Оқи отырыңыз
Елордада Ұлттық ұланның 700-ден аса сарбазы ант қабылдады
2021 жылғы 30-қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің 750-ге жуық жауынгері Әскери ант қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz
31 Қаңтар, 2021
Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері өңір тұрғындарына үндеу жасады
Облыстың 9 ауданы мен 3 қаласы «қызыл аймақта». Коронавирустың таралуына байланысты карантиндік шаралар күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
31 Қаңтар, 2021
Франция билігі жаңа локдаун енгізуден бас тартты
Алайда елде науқастардың саны артып келеді. Осыған байланысты жаңа шектеулер қолданылатынын болады, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
30 Қаңтар, 2021
Орал-Атырау жолында 5 көлік соқтығысты
Бүгін күндізгі сағат 10.40. шамасында Орал-Атырау тас жолының Алғабас елдімекеніне бұрылысы тұсында 5 көлік соқтығысып, бір адам қайтыс болған. Тағы екі адам жарақат алған деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қаңтар, 2021
Алматыда 170 шақырымға жуық тау соқпағы абаттандырылады
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев туристерге өркениетті жағдай жасау мақсатында тау инфрақұрылымын дамыту қажет екенін айтты, деп хабарлады Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
30 Қаңтар, 2021
Садриддин Ахмедов маңызды кездесуде жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) Мексиканың Куэрнавака қаласында титулдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
30 Қаңтар, 2021
Қазақстан кедейлік құрсауына түсе ме?
Қазақстан экономикасы 2021 жылы 2,5 пайызға дейін жоғарылап, одан әрі қарай прогрессивті өсім қарқынын көрсетуі мүмкін. Әлемдік қаржы нарығындағы жоғары қарыздық тәуекелдер және әлемдік экономиканың қайта қалпына келу процесіндегі теңсіздік әсерінен жағдайдың нашарлап кетуін ешкім жоққа шығармайды. Бұл туралы дүниежүзілік банктің «COVID-19» дағдарысынан кейінгі баяу қалпына келу» атты Қазақстан туралы баяндамасында айтылған.
29 Қаңтар, 2021
Түркістанда биыл 650 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілмек
Түркістан облысында биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен 650 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілмек. Өткен жылы 600 мың шарты метр тұрғын үй тапсыру жоспарланып, жыл қорытындысы бойынша облыс тұрғындары 750 мың шаршы метрге жуық баспанамен қамтамасыз етілді. 6000-нан астам отбасында қоныс тойы тойланды. Осылайша былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасы 125 пайызға жоспардан артық орындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2021
Қызылорда облысында филармония жанынан қосымша ғимарат салынды
Қызылорда облысында мәдениет саласы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында 22 жоба іске асырылды. Бұл туралы коммуникациялық қызмет орталығында өткен брифингте облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова хабарлады.
29 Қаңтар, 2021
Зейнетақы жинағын пайдалану: Үш күнде 151 млрд теңгеге өтініш түсті
Елімізде зейнетақы жинағындағы қаражаттың бір бөлігін пайдалануға рұқсат етіліп, арнайы онлайн платформа қолданысқа енгізілгелі бері жалпы сомасы 151 млрд теңгені құрайтын 27 240 өтінім келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2021
Зейнетақы ақшасы жылжымайтын мүлік нарығына қалай әсер етеді?
Қаңтар айының басында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Қазақстандықтар үшін бұл бірыңғай зейнетақы қорынан жинақталған қаражаттың бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу ақысын төлеу немесе жеке компанияларға беру үшін пайдалану мүмкіндігін білдірді, деп жазады Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2021
Экология министрі «Қошқар ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру жұмыстарын жылдамдатуды тапсырды
Бүгін «Қошқар ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру процесін жандандыру туралы мәселеге нүкте қойылды. Жұмыстар алдымыздағы 1-2 айда басталады деп күтілуде. Бұл туралы экология министрі Мағзұм Мырзағалиевтің Маңғыстау облысына жасаған сапары кезінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2021
Ақтоты Райымқұлова Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесті
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында ақын-жазушылармен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2021
Қостанай облысында балалар тағамын өндіретін зауыт салынады
Қостанай облысындағы «Олжа Агро» агрохолдингі балалар тағамын өндіретін зауыт пен 8 сүт фермасын салуды жоспарлап отыр. Жылына 105 млн литр сүт экспорттатуға мүмкіндік беретін ілкімді жобаға шамамен 100 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция жұмсалады. Бұл шамамен 1500 жаңа жұмыс орнын ашуға қол жеткізбек, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2021
Алматыда қант бағасы қатаң қадағаланады
Алматы билігі экономикалық және әлеуметтік пайдалылықты ескере отырып, бағаны ұстап тұру жөніндегі қалалық Комиссия ұсынымының негізінде құмшекерге бір келісі үшін 254 теңге мөлшерінде белгіленген шекті қол жетімді бөлшек бағасының қолданылу мерзімін 30 күнтізбелік күннен 90 күнтізбелік күнге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2021
Ақтоты Райымқұлова Алматыда шығармашылық одақ өкілдерімен кездесті
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Ұлттық кітапханада шығармашылық одақ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2021
Атырауда жаңа туған нәресте қоқыс жәшігінен табылды
Қазақы қаймағы бұзылмаған Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында естіген жанның жағасын ұстатар оқыс оқиға болды. Осы ауылда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2021
Ішкілікке салынған ананың балалары оқшауланды
Өткен жылы желтоқсанда Бесқарағай аудандық ювеналды полиция қызметкерлері үш қызы бар 33 жастағы аудан тұрғынының тұрмыстық жағдайын тексерген, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2021
Сәбит Оразбаев І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматыда белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2020 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2021
Дәріханаларға мониторинг жұмыстары жалғасуда
«Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы дәріханаларда дәрі-дәрмектердің болуын анықтау үшін мониторингтік топтың жұмысын күшейтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2021