТЕХНИКАС» ЖШС-ның Шымкент нарығына енуі, қала аумағында өндіріс ошақтарын салуы соның дәлелі болса керек.
02 Сәуір, 2021
Жақсылығын жарияламайтын жомарт
Көксу ауданы Балпық би кентінің тұрғыны, көп балалы ана Гүлзира Солтанғазиева отағасымен бірге 8 бала тәрбиелеп отыр. Ол өз отбасына қайырымдылық жасаған белгісіз кәсіпкерге дән риза.
01 Сәуір, 2021
Алексей Цой еліміздегі пандемия туралы үш болжам айтты
Бүгін Президенттің төрағалығымен коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары бойынша кеңесте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдайды және вакцинация туралы баяндады, сондай-ақ Қазақстандағы пандемияға қатысты үш болжам айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
01 Сәуір, 2021
Қ.Тоқаев азаматтарды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды
Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиялық ахуал жөніндегі кеңесте қазақстандықтарды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz
01 Сәуір, 2021
Үйқамақтағы Елжан Біртановтың денсаулығы сыр берді
Жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген Елжан Біртановтың адвокаты экс-денсаулық сақтау министрінің денсаулығы нашарлағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап.
01 Сәуір, 2021
Бір күнде 18 адам коронавирустан қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 1 сәуірдегі ақпарат жарияланды.
01 Сәуір, 2021