Оқи отырыңыз
Атырауда мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 26 қыркүйекте оқыс оқиға болған. Атырау қаласының 30 жастағы тұрғыны "ВАЗ-21723" көлігін мас күйінде басқарып, "Жеңіс" саябағының қоршауына соғылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2020
Сенатор ұлттық электрондық балалар кітапханасы порталын ашуды ұсынды
Парламент Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров Премьер-Министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады. Онда сенатор еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі 2007 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында ашқан Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы kazneb.kz порталындағы цифрландырылған электрондық кітаптардың сапасын сынға алып отыр. Ондағы электрондық кітаптардың 3D нұсқасын оқу қиынға соғады, мәтіндері анық емес, бұлыңғыр, кейбір аудио-кітаптар мүлдем ашылмайды екен, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020
"Ауыл – ел бесігі" жобасында тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мәселесі ескерілмеген - сенатор
Сенат отырысында Әли Бектаев Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдады. Өз сауалында сенатор "Ауыл – ел бесігі" жобасын іске асыру кезіндегі олқылықтар мен осы бағыттағы өзекті проблемаларға назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2020
Сенаторлар шағын және орта бизнестің даму мәселелерін талқылады
Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Парламенттік тыңдауға дайындық барысында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының басшылығымен кездесіп, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020
Трамптың коронавирустан емделуіне қанша қаражат кетті?
АҚШ президенті Дональд Трамптың коронавирус індетінен емделуіне 100 мың доллардан аса қаражат кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz New York Times-ке сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020
Сенатта аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына көмек көрсету жайы талқыланды
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары атаулы әлеуметтік көмек көрсету аясында аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020
СҚО әкімі праймериз қатысушыларын алғыс хаттармен марапаттады
"Nur Otan" партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов Петропавл қалалық филиалының партия ішіндегі іріктеуге қатысушылармен кездесті. Ол белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен грамоталар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2020
Елордадағы арнайы мектеп тәрбиеленушілері аулаға көшет отырғызды
Нұр-Сұлтан қаласының №2 арнайы мектебінің балалары білім беру ошағының ауласында ағаш көшеттерін отырғызды. Іс-шара "Туған жер" экологиялық қозғалысының "Әр балаға – өз ағашы" жобасы аясында және Мемлекет басшысының елді жасылдандыру тапсырмасы негізінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2020
Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы бірқатар нысанды аралады
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жылу маусымының басталуы қарсаңында Қызылорда қаласындағы бірқатар нысанды аралады. Өңір басшысы алдымен оңтүстік бу қазандығында болды. Қаладағы 197-і көп қабатты үй, 5 балабақша, 10 медициналық мекеме, барлығы 763 нысан жылуды осы қазандықтан алып отыр. Жылу қазандығы газбен жылытылады, резервтік отын ретінде 644 тонна мазут алынған. Аймақ басшысы дайындық жұмыстарын дер кезінде аяқтап, қала тұрғындарын уақытылы жылумен қамтуды қатаң тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2020
МӘМС жүйесінде балалар мен жүкті әйелдерге тегін стоматологиялық көмек көрсетіледі
Биылғы жылдың 8 айында көрсетілген 156539 стоматологиялық қызмет үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 266 миллион теңге төледі, деп хабарлайды Egemen.kz "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020
Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты
Жылу маусымы басталғанда, Ақтөбе қаласының шетіндегі бау-бақша ұжымдарындағы ескі үйлерде көмірмен жағылатын пештердің жарамсыздығынан тұрғындардың ыс тиіп, улануы жиі орын алады. Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға шақырғанымен, жыл сайын бау-бақша ұжымдарында ақаулы пештерден өрт шығып, не ыс тию жағдайы үнемі қайталанып жатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2020
"Самұрық-Қазына" қоры орнықты дамуды қамтамасыз ететін озық қорлардың топ-20 тізіміне енді
Біріккен Ұлттар Ұйымы "Самұрық-Қазына" АҚ орнықты дамуды қамтамасыз ететін 20 озық қор тізіміне қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2020
"Түркістан құпиялары" фильмінің тұсауы кесілді
Түркістан қаласында облыстық мәдениет басқармасы "Оңтүстікфильм" мекемесінің ұйымдастыруымен "САҚ" киностудиясы түсірген "Түркістан құпиялары" сюжетті-деректі фильмінің тұсауы кесілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2020
Таяуда астрономдар ғаламдағы қызық құбылыстың бірін анықтады. Ғарыш түкпіріндегі алып «қара құрдымды» алты галактика айналып жүр екен. Ғалымдардың айтуынша, бұл ерекше аспан денесі «Үлкен жарылыстан» кейін пайда болған көрінеді.
08 Қазан, 2020
Қостанай қаласының орталығындағы тұрғын үйлердің маңынан өзіміз көп оқып, жиі естіп жүрген кәдімгі әупілдек құс табылды. Бір қанаты қайырылып, ұша алмай қалған сирек кездесетін жыл құсын қаладағы пәтер иелерінің тұтынушы кооперативінің жұмысшысы ұстап алған. Бір аптадан бері кооператив ұжымы әупілдекке пана болатын орын іздеп әуре.
08 Қазан, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында оқыған баяндамасының бес жылдығына орай Елбасы кітапханасында ғылыми кеңестің кезектен тыс кеңейтілген отырысы өтті.
08 Қазан, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласын үлкен тебіреніспен оқып шықтым. Абайдың алмағайып заманда өмір сүріп, өз заманында қазақтың темірқазығы болғанын өте орынды атап өткен. Пәлсапалық мәні терең мақаланы оқыған соң музей қызметкерлерімен жиналып, ой бөлістік.
08 Қазан, 2020
Шикізат өндірумен шектелмеу керек
Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда осыған ерекше назар аударды.
08 Қазан, 2020
Тауарларды Қазақстанға бажсыз әкелу ұзартылды
Қазақстан Республикасының бастамасы бойынша 2020 жылғы 2 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу және болдырмау үшін пайдаланылатын кейбір тауарларға бажсыз әкелу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады. Тарифтік жеңілдік 2021 жылғы 1 қазаннан 31 наурызға дейінгі мерзімге ұзартылады.
08 Қазан, 2020
Елордадағы ең көне театр – М.Горкий атындағы академиялық орыс драма театры 120-шы мерейтойлық маусымын ашты. Театр шымылдығы А.Островскийдің әйгілі «Найзағай» әлеуметтік-психологиялық драмасымен түрілді.
08 Қазан, 2020