Оқи отырыңыз
Ақмола облысында үстіміздегі жылы атаулы көмек алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда бірден үш есеге өсті. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасыларға көмек көрсету үшін 7 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Екі мыңнан астам отбасының көмек алу үшін табыстарын жасырғаны белгілі болып отыр.
23 Қыркүйек, 2019
Мун Хи Сан: Қазақстан - Кореяның маңызды әріптесі
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері Парламенттері Спикерлерінің 4-кеңесіне қатысуға келген Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Мун Хи Санмен алдағы форум жайын әңгімеледі. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
23 Қыркүйек, 2019
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева мен Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Владимир Володинмен, Федералдық Жиналыстың Федерация Кеңесі Төрағасының орынбасары Ильяс Умахановпен кездесуі барысында Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын тереңдете түсудің келешегі талқыланды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
23 Қыркүйек, 2019
Словакия білім беру, қорғаныс және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа мүдделілік танытты
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева және Словакия Республикасы Ұлттық Кеңесінің төрағасы Андрей Данкомен кездесуі барысында Қазақстан мен Словакияның парламентаралық іс-қимылы мен экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар екі ел арасындағы байланыстардың қарқынды дамуы мен парламенттер ынтымақтастығының тиімділігін арттыра түсу қажеттігін атап өтті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
23 Қыркүйек, 2019
Ли Чжаньшу Нұрсұлтан Назарбаевқа Си Цзиньпиннің жылы лебізін жеткізді
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.
23 Қыркүйек, 2019
Баянауыл ұлттық саябағындағы өрт сөндірілді (видео)
Ресми мәлімет бойынша, 22 қыркүйекте орман алқабында өрт шыққан. Өрт аумағы шамамен 2,5 гектар. Алғашқы күні өрт сөндіруге 100 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылған болса, бүгін өрт сөндіру жұмыстарына 500 адам және әуе техникалары атсалысты.
23 Қыркүйек, 2019
«Канело» Головкиннен қорқа ма?
Boxingnews24.com порталының шолушысы Барри Холбрук мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) үшінші рет жұдырықтасудан неге қашып жүргенін сараптап көрді деп хабарлайды Vesti.kz.
23 Қыркүйек, 2019
Мәжіліс спикері Словакия Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Словак Республикасы Ұлттық Кеңесінің төрағасы Андрей Данкомен кездесіп, мемлекетаралық, соның ішінде, парламентаралық әріптестіктің негізгі бағыттарын талқылады деп хабарлайды Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.
23 Қыркүйек, 2019
Қазақ делегациясы Дамаскідегі Әбу Насыр әл-Фарабидің қабіріне зиярат жасады
Келесі жылы «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығы аталып өтеді. Осы ауқымды оқиғаға әзірлік барысында қазақстандық арнайы делегация Сирияның Дамаск қаласына іссапармен барды. Әрі бұл сапар мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыруды мақсат тұтады.
23 Қыркүйек, 2019
Бай-Өлкеде мәдени орталық ашылды
Моңғолия Республикасы Бай-Өлке аймағының орталығы Өлгей қаласында орналасқан ақын-драматург, өлкенің жаңа низам әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Ақтан Бабиұлы атындағы орталық кітапхананың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында, аталған өлкеде Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды.
23 Қыркүйек, 2019
Онлайн-тапсырыс көмірден тарықтырмайды
Таяуда Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров жылыту маусымына дайындық аясында көмір сату бекеттерінің жұмысын тексеріп қайтты. Мұндағы басты мақсат – қамсыз отырған ағайын қар түскенде жапа-тармағай жүгіріп, содан ұзын-сонар кезек туындап, айғай-шу болмасын дегені еді.
23 Қыркүйек, 2019
Жылу беруге дайын, қабылдау жағы қиындау
Облыстың орталығына жылу беретін «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС-нің соңғы мәліметіне қарағанда, қаладағы балабақша, аурухана, мектеп сияқты әлеуметтік нысандарға жылу беру 16 қыркүйектен басталып кетті. Тұрғын үйлерге жылу беру 20 қыркүйекке жоспарлаған-ды. Алайда күздің мизамшуағы әзірге суық туралы ойлатар емес.
23 Қыркүйек, 2019
«Қыс шанаңды жазда сайла» дегенде, еліміздегі қысы қаһарлы өңірде жылыту маусымына дайындық ерте басталды. Бүгінге дейін облыстағы 105 қазандық, 736 дербес жылыту жүйесі толық дайын. Оның сыртында 18 шақырымнан астам жылу құбыры желісі, 91 шақырым су және кәріз құбырлары жөнделді.
23 Қыркүйек, 2019
«Мен ең алдымен істеген жұмысымда сапаға баса мән беремін. Жасаған затым тапсырыс берген адамдарға ғана емес, өзіме де ұнаса, жұмысымнан кәдімгідей ләззат аламын». Бұл – Алматы облысының Балқаш ауданындағы Бақанас ауылында тұратын дәнекерлеуші келіншектің сөзі. Жалпы Әдеміні ерекше таныстырып жатудың қажеті жоқ шығар. Кәдімгі қазақтың қаракөз қызы. Оны өз замандастарынан бөліп алып қарауға себепкер болған жеке таңдауы ғана. Иә, екі баланың анасы қазір темірді теріше илеп, гүл орнына электрод ұстап дәнекерлеуші болып жүр. Кейіпкеріміз Әдемі ЕСЕНШОРАЕВАМЕН әңгімеміз осыдан басталды.
23 Қыркүйек, 2019
Ақбота Кәдірбек: Ерікті болу – еріккеннің ісі емес
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Волонтерлер жылы» деп жариялағаны мәлім. Бұл жаңалыққа ел арасында екпінді еңбек етіп жүрген ерікті жастар елең ете қалғанын да білеміз. Сондай жастардың бірі – Ақбота Кәдірбек.
23 Қыркүйек, 2019
Диқан Думан сервистік-дайындау орталықтарының тиімділігіне тәнті
Сервистік-дайындау орталықтары Алматы облысындағы аграрлық саланың дамуына серпін беріп отыр. Көктемгі егіс пен күзгі жиын-терін кезінде шаруаға шын жанашыр болып, нақты көмек көрсететін осы орталықтарға өңір диқандары дән риза. Өйткені мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруалар жыл сайын ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемін ұлғайтып, өнім өндіру көлемін арттыруда.
23 Қыркүйек, 2019
Бюджет тиімді жоспарлануы тиіс
Бүгінде елімізде бюджеттік тәртіпті күшейту, оның атқарылуын жүйелеу және бюджетті жоспарлаудың тиімділігін арттыру өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе еліміздің ірі орталықтары үшін қазынадан бөлінген қаржының дұрыс, орынды жұмсалуы басты назарда.
23 Қыркүйек, 2019