Оқи отырыңыз
Тылдағы тынымсыз еңбектің үлгісі – Бибінұр Ахметқызы
Бұл күндері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай, Назарбаев Зияткерлік мектептерінде онлайн форматта майдан және тыл ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылып отыр. Сондай тағылымы мол кездесулердің біріне – Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің «Хан Тәңірі» шаңырағында ел басына төнген қиыншылықты көзімен көрген тыл ардагері, қайсар ана Бибінұр Ахметқызы қосылып, оған ақпараттық технологиялардың арқасында қашықтан қатысудың сәті түсті.
06 Мамыр, 2020
Алматы: 291 індет ошағы карантиннен шығып, жаңадан 126 індет ошағы оқшауланды
Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің мәліметтеріне сәйкес, 5 мамырдағы эпидемилогиялық жағдай бойынша қала аумағындағы коронавирус инфекциясының 291 індет ошағынан шектеу шаралары алынды, соның 5-уі соңғы тәулікте карантиннен шықты.
06 Мамыр, 2020
Ұлттық банк: Валюта нарығы тұрақтала бастады
5 мамыр күні өткен онлайн жиында Ұлттық қордың активтері қалай өзгерді, алтын-валюта резервінің жағдайы және сәуірдегі интервенция көлемі туралы баяндалды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтып берді.
06 Мамыр, 2020
Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттардың өздері бастамашы болған парламенттік оппозиция туралы заң жобасы мақұлданды.
06 Мамыр, 2020
Парламенттік оппозиция кемінде бір рет парламенттік тыңдауға бастамашылық жасай алады
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында парламенттік оппозицияны күшейтуді көздейтін заң жобасы қаралып жатыр.
06 Мамыр, 2020
Алматыда жылу желілеріне гидравликалық сынақ жасалады
Алматы бірте-бірте қалыпты өмірге қадам басып келеді. Шаһар тынысын бақылайтын мекемелер де жылдағы дәстүр бойынша науқандық шараларға кірісіп жатыр. Қаладағы «Алматы жылу желілері» ЖШС уақытша көлік қоюға болмайтын көшелердің тізімін жариялады. Себебі бұл көшелерде 13 мамыр мен 5 маусым аралығында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жасалмақ.
06 Мамыр, 2020
Маңғыстау: Тұрмыс деңгейі және бағалар жайы айтылды
2019 жылғы IV тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 144342 теңгені құрады, бұл 2018 жылғы IV тоқсанға қарағанда 2,3% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3,4% төмендеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлім болды.
06 Мамыр, 2020
Мұнай бағасы жетінші күн қатарынан қымбаттап жатыр
Әзірге ішкі-сыртқы нарық бұл қымбатаудың қашанға дейін жалғасатынын білмей, іштен тынып тұр.
06 Мамыр, 2020
«Сталинград үшін шайқас»: нақты деректер, мәліметтер
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Қазақстандық жауынгерлер Сталинград үшін шайқаста» виртуалды көрмесін ұсынады.
06 Мамыр, 2020
Мәжілісте парламенттік оппозицияны күшейтуді көздейтін заң жобасы қаралып жатыр
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып жатыр.
06 Мамыр, 2020
«Чайковский. Online»: Қазақстан мен Ресей әртістері ұлы композиторды ұлықтайды
Барша музыкалық әлем 7 мамыр күні Петр Ильич Чайковскийдің 180 жылдығын атап өтпек. «Астана Опера» театры Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігімен, Ресейдің Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен «Русское исполнительское искусство» Қорымен бірлесе «Чайковский. Online» халықаралық жобасын ұсынады. Аталған шарада белгілі қазақстандық және ресейлік музыканттардың орындауында ұлы композитордың туындылары шырқалады.
06 Мамыр, 2020
Атырау: Жанашыр жастар көп балалы екі отбасыға үй алып берді
Атырау қаласының маңында елді мекен көп. Жақында солардың қатарындағы Дамбы, Жаңаталап, Құрманғазы, Қызыл балық ауылдарының жанашыр жастары сегіз баласы бар отбасыға бес бөлмелі үй сатып алып беруге ұйытқы болды.
06 Мамыр, 2020
Ақ Жайықтың ақындары Мақтаралға жәрдем етті
Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағы Батыс Қазақстан облыстық филиалы үй-жайы суға кетіп, қиын жағдайда қалған Мақтаарал халқына материалдық көмек аударды.
06 Мамыр, 2020
Атырау: Медицина және полиция қызметкерлеріне қаржылай көмек берілді
Атырауда «MEIRIM SHUAGY» акциясы аясында 130 медицина және полиция қызметкерінің әрқайсысы 50 мың теңгеден қаржылай сыйақы алды.
06 Мамыр, 2020
«Жеңіс» жобасының волонтерлері ардагерлерге карантин кезінде көмек көрсетуде
«Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасының волонтерлері Қазақстанның 35 қаласынан 640 ҰОС ардагері мен тыл еңбеккеріне көмек көрсетті. Жыл соңына дейін барлығы 1500-ден астам ҰОС қатысушылары мен тыл еңбеккерлерін әлеуметтік-тұрмыстық көмекпен қамтамасыз ету жоспарлануда.
06 Мамыр, 2020
KAZ Minerals акцияларын нарыққа шығарды
Инвесторлардың компания акциясына деген қызығушылығы артып келеді. Бірақ сарапшылар, соған қарамастан, акциясын сатып алуға ұсыныс айтып отыр.
06 Мамыр, 2020
Атырау: Қоғамдық көлік әлі жүрген жоқ
Облыстық бас санитарлық дәрігер Темірбек Мұсағалиевтің қаулысымен 4 мамырдан бері 13 түрлі нысанның таңертеңгі сағат 9:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілген еді. Оның ішінде 500 шаршы метрге дейін аумағы бар азық-түлік емес дүкендер, бөлек ғимаратта орналасқан шаштараздар, адвокаттық қызмет көрсететін компаниялар, медициналық орталықтар, стоматологиялық клиникалар, жарнама агенттіктері, ақпараттық-коммуникациялық компаниялар мен төлем қызметін көрсететін терминалдар бар.
06 Мамыр, 2020
Алтын жүзік һәм арамза патша хикаясы
Сонау бір жаусоқты жылдары туған жерінен ауған бір топ мұсылман қауым азып-тозып, тентіреп, дінсіздер еліне көшіп барған екен. Олар ауған елге өктемдік жасап, реті келсе дүние-мүлкін бұлап-талайды. Көшкен ел бұл өлке баянды тұрақ болмайтынын сезіп, басқа жаққа қоныс аударуды ойластырады. Бірақ ат-көлік жоқ, қол қысқа, жолай шөл даланы кесіп өту үшін азық-түлік, су қоры жетпейді.
06 Мамыр, 2020
Атырау: Денсаулық сақтау басқармасына басшының міндетін атқарушы келді
Енді бұл лауазымды Нұрлыбек Қабдықапаров атқаратын болды. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен ол облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
06 Мамыр, 2020
Екібастұздағы 9-шы шағын ауданның бір ғана ауласынан үш чемпион шыққан. Олар – кикбоксшы Нұрсұлтан Хасанов, джиу-джитсу шебері Диас Еренғайыпов және кәсіпқой боксшы Мұса Тұрсынғалиев.
06 Мамыр, 2020