Оқи отырыңыз
Тұрғындардың талап-тілегі талданады
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов алғашқы есепті кездесуін баяндамасыз өткізді. Өңірге жаңадан тағайындалған әкімнің мұндай бастамасы әрине құптарлық. Есептік кездесудің бұрыннан қалыптасқан қасаң форматы өзгергенін тұрғындар да жақсы қабылдады.
21 Ақпан, 2020
Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Сары құрлық біріншілігінде жерлестеріміз 9 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
21 Ақпан, 2020
Қала маңындағы ауылдарда қылмыс неге көп?
Талдықорған қаласының көшелерінде 871 бақылау камерасы бар екен. Биыл тағы 500 бейнекамера іске қосылмақшы. Облыс орталығының заманға сай техникалық құрылғымен жабдықталуы қоғамдық қауіпсіздік мәселесін де оңынан шешуге ықпал ете бастаған сияқты. Өйткені қалада қылмыс азайған екен.
21 Ақпан, 2020
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Павлодар облысында болған жұмыс сапарында Екібастұз қаласындағы өзекті мәселелермен танысты.
21 Ақпан, 2020
Бұл күндері Үндістанның бас шаһары – Нью-Делиде күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Кеше грек-рим күресінің балуандары жарысты қорытындылады. «Классиктер» бәсекесінде біздің балуандар 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль олжалап, жалпы есепте үшінші орынға тұрақтады.
21 Ақпан, 2020
Екі теннисшіміз де ширек финалға шықты
Теннистен Қазақстанның ерлер және қыздар арасында бірінші ракеткасы Александр Бублик пен Елена Рыбакина өздері қатысып жатқан халықаралық турнирдің ширек финалына жолдама алды.
21 Ақпан, 2020
Негізсіз тексеру – кәсіпке кедергі
Соңғы уақытта Шымкент қаласында жер теліміне байланысты дау-шарлар көбейіп келеді. Мұның себебін әркім әрқалай айтып жүр. Бірі қалаға қосылған елді мекендердің «ескі жыры» десе, енді бірі кезінде шаһардағы ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді тұрғын үй салу бағыты бойынша заңсыз заңдастырудан шыққан дейді.
21 Ақпан, 2020
Наурыз айының алғашқы аптасында Иорданияның бас шаһары – Амманда бокстан Токио Олимпиадасына жолдама беретін Азия және Тынық Мұхит аймағы елдерінің іріктеу турнирі өтеді. Осыдан бірер күн бұрын бокстан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Ғалымбек Кенжебаев Олимпиада жолдамасына таласатын спортшылардың есімін атады. Бір қызығы, бас бапкердің тізіміне әлем және Азия чемпионатында топ жарған тәжірибелі боксшылар енбей қалған.
21 Ақпан, 2020
Мемлекет басшысы «Салық базасын бүркемелеуге қарсы көпжақты конвенцияға» қол қойды
Салық базасын бүркемелеуге қарсы көпжақты конвенция ратификацияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
20 Ақпан, 2020
Полицейлер кәмелетке толмағандардың тәртібін қадағалаусыз қалдырмайды
Ақтау қалалық ПБ-ның ювеналды полиция қызметкерлері облыстық «Жасөспірім» және «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында бірқатар рейд өткізді. Шара қадағалаусыз және қараусыз өмір салтын жүргізетін кәмелетке толмағандарды, оның ішінде түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде жүргендерді анықтау мақсатында жүргізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
20 Ақпан, 2020
SpaceX ғарышқа саяхатшылар аттандырады
SpaceX және Space Adventures компаниялары 2022 жылға Жер орбитасына саяхатшылар ұшыру туралы келісмшартқа отырған. Бұл туралы Space Adventures ақпарат қызметі хабарлады.
20 Ақпан, 2020
Ауыр атлетика: Азияның үздігі – Рахат Бекболат
Күні кеше ғана Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте жасөспірімдер мен жастар арасында өткен Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы 14 (9 алтын+2 күміс+3 қола) жүлде алып, өз жанкүйерлерін қуантты.
20 Ақпан, 2020
Оралда ең үлкен даңғылдың бірі Абай есімін иеленеді
Орал қаласындағы ономастикалық нысандардың тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды зерделеу және пысықтау жөніндегі жұмыс тобы Орал қаласындағы ең үлкен даңғылдың бірін Абай есімімен атау туралы бірауыздан келісімге келді.
20 Ақпан, 2020
Алматыда «Women in Business» форумы өтіп жатыр
Бүгін Алматыдағы Doubletree by Hilton Almaty қонақ үйінде әйелдер кәсіпкерлігіне арналған «Women in Business» екінші форумы өз жұмысын бастады.
20 Ақпан, 2020
«Социалистік Қазақстан» газеті: Ақ күріштің атасы
1965 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінің №18 санына шыққан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевқа арналған мақаланы назарларыңызға ұсынамыз.
20 Ақпан, 2020
Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы тағайындалды
Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
20 Ақпан, 2020
«Шекарадан басқа елдің азаматтары өтпейді»: Облыс әкімі Даниал Ахметов Зайсанға барды
Қазіргі уақытта Қытай шекарасынан бірде-бір кісі өткен жоқ.
20 Ақпан, 2020
Харьковта Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Харьков қаласында (Украина) Харьков, Полтава және Сумы облыстарын қамтитын Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
20 Ақпан, 2020
Өзбекстан Президенті Түркия Республикасына ресми сапармен барды
Кеше Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Бұл туралы Өзбекстан Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
20 Ақпан, 2020
Халық санағы кезінде 32 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ
Тікелей халық санағын өткізу кезеңінде 2020 жылы уақытша санақ персоналы ретінде (нұсқаушы-бақылаушылар, интервьюерлер) 32,5 мың адамды жұмысқа тарту және орналастыру жоспарлануда.
20 Ақпан, 2020