Оқи отырыңыз
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің міндетін атқарушысының өкімімен Қазбекова Мира Жомартқызы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
27 Мамыр, 2020
COVID-19 жұқтырған 7 науқас реанимациядан тұрақты палатаға ауыстырылды
Елімізде COVID-19 жұқтырып, емделіп жатқан 7 науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды.
27 Мамыр, 2020
ҰҚК екі ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады
2020 жылғы 27 мамырда ҰҚК Алматы қ. мен Алматы облысында ҚР ІІМ-мен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі ҰҚТ-ның құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК Баспасөз қызметі хабарлады.
27 Мамыр, 2020
Алматы ЖЭО-2 модернизациялау құны 315 млрд теңге
Алматыдағы ЖЭО-ты газға көшіру мәселесі қала әкімі Бақытжан Сағынтаевпен өткен онлайн жиында тағы да айтылды. Бұл жолы қала әкімі ЖЭО-2 модернизациясының төрт нұсқасын журналистердің назарына ұсынды:
27 Мамыр, 2020
Абай мұрасы Бішкекте талқыланды
Бүгін Бішкекте Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігі «Пикир» өңірлік сарапшылар клубымен және А. Осмонов атындағы Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасымен бірлесіп «Ұлы Абай Құнанбаевтың әдеби және рухани мұрасының құндылығы» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өткізді.
27 Мамыр, 2020
Қостанай полицейлері онлайн режімде жастарды жұмысқа шақырды
Қостанайлық полицейлер «Zoom» бағдарламасының тікелей эфирі арқылы студенттермен кездесті. Полиция департаменті кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Берік Ержанов заң факультетінің студенттеріне облыс полициясының қызмету туралы және ішкі істер органдарына жұмысқа тұру немесе практикадан өту шарттары мен тәртібі туралы әңгімеледі. Кездесуге 50-ден астам студент қатысты.
27 Мамыр, 2020
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған онлайн-дәріс өтті
Қостанай облысында бүгіннен бастап үш күн бойы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған онлайн-дәрістер өте бастады.
27 Мамыр, 2020
Оқу жылы қорытындыланып, ҰБТ-ның жай-күйі анықталды
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың басшылығымен болған әкімдіктің отырысында оқу жылы қорытылып, соның ішінде алыстан оқытудың аяқталғандығы және ендігі кезекте тұрған ҰБТ-ны жоғары сапада өткізу мәселелері талқыланды.
27 Мамыр, 2020
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйлердің сырты боялады
Ақтауда көп қабатты тұрғын үйлердің сыртын бояу жұмыстары басталады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
27 Мамыр, 2020
«Adal bilim» жобалық кеңсесі құрылды
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасы бойынша М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінде «Adal bilim» жобалық кеңсесі құрылды.
27 Мамыр, 2020
Қарабалық құс фабрикасы өндіріс қуатын арттырады
Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы «Poultry-Agro» құс фабрикасы өндірісті жаңғырту жұмыстарын қолға алды. Кәсіпорын мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдаланып өндірістік қуатын арттыруды көздеп отыр. Жаңғырту жұмыстары аяқталған соң, серіктестік жылына 20 мың тонна құс етін шығара бастайды.
27 Мамыр, 2020
Ақтауда «Атамекен қабылдауы» кабинеті ашылды
«Атамекен қабылдауы» кабинеті Маңғыстау облысы сотының ғимаратында орналасқан. Кабинет «Атамекен» ӨКП мүшелерінің және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілдерінің қабылдауын өткізуге арналған, деп хабарлайды өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
27 Мамыр, 2020
Сәуірде елордалық медицина қызметкерлеріне 1,1 млрд теңге үстемеақы төленген
Сәуір айында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан, соған сәйкес үстемеақы алатын медицина қызметкерлерінің саны наурыз айымен салыстырғанда 17,7-ден 42,6 мың адамға дейін, яғни 2,5 есе артты.
27 Мамыр, 2020
Теңіз кенішіндегі ахуал тұрақталса, жұмысшылар жұмысына оралады
Баршаны алаңдатқан мәселенің бірі –Теңіз кен орнындағы ахуал. Өйткені, Жылыой ауданындағы аталған кен орны індеттің ошағына айналып барады. Қазір мұнда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал, қауіпті індеттің ушығуына байланысты тұрғылықты мекенжайына оралған жұмысшылар жұмысына қайта орала ала ма?
27 Мамыр, 2020
Баспаналы болу мүмкіндіктері айтылды
Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында «Жаңа бағдарламамен баспаналы болу мүмкіндіктері» тікелей эфирде айтылып, облыс тұрғындарының баспанаға қатысты сұрақтарына мамандар жауап берді, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті баспаөз қызметі.
27 Мамыр, 2020
Маңғыстаудағы 6 учаскеде теңізге шомылуға тиым салынды
Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев хабарлады.
27 Мамыр, 2020
Атырау: Коронавируспен күреске 1 млрд теңге жұмсалды
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәлім етуінше, қауіпті індетпен қарсы күрес шараларына осынша қаржы бағытталып отыр.
27 Мамыр, 2020
Ақтауда 50 мың шаршы метр аумаққа көгал отырғызылады
Биыл Ақтауда 50 мың шаршы метр аумаққа көгал отырғызу жоспарланып отыр. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда жаңа бастама болмақ. Осы уақытқа дейін шаһарда көктем айларында жас талдар мен гүл ғана отырғызылатын, деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
27 Мамыр, 2020
Маңғыстау облысы: Полиция департаменті коменданттық патрульдеудің бақылау режиміне көшті
Өңірде Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы генерал-майоры Ж.Бақтыбаевтың нұсқаулығымен аппарат басшылығынан арасынан коменданттық патрульдеу тобы құрылды. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
27 Мамыр, 2020
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында жүйелі орындалуда
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Мемлекет басшысының коронавирусқа қарсы іс-қимыл және дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі тапсырмаларын іске асыру туралы» тақырыбында онлайн баспасөз конференциясын өткізді. Бердібек Сапарбаев әуелі Мемлекет басшысының Жарлығымен 11 мамырдан бастап төтенше жағдай режимі тоқтатылғанын, дегенмен, әр өңірдің коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайына байланысты карантиндік шаралар сақталып отырғанын жеткізді.
27 Мамыр, 2020