Оқи отырыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында: «Білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға баса мән берілуге тиіс. Осы салаға нағыз кәсіби мамандарды тарту қажет. Бізде Президенттік жастар кадр резерві бар. Дәл сол сияқты білім саласына өзгеріс әкелетін 1 мың маман арнайы дайындықтан өтетін болады», деп осыған орай арнайы бағдарлама қабылданатынын айтқаны есімізде. Қазір сол жоба іске асырылып, резервке 208 кандидат іріктелініп алынған. Мамандардың қатары жыл сайын толықтырылып отырылады.
24 Қаңтар, 2024
Жас ұрпаққа тәрбие беруде үйірмелердің қосар үлесі зор. Осы ретте оқушылардың мектепте алған білімін өмірде кеңінен қолдануына жол ашатын Оқушылар сарайы жетісулық жас дарындардың ұстаханасына айналып отыр. Білім шаңырағы осы күнге дейін мыңдаған таланттың талабын шыңдаған.
23 Қаңтар, 2024
Сапалы білім беру – әр мұғалімнің парызы. Оқушыны ғылымға бағыттап, іске қабілетті ету, ізгі құндылықтарға бойлату да сол парыздың ішіне кіреді. Бұл үрдіс мұғалімге үздіксіз дамуды, білімін жан-жақты жетілдіруді талап етеді. Ушинский айтпақшы, «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады». Осы тұста педагогикалық менеджменттің тиімді жұмыс істеу қажеттілігі туады.
23 Қаңтар, 2024
Қаратөбеде грэпплинг клубы ашылды
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында «Қаратөбе арланы» атты грэпплинг спорт клубы ашылды.
23 Қаңтар, 2024
«Мұз үстіндегі шахмат» аталып кеткен бұл ойынның денсаулыққа пайдасы көп. Әсіресе зерде мен зейіннің жақсы жұмыс атқаруына оң ықпал етеді екен. Көрер көзге жеңіл көрінгенмен, олимпиадалық ойын біраз еңбекті талап етеді. Қуаныштысы, елімізде керлинг спортына қызығушылардың қатары күннен-күнге артып келеді.
23 Қаңтар, 2024
Тұман, жел, бұрқасын: 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қаңтар, 2024
Тина Канделаки СІМ ресми өкілі Айбек Смадиярды Ресейге шақырды
Күні кеше Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр Қазақстанда орыс тілінің қолдану аясы тарылып жатыр деп жазба жариялаған журналист Тина Канделакидің елімізге кіргізілмейтінін айтқан еді. Бүгін ресейлік журналист Айбек Смадиярды Мәскеуге шақырды, деп жазады Egemen.kz.
23 Қаңтар, 2024
«Анасы Жәнібектен бас тартамын деп арыз жазбаған». Журналист шикілік бар екенін айтты
«Бармысың, бауырым?» радио хабарының жүргізушісі, туған анасын іздеп жүрген бельгиялық азамат Эдди Жан Савельевтің Қазақстандағы заңды өкілі, журналист Қымбат Досжан бала сатуға байланысты қозғалған қылмыстық істің неліктен қысқартылып қалғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
23 Қаңтар, 2024
«Жәнібек, кімнің баласы екеніңді таппай қоймаймыз». Екі болжамды ананының ДНҚ сараптамасы шықты
Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы Эдди Жанның (Жәнібек) анасы болуы мүмкін деген екі келіншектің ДНҚ сараптамасының нәтижесі белгілі болды. Анализ қорытындысын журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.
23 Қаңтар, 2024
Жер сілкінгенде дыбыстық дабылдың неліктен қосылмағаны айтылды
Бүгін түнде Алматы қаласындағы жер сілкінісі кезінде дыбыстық дабылдың неліктен іске қосылмағаны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
23 Қаңтар, 2024
Жер сілкінісі кезінде Алматы әуежайына ұшақ қона алмады
Жер сілкінісі кезінде Астана-Алматы бағытындағы Эйр Астананың КС-856 рейсінің ұшағы Түркістанның қосалқы аэродромына қонды, деп хабарлайды Egemen.kz Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Қаңтар, 2024
«Vet Monitoring» модулінің цифрлық үдерістері
Павлодар қаласында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге мал шаруашылығы өнімдерін цифрлық қадағалау бойынша қанатқақты жоба таныстырылды.
23 Қаңтар, 2024
Тұрғын үй нарығындағы тұрақсыздық
Тұрғын үй нарығына әсер ететін факторлар біршама. Көңілге қонымдысы – долларға байланған импортқа және инфляцияға тәуелділік. Өз өнімдерін айналымға шығарған құрылыс компаниялары алдымен осы жайтты ескереді. Ұтылып қалмауды, құрылысқа әрбір жұмсаған тиыннан пайда табуды ойлайды. Осылайша Алматы мен Астана қаласындағы көлемі 40 шаршы метр, нарықтық құны 20 млн теңге тұратын пәтердің 15 жыл ішіндегі құны кемі 60 млн теңгеге жуықтайды. Құрылыс компаниялары бірінші кезекте басымдық беретін формула – осы.
23 Қаңтар, 2024
МӘМС: Емделуші құқы қай деңгейде қорғалады?
Қоғамда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты түрлі сын-пікір айтылып жүр. Өңір-өңірде сақтандыру қорына ай сайын жарнасын үзбей аударған емделушілердің сапалы медициналық көмекке жете алмай, сергелдеңге түскенін жиірек еститін болдық. Саладағы өзекті сауалдардың бірқатарын депутаттар, қоғам белсенділері, тұрғындар қаузады. Содан ұққанымыз, шағымдардың төркіні медициналық көмектің сапасына келіп тіреледі.
23 Қаңтар, 2024
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға ресми сапары аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, италиялық «Green spark italy srl» компаниясы және Қазақстанның жасыл сутегі одағы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту үшін отынның жаңа түрін өндіру технологиясын әзірлеуге ниетті.
23 Қаңтар, 2024
Биологиялық қауіпсіздікке бәріміз жауаптымыз
Ғылым саласы қаншама дертке дауа тапты. Сонда да аурудың жаңа түрлері пайда болып, адамзатты сарсаңға салып отыр. Әлемді әлекке түсірген вирустар біздің елді де айналып өткен жоқ. Адам мен жан-жануар инфекциясы да экономиканың дегбірін қашырды. Осы мәселемен табан тіресіп, ұзын арқан, кең тұсаудан аулақ болуға тырысқан вирусолог-вакцинолог, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Қайсар ТАБЫНОВ «Халықтың иммундық ахуалын білу, қадағалау өте маңызды. Содан кейін ғана ауқымды иммундық науқанды бастауға болады», деген еді. Ол әлемде алғаш рет ірі қара малда кездесетін бруцеллез жұқпалы ауруына қарсы екпе әзірлеген.
23 Қаңтар, 2024
Еліміздің бас басылымында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мазмұнды сұхбаты жарияланды. Сұхбатта еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени-рухани саладағы жетістіктер айтылып, Қаңтар оқиғасына айқын баға берілді. Президенттік мерзім хақында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау жөніндегі пікір де ашық айтылды.
22 Қаңтар, 2024
Ақтоғай ауданында әлеуметтік дүкендердің саны артып келеді. Мұндағы міндет – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және төмен бағадағы азық-түлікті қолжетімді ету. Осы мақсатта жақында аудан орталығынан «Мөлдір әлем» дүкені ашылды.
22 Қаңтар, 2024
Жапония мемлекетінің «Шөп тамыры» жобасының шарапатын көрген отандық медициналық нысандар аз емес. Қайтарымсыз грантты еліміздің әр қиырындағы ауруханалар жылдар бойы алып жүр. Жоба аясындағы әріптестік Жамбыл жерінде де жалғасын тапты.
22 Қаңтар, 2024
Қызылжар өңірі ұзақ жыл бойы ұлттық өнерден, соның ішінде әсіресе айтыстан қағажу көріп келді. Қолдаушы, қорғаушы ішінара табылып жатса да, алқалаған орта, белсенді ұйымдастырушы болмаған соң өнердің оты маздамай, шоққа айналып жүрді. Айтыс жиі өтіп, басқа облыстардағы додаларға үнемі қатысып тұрмаған соң ақындар қожырап, үлкен өнерден қол үзіп кетті.
22 Қаңтар, 2024