Оқи отырыңыз
Арыстағы күні кеше болған апат халықтың қабырғасын қайыстырып, тыныш күнде аспаннан найзағай түскендей болды. Кір жуып, кіндік қаны тамған атажұртында отырған ел үрейленіп, қорқынышқа бой алдырды. Бірақ күллі Қазақстан халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, басқа түскен қасіретті қайырымдылықпен жеңуге аянбай атсалысып келеді.
05 Тамыз, 2019
Теннистен халықаралық додаларда бақ сынап жатқан жерлестеріміз турнирдің жартылай финалына шыға алмады. Михаил Кукушкин де, Зарина Диас та ширек финалда сүрінді.
05 Тамыз, 2019
Қазақстанның барша жанкүйері 14-22 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионатында қыздарға айрықша сенім артып отыр. Олимпиада бағдарламасына енген спорттың бұл түрінен айтулы жарыстың тұсауы 1987 жылы кесілген еді. Сол кезден бері бұрымдылар барлығы 29 рет бас қосқан екен.
05 Тамыз, 2019
«Шымбұлақ» пен «Роза Хутордың» достығы
Қалай десек те, соңғы жылдары Қазақстан мен Ресей арасындағы туристік ағымда белсенділік байқалады. Барыс-келістің артуына түрлі фактор ықпал етіп отырғандығы белгілі. Оның үстіне ежелден көрші, тату екі ел де ішкі туризмді дамытуға мүдделі. Осы ретте атқарылып жатқан шаралар легі өз нәтижесін бере бастаған сынды. Мәселен, өткен жылы «Шымбұлақ» пен «Роза Хутор» тау курорттары арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.
05 Тамыз, 2019
Британдық ғалымдар Қазақстанда ет өнімділігін арттырады
Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен «AкТеп» қазақстандық компаниясы мен «Genus Breeding британдық Ltd» компаниясы арасында «Абердин-Ангус» және «Герефорд» тұқымдарының генетикалық өзегін қалыптастыру туралы келісімге қол қойылды. Келісім бес жыл мерзімге жасалып, қосымша келесі бес жылға ұзарту мүмкіндігін ескереді.
03 Тамыз, 2019
Қаратөбеде Алашорда музейі салынады
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының орталығында, 1918 жылы ақпан айында Күнбатыс Алашорданың кезекті сиезі өткен алаңда «Алашорда және Қайыржан Хасановтың мемориалдық музей кешені» ғимаратының құрылысы басталды.
03 Тамыз, 2019
Петропавлда көпқабатты үйлер жылыту маусымына дайын емес
«Қыс арбаңды, жаз шанаңды сайла» деген халық даналығын бәзбір тұрғындар мен пәтер иелері кооперативтері жете ұқпай жүрген секілді.
02 Тамыз, 2019
Батыс Қазақстанда адам саудасына қатысты 4 қылмыстық оқиға анықталды
Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында адам саудасына қатысты 4 қылмыстық оқиға анықталған. Оның ішінде 1 факті жасөспірімдерді жезөкшелікке тарту болса, 3 оқиға жеңгетайлықпен айналысу бойынша тіркелген.
02 Тамыз, 2019
Сөйтіп Жандос Төкіш енді бір ай бойы кәсіпкер Алексей Мазурдың асханасынан тегін тамақтанады.
02 Тамыз, 2019
Құралбек Ордабаев: Қазақ футболының болашағынан үлкен үміт күтемін
Құралбек – қазақ футболының ардагері, әйгілі қақпашы. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы. КСРО спорт шебері. Өткен ғасырдың 70-жылдары «Қайрат» футбол командасының сапына қабылданып, аталмыш клуб қақпасын 12 жыл (1971-1982) қорғаған әйгілі футболшы. Әсіресе, 11 метрлік айып добын қайтаруда одан асқан шебер болмаған. Кезінде КСРО құрамасының белді футболшысы және киевтік «Динамоның» шабуылшысы, «Алтын доп» иегері, КСРО чемпионатында 211 гол соққан атақты Олег Блохинның өзі Құралбек ағамыз жайлы былай деген екен: «Менің «Спартак», «Торпедо», тағы басқа командаларға соққан добым есімде. Бірақ маған «Қайратқа» гол соғу өте ауыр болды. Өйткені команданың қақпашысы Ордабаевтан өте алмадым. Құралбек пенальти қайтарудың асқан шебері еді». Міне, біздің Құрекеңді мықтылардың өзі мойындаған. Сол сияқты осы жылдары Одақ көлеміне тарайтын үлкен беделге ие «Советский Спорт» газетінің 1973 жылғы сәуір айының 24-і күнгі санында қазақ қақпашысы Құралбек жайлы: «...алматылық «Қайраттың» қақпашысы Құралбек Ордабаев биылғы көктемнің өзінде командасын пенальтиден төрт рет жеңіске жеткізді. Ол «Пахтакор» және тбилисилік «Динамомен» кездесулерде ерекше көзге түсті. Әсіресе, мәскеулік «торпедошылармен» болған ойында екі рет 11 метрлік соққыны қақпасына дарытпады» деп жазыпты. Яғни 1973 жылы бір маусымда 16 пенальтиді қайтарып, КСРО чемпионатында «пенальти қайтарудың хас шебері» деп атанған Құралбекті Одақ жанкүйерлері толық мойындады. Құралбек Ордабаевпен бірге ойнаған футболшылар да оның пенальтиден бөлек ойын кезінде «тоғыздыққа» көзделген допты қалай қағып жіберетінін тамсана айтады. Кезінде Құрекеңмен бірге бір командада доп ойнаған Сейілда Байшақов: «Одақ біріншілігінде тең түскен екі команда жеңімпазды пенальти арқылы анықтайтын заман болды. Сондай сәттерде біз Ордабаевқа сенім артамыз. Ол бізге үнемі жеңіс сыйлайтын. Тіпті қарсыластарымызбен тең түскен жағдайда Құралбекке сеніп, алдын ала жеңіске жететінімізді біліп отырушы едік. КСРО-ның атақты шабуылшылары біздің қақпаға доп дарыта алмай, пұшайман болған сәттерін талай рет көрдім» дейді. Сонымен... қазақ футболының шежіресін парақтасақ, Құралбек Ордабаев «Қайрат» қақпасын 185 рет қорғаған екен. Ол «Қайратқа» алғаш келген 1971 жылы Халықаралық теміржолшылар одағының кубогын жеңіп алды. Біз бүгінде мерейлі 70 жасқа толып отырған әйгілі қақпашымен сұхбаттасқан едік.
02 Тамыз, 2019
(Әңгіме) Әкемнің туған жері – ежелгі Торғай өңіріндегі «Қызбел» кеңшары екен. Ерте кезде тағдырдың айдауымен туыстарымен бірге Көкшетауға келіп, анама үйленіп, қоныс теуіп қалған. Інісі Дүйсен отбасымен атамекенімізге барамыз деп бірер жыл бұрын сол жаққа көшіп кетті. «Інімді қаңғытып жалғыз жібермеймін, бірге болайық» деп әкем сонда қоныс аударды.
02 Тамыз, 2019
...Ол үлкен сахнаның төріне алғаш шыққан кезде жұрт оған халыққа көрінгені үшін қошемет көрсетіп, қол соқты. Әнін аяқтап бола салысымен өздеріне эстетикалық ләззат сыйлағаны үшін алақан дуылдатты. Әнші үшін бұл жағдай бұрын өзі бастан кешіп көрмеген және тілмен сипаттап жеткізу қиын керемет бір нәрсе болды...
02 Тамыз, 2019
Тәжірибелі құрылысшы Сергей Тимофеев жергілікті маңыздағы жолдарды қалпына келтіру мәселесін жиі көтеріп жүр.
02 Тамыз, 2019
Букмекерлік кеңселер болашағымызды бүлдіреді
Бүгінде еліміздің қай қаласына барсаңыз да алдыңыздан букмекерлік кеңселер самсап шыға келеді. Әрине, бизнестің бұл түрі мен қызметінің заңдық-құқықтық негізі бар. Тіпті аталған құрылым иелерінің мүдделерін қорғайтын арнайы қауымдастық та құрылған екен. Букмекерлік кеңселердің әлеуметке тигізетін пайдасы қандай? Қорғасындай салмақты сауалға біржақты жауап қайтару оңай емес секілді. Рас, республикамызда шағын және орта бизнесті қолдауға қатысты нақты шаралар белгіленген. Мұндағы мақсат айқын. Яғни осы арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, мемлекеттің салықтық әлеуетін көтеру көзделген.
02 Тамыз, 2019
Көкөніс нарығында көршілер ұтып тұр
Бұл жағдайды ішкі нарықтағы экономикалық парадокске теңеуге тура келетін шығар. Яғни, қазақстандық ауылшаруашылық тауарын өндірушілер отандық нарықты дайын өнімімен толық қамти алмай отырғанына қарамастан, сыртқы нарыққа қызмет етуге ынталы екендіктерін жиі байқатады.
02 Тамыз, 2019
Қант зауытына қызылшаны қайдан алмақ?
Өңірде қант қызылшасын өндіретін кәсіпорын салынады деп жоспарланған-ды. Алайда, қытайлық, ресейлік, испаниялық, польшалық инвесторлар тарапынан нақты инвестициялық қадам жасала қоймады. Жобаның бастауында болған облыс әкімінің орынбасарлары Дәурен Мақажанов та, Қайрат Нүкенов те бір жылға жетер-жетпес уақыт қызмет етіп, екеуі де едел-жедел басқа жұмыстарға ауысып кетті. Өңір үшін маңызды деп бағаланған жобаның ендігі жайы не болмақ?
02 Тамыз, 2019
Көпшіліктің көңілінен шыққан бренд
Үкімет тарапынан «қарапайым заттар экономикасын» дамытуға күш салынып, түрлі мемлекеттік қолдаулар тетігі қарастырылып жатқаны белгілі. «Altezza» брендінің негізін қалаушы Шахиста Мұхамеджанова отандық киім өндірісінде жемісті еңбек етіп келе жатқан арулардың бірі.
02 Тамыз, 2019
Бүгінгі таңда Жамбыл облысындағы кез келген дүкеннің сөресінен, әр үйдің дастарқанынан «Сәуленің» вафлиін көруге болады. 2018 жылдың басында тұтынушыларға жол тартқан фабрика өнімдері бір жарым жыл ішінде тіл үйірер дәмімен көптің көңілін жаулап үлгерді.
02 Тамыз, 2019
Елбасы жариялаған Жастар жылы аясында жастармен қоғамдық-идеологиялық жұмыс жүргізу – өте маңызды міндет. Бұл жұмысты Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша мүдделі органдарға міндеттеді.
02 Тамыз, 2019
Гонконгтегі митингілер жалғасып жатыр
Соңғы төрт ай бойы Гонконг көшелерінде наразылық шаралары тоқтамай тұр. Гонконг үкіметі қолға алған айыпталғандарды экстрадициялау туралы заң жобасы миллиондаған халықтың бас көтеріп, наразылыққа шығуына себеп болды. 31 наурызда басталған митинг бүгінге дейін жалғасып келеді. Кеше жергілікті ақпарат көздері темір жол желісінің жұмысы тоқтатылғаны туралы хабарлады, ал оған дейін наразылардың Парламент ғимаратына шабуыл жасағаны мәлім болды.
02 Тамыз, 2019