Редакция таңдауы
Көкшетауда кейбір шектеулер күшін жойды
Соңғы он күннің ішіндегі коронавирус инфекциясының таралуына жүргізілген мониторинг нәтижесі өңірде эпидемиялық жағдайдың біршама тұрақталғанын көрсетіп отыр. Осыған орай, ақпан айының 27-сінен бастап кейбір шектеу шаралары алынып тасталды.
03 Наурыз, 2021
Көктем жақындағаннан-ақ Сырдағы егінші қауымның қарбаласы көбейеді. Оның үстіне соңғы уақытта өзен арнасының төмендеп келе жатқаны диқанның көңіліне дүдәмәл түсіріп тұр. Әсіресе, жер бетіне қылтиып шыққаннан суда тұратын күріш егістігінің ертеңі бұлыңғырлау.
02 Наурыз, 2021
Күн қабағын бағып, ауа райын жауырын ашпай-ақ болжап отырған ел ішіндегі малсақ қауымның айтуына қарағанда, биылғы ауа райы 2017 жылмен ұқсас екен. Сол жылы да қыс ішінде жаңбыр жауып, үйір-үйір жылқы жайылатын жалпақ жон сіреу болып қатты. Қас қылғандай қар да қалың түсті. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, бейқам отырған ел іші жүген ұстап қала жаздады.
02 Наурыз, 2021
Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?
Тылсымын ішіне бүккен қуыршақ өнері ерте замандардағы жәрмеңкелерден бастау алып, бүгінде балаларға рухани-мәдени өмірдің алғашқы баспалдағы болып отыр.
02 Наурыз, 2021
Қостанай облысында жойқын жол апатынан 7 адам қаза тапты (Видео)
Бүгін шамамен сағат 16:30-да Қостанай – Әулиекөл автожолы бойындағы Новонежин мен Лаврентьев ауылдарының аралығында екі джип көлігі бетпе-бет соқтығысқан.
02 Наурыз, 2021
Биыл қажылыққа вакцина салдырмағандар бара алмайды
Сауд Арабиясының билігі вирустың таралуын тоқтату үшін вакцина салдырмағандар қажылыққа бара алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Наурыз, 2021
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан
2021 жылдың қаңтар айының өзінде ғана елімізде 3 мыңнан астам кибер шабуыл жасалған. Бұл 2020 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе көп екен.
02 Наурыз, 2021
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Петропавл қаласындағы жатақханада газ баллонының жарылуынан зардап шегіп, жансақтау бөліміне түскен бойжеткен он күннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Наурыз, 2021
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде республикада Қытай азаматтарына визасыз режим енгізілгені туралы хабарлама таратып жатыр. Қытай азаматтарына қатысты визалық режим өзгергені туралы ақпаратты Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды.
02 Наурыз, 2021
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медицина саласының басты проблемаларын атады, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Наурыз, 2021
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Бүгін Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын тұрақтындыра алмаған әкім орынбасарларын жауапкершілікке тарту керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Наурыз, 2021
Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жұмыстағы «қамқорлығы» үшін заңсыз сыйақыны жүйелі түрде алды деген күдікпен «ҚТЖ ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Наурыз, 2021
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажеттігін айта келіп: «Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды. Балалар мемлекетіміздің болашағы емес пе?!
02 Наурыз, 2021
Қайырымды да батыл жандар құрмет төрінде
Өзгенің қайғысын бөлісуге, риясыз көмекке дайын, игі істердің бастаушысы болатын жандар аз емес. Мейірімді, бауырмал, қайырымды, жомарт адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауын үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып жатыр. Аталған іс-шараға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты. Байқау қайырымдылық идеяларын насихаттауға, белсенді азаматтық бастаманы дамытуға бағытталған.
02 Наурыз, 2021
«Сары аймақ» шектеулері өзгертілді
Бұған дейін індет көрсеткіші бойынша еліміздің аумағында «қызыл аймақта» бірнеше апта бойы жалғыз қалған Павлодар облысы қазір «сары аймаққа» өтті. Бірақ Ақсу қаласы, Железин, Аққулы, Ақтоғай, Шарбақты және басқа да аудандар әлі де «қызыл аймақ» құрсауында.
02 Наурыз, 2021
Ауылдарды сақтағандар – арлы басшылар...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында: «Жаңа нарықтық қатынастар ауыл шаруашылығында түбегейлі өзгерістерді талап етті. Бірінші кезекте бастамашыл және еңбексүйгіш қожайындардың аяғынан тұрып кетуіне көмектесу керек болды.
02 Наурыз, 2021
Сенгеніміз – шетел валютасы...
Ұлттық банктің дерегі бойынша, доллармен сақталған депозиттің үлесі былтыр 37,3%-ға төмендеген. Бұл – 2013 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Ал айырбастау пункттеріндегі доллардың нетто сатылымының жылдық көлемі 2020 жылы 4 млрд долларға дейін түскен, яғни 2019 жылмен салыстырғанда 14%-ға төмендеген. Дегенмен де қазақстандықтар тірнектеп жинаған ақшасын теңгеден гөрі доллармен сақтағанды жөн көреді екен.
02 Наурыз, 2021
Бөрте ханым – әлемді билеген әйгілі Шыңғыс қағанның сүйікті жары, сенімді серігі әрі дана кеңесшісі. Ұлы қағанның атының тұяғы жетіп, құлашы қармаған күллі империясын мұрагерлікпен билеген осы Бөрте ханымнан туған төрт ұлы – Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле. Бір ханға сүйікті жар, төрт ханға қадірлі ана болған Бөртедей арудың қасиет-қадірі ерекше. Сондықтан да оның есімі ұлы қағанмен қатар аталып, мерейі үстем болды.
02 Наурыз, 2021
Құсбегі Қуаныш этноауыл ашуды армандайды
Жетісу жерінде ит жүгіртіп, құс салған саятшылықтың жүлгесі үзілген емес. Бүгінде бұл дәстүр атадан балаға мирас болып жалғасуда. Балдақтаулы бүркітті бала күнінен баптап үйренген Қуаныш Исабековтің құсбегілік жолы бұл сөзімізге дәлел.
02 Наурыз, 2021
«Көп түрік енші алысып тарасқанда,Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?», деген жыр жасыны Мағжан Жұмабаевтың бұл екі жолының түп тамырында – әлімсақтан келе жатқан тек тірегіміз, ұлттық жүрек лүпілі жатқаны анық. Түркі дүниесі қара шаңырақ деп таныған бүгінгі Қазақ елін, әлемнің қырықтан аса мемлекетінде тарыдай шашылып жүрген қандастарымыз да құт мекені санайды. Олар осы қасиетті қара шаңырағына арқа тіреп, басын сүйеп, бүкіл өмірін біте қайнастыру жолындағы ұмтылысын күн-түн ой-санасынан шығармай отырғаны да ақиқат.
02 Наурыз, 2021