Редакция таңдауы
Қазақстанда «Таза табиғат» экологиялық жобасы басталды
Қазақстанда наурыз мерекесі қарсаңында «Таза табиғат» экологиялық жобасы басталды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және облыстық әкімдіктердің бірлескен шарасында бірнеше аймақта ағаш отырғызу, айналаны қоқыстан тазарту, су көздерін ашу акциялары өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Наурыз, 2021
Бауырлас елдердің елшілері бас қосты
Халықаралық Түркі академиясында Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған шараға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті Елшісі Рашад Маммадов, Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті Елшісі Уфук Экиджи, Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі Бердымурад Реджепов, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев, Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михай Матяш Галошфай, Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Лувсангийн Баттулга және Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің кеңесшісі Руслан Маткеримов қатысты.
20 Наурыз, 2021
Ұлттық халық санағы: ұпай түгенделетін тарихи сәт
Алдағы күз айларында тұтас бір мемлекеттің ішкі болмыс-бітімі, халықтың тыныс-тіршілігі таразыға тартылатын тарихи сәт күтіп тұр. Олай дейтініміз, он жылда бір рет өткізілетін Ұлттық халық санағы еліміз егемендік алғалы бері осымен үшінші мәрте ұйымдастырылғалы отыр. Үш он жылдықта жеткен жетістігіміз болса, жіліктеп жіпке тізетін, кеткен есеміз болса, кері бұрылып кем-кетігін айқындап алатын сәт бұл. Әрине, халқымыздың барын бағамдайтын бұл санақ өз дәстүрінен жаңылмағанда осыдан тура екі жыл бұрын қолға алынып, нәтижесі сарапталуы тиіс еді. Алайда түрлі себептерге байланысты бұл жұмыс алдымен 2020 жылға, кейін пандемияның кесірінен 2021 жылға шегерілді. Осылайша, ұпайымыз түгенделетін Ұлттық санақты өткізудің сәті биыл келген секілді. Жалпы, халық санағы – белгілі бір уақыт шеңберінде халықтың демографиялық, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы ақпаратын жинау, өңдеу, жариялау, тарату мақсатындағы жалпыұлттық статистикалық сараптау саналғанымен, оның ауқымы әлдеқайда кең. Себебі санақтың қорытындысы есеп-қисап үшін ғана емес, ең алдымен мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындау, басқарушылық шешімдер шығару үшін қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің үшінші отырысында Ұлттық санақты ұйымдастыру мәселесін айта келе, халық санағы тұрғындардың нақты санын, оның жас және гендерлік құрамын, урбанизация деңгейін, табыс көлемі мен басқа да маңызды талдау деректерін анықтап, тексерілген әрі дәйекті басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өткен болатын. Сондықтан мәнге де, мазмұнға да бай бұл науқанға біржақты қарауға болмайды.Келелі іске дайындық барысы да кеңінен қолға алынып жатыр. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша осы Ұлттық санақты ұйымдастыру және өткізу жұмыстарымен айналысатын арнайы комиссия құрылды. Бұл ретте «Egemen Qazaqstan» газеті елді елең еткізген ендігі науқан алдында дөңгелек үстел ұйымдастырған еді. Оған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Нияз Көшкімбаев, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Экономика институтының ғылыми қызметкері, әлеуметтанушы Айсұлу Молдабекова, БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова қатысып, орамды ой-пікірлерін ортаға салды.
20 Наурыз, 2021
Қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов 1920 жылы 21 қаңтарда Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы болып сайланғаны тарихтан белгілі. Бұл өлкеде кеңестік билік орнығып, большевиктер үстемдігі жаңадан қалыптаса бастаған заман. Басшылық қызметті қабылдағанына тура екі ай толған тұста Т.Рысқұлов, яғни 1920 жылдың 20 март (наурыз) күні «Көктем шуағы – Наурыз» мерекесін атап өту жайлы №456 бұйрық шығарған екен.
20 Наурыз, 2021
Ұлы сахараны мыңдаған жылдар бойы мекен еткен көшпелі түркі тайпаларының ішіндегі қазақ ұлысы ұлт ретінде болмыс-бітімі, таным-түйсігі, салт-дәстүрі, тілі, ділі ерекше жаратылған жұрт. Өмір ырғағын қоршаған орта, Табиғат-Анамен айрықша сабақтастыра білген дала халқы осы күнге дейін өз дүниетанымын бұзбай келгенінде айрықша мән бар. Бір ғана емес, бірнеше озық мәдениет пен бай өркениетті өне бойына өнегемен біріктіре білген Алаш баласы әлем халықтары алдында көп ерекшелігімен дара.
20 Наурыз, 2021
Биыл 2 сәуірде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» №2923 Жарлығының шыққанына 25 жыл толады. Сол жылдары өмірге келіп, биыл 25-ке толатын көп азаматтың тегі құжаттарында «ов», «ев»-сіз қазақша жазылған. Алайда ел егемендігін алғаннан бастап стихиялы түрде жүрген ататекті өзгерту науқаны соңғы 10-15 жыл аясында саябырсып қалды. Себебі? Себебі сан алуан. Тегіне қосарланған жат жұрнақтан құтылсам дегендерді тоқтатып тастайтын кедергінің ең бастысы – бітпейтін бюрократия мәселесі.
20 Наурыз, 2021
Ауыл дейтін ұғымды аяулы етіп тұрған сондағы ағайынның ақ-адал пейілі, көл-көсір көңілі. Қайырылып сәлем бере бермейтін, қабағы қатыңқы, қашанда қауырт, әрқайсысы өз басымен әуре қаланың жұртын көргенде ауылыңның қадірін біле түсесің. Алайда қалада да қазақылықтың қаймағы – ауылдағыдай арқа-жарқа, тату-тәтті тұрмысы бар, ауласында ауызбіршілік салтанат құрған, мейірім тұнған мекен бар. Бұл – елордадағы Ықылас Дүкенұлы көшесі бойында орналасқан, бірлігі жарасқан, береке ұйыған «Әл-Арқа» тұрғын үй кешені.
20 Наурыз, 2021
Алматыда «миналанған» 34 мектеп тексерілді
Саперлер Алматыда «миналанған» 34 мектепті тексеріп шықты. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Наурыз, 2021
Экс-депутат Нұрлан Әлімжанов жаңа қызметке тағайындалды
Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы М.Горький атындағы Орыс драма театрының директоры Айболат Жанғалиұлы хабарлады.
19 Наурыз, 2021
ПТР-тест құны туроператор пакетіне енгізіледі
Қазақстанда міндетті ПТР-тестілеу құнын демалушы азаматтар есебінен туроператорлар пакетінің құнына енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz ДСМ-ге сілтеме жасап.
19 Наурыз, 2021
Шонжыдағы көшелерге әл-Фараби, Абай және Мұқағалидің есімдерін беру ұсынылды
Шонжы ауылының орталық көшелеріне әл-Фараби, Абай, Мұқағали есімдерін беру ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Наурыз, 2021
Хабиб Нурмагомедов мансабын аяқтады
Абсолютті жекпе-жек чемпионатының (UFC) чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов спорттық мансабын ресми түрде аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Наурыз, 2021
Мектеп кітапханашыларының жалақысы артады
Былтырдан бастап педагогтердің, мәдениет қызметкерлері ретінде облыстық, қалалық кітапханалар кітапханашыларының жалақысы көбейді. Осыдан кейін екі санатқа да жатқызылмай, әлеуметтік мәртебесі анықталмай келген мектеп кітапханашылары жайнайқайын жеткізді. Олардың үні тиісті орындарға жеткен сыңайлы. Себебі биыл мектеп кітапханашыларының жалақысын арттыру мәселесі шешімін таппақ. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жақында өткен министрліктің кеңейтілген алқа отырысында айтты.
19 Наурыз, 2021
Мемлекет Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі белесінің қарсаңында тұрмыз. Асқан асу, аттаған белес, халқымыздың жүріп өткен жолы тарих дейтін ұлы кітапқа қатталып жатыр. Елең-алаң кезеңде ел тізгінін ұстап, бұралаң жолдардан халқымызды аман алып өткен, жас мемлекетімізді жасампаздық жолға салып берген Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан екі жыл бұрын қабылдаған шешімі Қазақстан тарихының алтын тарауына жазылып, кейінгі ұрпаққа мәңгілік үлгі болып қалатын айрықша қадам деп білемін.
19 Наурыз, 2021
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ақпаратына қарағанда, 2020 жылы елімізден 29 110 азамат шетелге қоныс аударған көрінеді. Олардың 24 155-і қала тұрғыны, ал 4 955-і ауыл азаматы екен. Осындайда шетелде білімін жетілдіріп, сол жақта қалып қою мүмкіндігі бола тұра елге оралып, Отанына пайдасын тигізіп жүрген жастарға разы боласың.
19 Наурыз, 2021
Қазақ халқының ең бақытты дәуірі еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізген күнінен басталады. Еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін шын қуанып, шын толқыған күндер әлі есімізде. 1991 жылдың желтоқсан айы қазақ халқының дербестікке қол жеткізген тарихи күні еді.
19 Наурыз, 2021
Отандық бизнестің жағдайы неге төмен?
Соңғы жылдары шағын және орта бизнеске ерекше көңіл мен қыруар қаражаттың бөлініп жатқанына қарамастан, даму деңгейі ойдағыдай емес. Пандемия дағдарысы кезінде елде жұмыс істемей қалған шағын компаниялар саны еселеп өскен.
19 Наурыз, 2021
Әдетте жыр мен жыршы туралы айтылатын «таңды таңға ұрып жырлау» деген тіркесті Маңғыстаудағы Қошқар ата улы көліне қатысты «жылды жылға ұрып айтқан жыр» деп өзгерте қолдануға болады.
18 Наурыз, 2021
Бұратана ұлттарды басып-жаншыған саясат патша құлаған соң тоқталдыға саналып, дала жұрты XX ғасырдың алғашқы кезеңінде еркін демалғандай еді. Өз мұңын өзі жоқтап, мәдениетін көтеріп, ел болуға тырысып жатқан. Алайда көп ұзамай жағдай басқаша рең беріп, нағыз нәубет басталды да кетті.
18 Наурыз, 2021
Заңдылық – әділетті ел болудың алғышарты
Құқықтық мемлекет құрудың қарапайым қағидасы – заң үстемдігін берік ұстану. Әділетті ел болудың алғышарты да осы.
18 Наурыз, 2021