Оқи отырыңыз
Қостанайлық бір отбасы мүшелері түгел коронавирус жұқтырған
Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 29 адам тіркелді. Коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 адам ПТР әдісімен анықталған. Олар бір отбасының мүшелері. Бұл азаматтар Жітіқара қаласында әр түрлі мекенжайда тұрады. Олар бұған дейін вирусты жұқтырған пациентпен жақын байланыста болған. Індетті жұқтырғандар — 1962 жылғы ер адам, 1942, 1966, 1977, 1970 жылғы әйел адамдар, 1999, 2002 жылғы қыздар және 2005 жылғы оқушы қыз.
30 Мамыр, 2020
Жамбыл облысында Covid-19 жұқтырған 5 адам тіркелді
Провизорлық стационарға жедел респираторлы вирустық инфекция белгілерімен ауруханаға түскен 1983, 2008 және 2011 жылдары туған облыс орталығының тұрғындарына коронавирус диагнозы қойылды. Бұл отбасының бір мүшесі осыған дейін коронавирусты жұқтырған, аталған азаматтар онымен жақын қарым-қатынаста болған.
30 Мамыр, 2020
"ҚазАзот" АҚ аммиак селитрасы өндірісін ұлғайтпақ
ИИДМ баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанда аммиак пен аммиак селитрасын өндіретін жалғыз зауыт жарты ғасырлық тарихында қалыптасу мен дамытудың күрделі жолынан өтіп, бүгінде алып өндіріс ошағына айналып отыр. Жылдар бойы жиналған тәжірибе мен озық технологиялар арқылы кәсіпорын агроөнеркәсіптік кешен мен тау-кен өндіру саласы үшін химиялық өнім шығарады. Компания қызметінің негізгі түрлеріне: геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, табиғи газды өндіру және өңдеу, аммиак пен аммиак селитрасын, сондай-ақ олардың туындыларын өндіру және сату жатады.
30 Мамыр, 2020
Атыраулық полицейлер үш күнде 1,2 млн теңге айыппұл өндірді
Полиция қызметкерлері 25 мамырдан бері «Борышкер» іс-шарасын өткізіп жатыр. Алғашқы үш күнде жүргізушілер тарапынан 161 құқық бұзушылық жасалыпты. Соған орай жүргізушілерге салынған 1 миллион 200 мың теңгеден астам айыппұл өндіріліп отыр.
30 Мамыр, 2020
Тұрақты даму - бизнестің жетілуі мен әлеуметтік жауапкершіліктің көрсеткіші
«Филип Моррис Қазақстан» компаниясы (ФМҚ) тұрақты даму туралы кезекті есебін шығарды, онда компанияның өз бизнесіне деген көзқарасы және оны неғұрлым тұрақты және жауапты етуге мүмкіндік беретін шаралар көрсетілген.
30 Мамыр, 2020
Атырауда өзен порты жұмысын қайтадан бастады
Бұдан бес жыл бұрын Атырау өзен портының жұмысы тоқтаған болатын. Оның басты себебі – Жайық-Каспий каналының түбін тереңдету жұмысының жүргізілмеуі.
30 Мамыр, 2020
Covid-19: Алматы облысында 23 науқас тіркелді
Вирусты жұқтырғандардың 10-ы Талдықорған қаласында, 8-і Қапшағай қаласында, 1-еуі Қарасай ауданында, 1-еуі Панфилов ауданында, 1-еуі Алакөл ауданында және Текелі қаласында 2 адам тіркелген.
30 Мамыр, 2020
Туризм индустриясы карантиннен кейінгі кезеңге бейімделіп жатыр
Карантин режімі туризм индустриясы өкілдеріне барынша үнемделікке бейімделуді үйретті. Қазақстандық туристік қауымдастығының президенті Рашида Шайкенованың айтуынша, Алматы қаласында 341 қонақ үй, 143 жатақхана, 692 турагенттік бар. Қазір олардың біразы банкроттықтың алдында тұр. Қауымдастық өкілдері алдағы уақытта олардың қаншасының жұмысын жалғастыруға шамасы жететінін қосымша хабарлайтынын жеткізді.
30 Мамыр, 2020
Шымкентте коронавирус жұқтырған 51 адам тіркелді
Шымкент қаласының 51 тұрғынынан COVID-19 вирусы табылды. Олардың 29-ы вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған. 3 адам ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. 8 адам стационарға жоспарлы түрде жатқызу алдында тексерілгендер.
30 Мамыр, 2020
Алматыда тағы 37 адам Covid-19 жұқтырған
ПТР жүргізілген диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша COVID-19 вирусы 37 адамнан анықталды: олардың 11-і – профилактикалық тексеруден өту кезінде, 15-і – вирусты жұқтырған адамдармен байланыс жасағандар арасында анықталды, 4-і – ауруханаға жатқызған кезінде дәлелденді, 7-і – жұмыс барысында тіркелген.
30 Мамыр, 2020
Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған тағы 41 адам тіркелді
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 41 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және вирусты жұқтырғандармен жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.
30 Мамыр, 2020
Кеше Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Садуақасовтың 120-жылдығына арналған «Алаштың ардақты ұлы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция болып өтті. Оны университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы Ақмарал Ыбыраева ашып, жүргізіп отырды. Конференцияға Қазақстанның әдебиетші, тарихшы, саясатшы, заңгер ғалымдарымен қатар танымал қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Ресей Федерациясынан ғалымдар қатынасты.
30 Мамыр, 2020
Павлодар: «Мәңгі есімізде» деген сөз 40 тілде жазылған
Облыстық Архив басқармасының мәліметінше, 1920-30 жылдары өңірімзде облысында аштықтан 300 мыңнан аса адам көз жұмған.Саяси жазалау жылдары облыс бойынша 5 мыңдай адам зардап шеккен. 1944 жылдың наурыз айында солтүстік Кавказдан ингуш, шешен, балгар сиқты ұлт өкілдері бар 41 мыңнан астам адам жер аударылған. Саяси қуғын-сүргін кезеңіне қатысты бұл құнды мәліметтер өңірдегі архив басқармасында сақтаулы.
30 Мамыр, 2020
Франция науқастарға гидроксихлорокин тағайындауға тыйым салды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирустық инфекцияны емдеудегі антималариальды гидроксилохиннің тиімділігін зерттеуді тоқтатқаннан кейін, Франция, Италия, Бельгия және Ұлыбританиядағы денсаулық саласына жауап беретін институттар осы препаратты COVID-19 емделушілерінде емдеуді тоқтатуға бұйрық берді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
30 Мамыр, 2020
Өткен тәулікте коронавирус өсімі 4,5%-ға артқан
Қазақстанда өткен тәулікте 450 адамнан коронавирус індеті анықталды. Алдыңғы күнмен салыстырғанда өсім 4,5% құраған.
30 Мамыр, 2020
COVID-19: 6 науқас реанимациядан тұрақты палатаға ауыстырылды
Covid-19 бар тағы 6 пациент интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылған.
30 Мамыр, 2020
«Жұмысты жақсы істейік» дегені де басына сор болған
Солтүстік Қазақстан облыстық полициясының арнайы архиві қазір қуғын-сүргінге ұшыраған жандардың ұрпақтарына ата-әжелерінің «қылмысты істерін» көрсетуде. Соңғы алты жылда 130-дан астам отбасы өздерінің аталарының қалай жазықсыз сотталып, нақақ азапталғанын істерінен көрді.
30 Мамыр, 2020
Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін екі бөлек белгілеу керек
Бұл туралы Филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісімақова «Egemen Qazaqstan» газетінің ұйымдастыруымен өткен қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Ғасыр зұлматы» атты онлайн дөңгелек үстелінде айтты.
30 Мамыр, 2020
Тапа-талтүстегі төтенше жағдай
Петропавлдың көшесімен түзу жүре алмай, бұралаңдап, соғылып қала жаздап, оның үстіне қатты жүріп келе жатқан автобус туралы дабыл полицияға шамамен түс ауып бара жатқанда түседі. Жедел бақылау орталығының қызметкерлері оқиға орнына патрульдік полиция батальонының автопатрульдерін жіберген. Автобус Т.Мұхамед-Рахимов көшесінде тоқтатылады. Ол «31 М» бағытымен жолаушылар таситын автобус еді.
30 Мамыр, 2020
Қызылжардағы тарихи зауыт радиоэлектроника өнімдерін игеруде
ИИДМ баспасөз қызметі хабарлағандай, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ-ның тарихы бай. Зауыт 1928 жылы Мәскеуде құрылып, 1941 жылы зауытты Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына көшіру туралы шешім қабылданды.
30 Мамыр, 2020