Оқи отырыңыз
Карантиндегі өнер жұлдыздары және eGov порталы
Бүгінде өз үйлеріне қамалған халықтың көңіл-күйі, жағдайы жайлы жазылып та, айтылып жатыр. Отандастарымызға тек өзін-өзі оқшаулау мен сабыр сақтау қалды. Пандемияның шарықтау шегін өткеріп, қауіпсіздік толықтай орнап, көпшілікке қалыпты болған өмір ағымы өз арнасына түскенше күту қажет.
17 Сәуір, 2020
CTS қызметкерлері тосқауыл бекеттерде жұмыс істеп жатыр
Нұр-Сұлтан қаласында City Transportation Systems қызметкерлері полиция және медицина мамандарымен бірге тосқауыл бекеттерде жұмыс істеп жатыр.
17 Сәуір, 2020
Чемпиондар лигасы: Финалдың уақыты 23 сәуірде нақтыланады
Келесі бейсенбі 23 сәуірде УЕФА-ның Атқарушы комитеті бейнеконференция форматында отырыс өткізіп, коронавирус пандемиясының салдарынан тұралаған футбол маусымын қалай аяқтауды талқылайды.
17 Сәуір, 2020
Жамбыл облысында қоғамдық және жеңіл автокөліктердің қозғалысы тоқтатылды
Қазіргі кезде коронавирус індетінен сақтану мақсатында Жамбыл облысы аумағында карантин режимі енгізілген болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, өңірде індет жұқтырғандар саны 50 адамнан асып отыр.
17 Сәуір, 2020
Жедел штабқа 32 мыңнан астам хабарлама келіп түсті - Е.Үстеміров
«Атамекен» ҰКП жедел штабының құрылуының алғашқы күнінен бастап 32 мыңнан астам хабарлама келіп түсті. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Ербол Үстеміров мәлімдеді.
17 Сәуір, 2020
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар 31 желтоқсанға дейін мүлік салығынан босатылды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Ербол Үстеміров мүлік салығынан кімдер босатылатынын айтты.
17 Сәуір, 2020
Биыл алғаш рет тарауық намазы жамағатсыз оқылады
Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы мешіттерде намаз оқудан тыйыла тұруға шақырды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.
17 Сәуір, 2020
Ауыл кәсіпкерлеріне несиені өтеуге жеңілдіктер беріледі
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына несие бойынша төлемдерді кейінге шегеру жөнінде мыңдаған өтініш келіп түсті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығының баспасөз қызметі хабарлады.
17 Сәуір, 2020
Төтенше жағдай кезеңінде мүгедектер бұрын белгіленген топ бойынша жәрдемақы алады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қайта куәландыру мерзімі 2020 жылғы 15 ақпаннан кейін келген барлық азаматтарға мүгедектік мерзімін төтенше жағдай кезеңіне автоматты түрде ұзартты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
17 Сәуір, 2020
Қазақ тілін дамытуға арналған жаңа бағдарламаның міндеттері қандай?
Мәдениет және спорт министрлігінің Onlinedabol жобасы аясында «Мемлекеттік тілді жетілдіру» тақырыбында онлайн курстар жалғасуда. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
17 Сәуір, 2020
Нұр-Сұлтан: Ботаникалық бақтағы аққулар тіршілігінен репортаж
Осыдан екі-үш күн бұрын елорданын сол жағалауынан былтыр ашылған Ботаникалық бақтың жасанды көліне екі аққудың ұшып келіп, жүзіп жүргендігін хабарлаған едік. Бақтың өзі жүз гектар аумақты алып жатыр. Оның Түркістан көшесі жағындағы шетіне қолдан көл жасалынған. Жасанды көлдің өзі биіктен қараған адамға қанатын жайып ұшып келе жатқан құс бейнесінде көрінеді. Көл беті ортасынан кесіп өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер арқылы төрт аумаққа бөлінеді. Қос аққу міне, осы көлге келіп қонақтаған болатын.
17 Сәуір, 2020
Jas Otan жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қала әкімдіктерімен бірлесе отырып, тұрғындарға бетперде тарату жұмыстарын бастайтындарын мәлімдеді.
17 Сәуір, 2020
Төтенше жағдай кезінде табыстан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін 42 500 теңге әлеуметтік төлемді 127 млрд теңгеден астам сомаға 3 млн-нан астам адам алды. 5,9 млн жолданған өтімнің 2,15 миллионы немесе 37%-ы тұрғысында бірқатар себепке қатысты төлем берілген жоқ. Осы орайда төлемдердің берілмеуінің негізгі себептеріне тоқталайық.
17 Сәуір, 2020
Коронавирусқа қарсы тұрудың бір амалы үйде отыру екені рас. Десе де, көктемгі дала жұмыстары қол бұлғаған кезде шаруаларға ешқайда шықпа деп айта алмайсыз. Санитарлық қауіпсіздіктің қағидаттарын сақтау керек-ақ. Бірақ жұмыр басты пенде баласы ертеңгі жейтін нанын ойламаса тағы болмайды. Өйтпеске амалы жоқ.
17 Сәуір, 2020
Алматы маңы: медициналық көмек қалай көрсетілуде?
Алматы қаласының толықтай карантинге жабылуы мегаполиспен шектесетін облыс аудандарының тұрғындарына біршама әбігер әкелгені рас. Әсіресе қаладағы емханаларда тіркеуде тұратындар мен ауруханаларда ем қабылдап жүрген науқастар үшін қиындық туа бастаған еді.
17 Сәуір, 2020
«Пенде не көрсе де ниетінен, пиғылынан табады» дейді. Баяғыда өздері аш-жалаңаш, күйеулері «халық жауы» деп ұсталып, айдалғаны айдалып, үкімі кесілгендері атылып, одан қалған азаматтар соғысқа кетіп, елде шал-шауқан, көздері жасты, көңілдері мұңға толы жесір әйел, жетім балаға толған заманда қазақ баласы Кеңес өкіметі малша тоғытқан сан ұлысқа тіліне, дініне қарамастан қорған болды. Қоржын тамының бұрышына қондырып, аузындағысын жырып беріп, өзі жарымай жүріп, жылай жүріп қорлық көрген жат баласына әрі тұр демей, жасын сүртіп, бауырына тартты. Өйткені пейілдері кең, жүректері жұмсақ, жандары аяныш пен обал атты асылға толы еді. Пейілдерінің тарылмауының себебі, алдарында туатын жақсы күндердің, тоқшылықтың нанына тоятын мамыражай күндердің хабаршысы болғандай.
17 Сәуір, 2020
Халқымызда бабалардан келе жатқан «Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер» деген даналық сөз бар. Осы бір мақал дәл осындай дүниені кезген індеттің салдары біздің елімізді ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатқан шақта айтылса керек. Салмағы ауыр сөз. Ерлерімізді етігімен су кештіруге жазбасын деп тілеген халықпыз. Жағдай қиын болса, жұртшылық қиын-қыстау шаққа тап келсе, шығатын амалды тауып, бүтін бір елді сақтап, қорғап қалудың жолында ерлер жүрмегенде қайтпек?..
17 Сәуір, 2020
Кез келген мемлекеттің, қоғамның басты байлығы – адам. Халықтың денсаулығы – мемлекет болашағының негізі десек, оның жақсы, қалыпты жағдайда болуы өмір сүру салтына тікелей байланысты екені айтпаса да түсінікті.
17 Сәуір, 2020
Бүгінде еліміздегі оқушылар «Балапан» және «Ел арна» телеарналары арқылы берілетін бейнесабақтардан дәріс алып жүргені мәлім. Жас түлектерге биология пәнінен берілетін сабақ жүргізушілер арасында ақтөбелік 10 педагог бар. Олар өңірдегі ең білікті ұстаздардың арасынан таңдалып алынған.
17 Сәуір, 2020
Көктемгі егіс – күзгі ырыс (ауыл шаруашылығы дақылдарын 825,4 мың гектарға егу межеленген)
Жыл жаңарып, күн жылынған тұста-ақ Түркістан облысында дала жұмыстары қарқын ала бастаған болатын. Техникаларды дайындау, шаруашылық жұмыстарын қамдау – ауыл шаруашылығы саласы мамандары үшін күн тәртібінен түспеген мәселе. Мемлекет басшысы да жуырда өткен төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында көктемдегі ауыл шаруашылығының мәселелеріне баса назар аударуды міндеттеді.
17 Сәуір, 2020