Оқи отырыңыз
Жаңа кен орындары қашан ашылады?
Тау-кен саласы – ұлттық экономикадағы жүйе құраушы секторлардың бірі. Кейінгі 5 жылда аталған бағытты дамытып, тиімді басқару үшін тиісті реформалар да жүргізілді. Алайда заң талаптары қаншалықты орындалып жатқаны үлкен сұрақ... Әсіресе геологиялық барлау ісінің тың көзқарасқа зәру екенін уақыт көрсетіп отыр.
24 Қараша, 2023
Архив мұраты – үздіксіз жетілу
Биыл «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңның қабылданғанына 25 жыл толып отыр. 1998 жылы заңның қабылдануы қазақстандық архив саласының дамуындағы тарихи кезең болды. Содан бері бұл заңнама архив ісінің дамуына үлкен серпін берді. Осы атаулы күнге орай Президент Архивінде «Тарихи құжат – ұрпаққа аманат» атты арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
23 Қараша, 2023
18 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 17 903 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 124,9 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қараша, 2023
ХВҚ: Келесі жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 3-3,5% болады
Биыл Қазақстан экономикасының өсімі айтарлықтай орнықты қалыптасты. Жыл қорытындысы бойынша өсім көрсеткіші – 4,8 пайыз. Бұл – Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясының басшысы Николя Бланшенің берген бағасы және өсімге қатысты ХВҚ болжамы. Ол Украинадағы соғыстың қайталама салдары ел экономикасына шектеулі әсерін тигізді деп санайтынын да айтты.
23 Қараша, 2023
ТМД елдері VK Cloud бұлтты қызметіне теңгемен төлем жасай алады
Қазақстанда бизнесті дамытып жатқан ТМД елдерінің компаниялары мен ІТ-кәсіпкерлер үшін республика аумағында бұлтты қызметтермен жұмыс істеу айтарлықтай жеңілдеді. Себебі VK Cloud бұлтты платформа қызметі Қазақстанда Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне банктік карталарымен төлем жасауға мүмкіндік беріп отыр. Демек Қазақстандағы VK Cloud ТМД елдері карталарымен төлем қабылдай бастайды.
23 Қараша, 2023
«Ақсу қант» ЖШС ұзақ уақыт кідірістен кейін қайта жұмысын бастады. Өңірдегі ірі өндіріс орны маңайдағы шаруалардың өнімін қабылдап, қант шығарудың қамына кірісті. Енді тәттіні қамыстан ғана емес, қызылшадан да өңдейді. Қазір зауыттың кем-кетігі қалпына келтіріліп, байырғыдай қауырт жұмыстың қамына кіріскен. Биыл Көксу қант зауытынан кем нәтиже көрсетпейміз деп отыр.
23 Қараша, 2023
Жаңа көлік дәліздерінің мүмкіндігі мол
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында көлік дәліздері мен логистика мәселесіне тоқталып, ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналатынын атап өткен болатын.
23 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оң қолын Конституцияға қойып, Қазақстан халқына ант беріп, Мемлекеттік туды сүйіп, салтанатты ұлықталып, қызметін ресми түрде қолға алғалы бір жыл уақыт өтті.
23 Қараша, 2023
«Қазақстан жастары» жобасы талқыланды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
23 Қараша, 2023
Жуырда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты шеңберінде «Жас ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігінің «Жетісу ділмарлары пікірсайыс қозғалысы жобасы аясында» Жетісу облысы білім басқармасымен бірлесе ұйымдастырылған «Жаңа Қазақстанның болашағы – зерделі ұрпақ» атты республикалық пікірсайыс турнирінде бақ сынаған Алматы облысының пікір сайысшылары 3 лигада да жеңімпаздар қатарынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қараша, 2023
«Дипломмен – ауылға!»: Бағыты оң бағдарлама
Бір кездері тәуір танылып, кейін көмескіленіп кеткен «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы қайта жаңғыра бастады. Аталған бағдарлама көмегімен осы күнге дейін 40 мыңға жуық маман елді мекендерге жұмысқа барып, баспаналы болыпты. Биыл «Отбасы банк» бағдарлама операторы болып ресми бекітілгеннен кейін өтінім қабылдау, жастардың жұмыс және баспана мәселесін шешу процедурасы мейлінше жедел әрі сапалы бола түсті. Бағдарлама жұмысы үшін бөлінген 20 млрд теңгенің 50 пайызы игеріліп, 2 мың займ берілді.
22 Қараша, 2023
Қайрат ЖҮНІСОВ: Отаншыл сезім болмаса, әскери ән жазу мүмкін емес
Бүгінгі сұхбаттасымыз 90-жылдардың басында «Дәм тартып жатқа, кеттің бе, қалқам» деп басталатын «Қарындасыма» атты әнімен кеңінен танылды. Көптің көзіне жас үйірген осы лирикалық туындыдан кейін «Алматының түндері-ай», «Фарида» атты әндері де танымал болды. Бүгінде Қорғаныс министрлігінің орталық ансамблінде еңбек ететін композитор, запастағы майор Қайрат Жүнісов өмірін әскери-патриоттық әндер жазуға арнап келеді.
22 Қараша, 2023
Асхат Тағыберген алаңға қашан оралатынын айтты
Сан - Марино мен Словенияға қарсы ойында құрамада орны ойсырай білінген Асхат Тағыберген жасыл алаңға қашан оралатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
22 Қараша, 2023
Батыс Қазақстан облысында екі жасөспірім қарияның үйіне кіріп тонап кеткен. Ұсталған күдіктінің бірі жәбірленушінің немересі болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
22 Қараша, 2023
Үй алу кезегінде тұрғандардың қатары жыл сайын 50 мың адамға артады – депутат
Елімізде 550 мыңнан астам азамат тұрғын үй алу кезегінде тұр. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Руслан Берденов Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа сауал жолдап, тізімде тұрған тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың мәселесі қалай шешілетінін сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қараша, 2023
3,6 миллиард теңге үптеген күдікті үш жылдан кейін Грузияда ұсталды
2020 жылдан бері халықаралық іздеу жарияланған күдікті Грузия мемлекетінде қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Қараша, 2023
Бүгінде отбасын сақтап қалу өзекті мәселеге айналды. Шаңырағы шайқалған жастардың арасына береке құяр, ақылын айтар орталықтар ауадай қажет. Осы ретте Сарқан қаласында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылды. Аталған нысан жас отбасының ішкі түйткілдерін шешуге жәрдемдеседі.
22 Қараша, 2023
Табиғатты ғалымдар қамқорлығына алды
Еліміздің мәдени, туристік, іскерлік белсенділігінің орталығы Алматы қашанда тау баурайындағы көркем табиғатымен ерекшеленіп келеді. Алайда кейінгі жылдары мамандар қала экологиясының нашарлауына қатысты дабыл қағып жатыр.
22 Қараша, 2023
Бесқауға ауылында болған сұмдық оқиға ел-жұрттың қабырғасын қайыстырды. Өткен аптада із-түзсіз жоғалып кетті делінген 7 жастағы Милана Давыдованы өз анасы айуандықпен өлтіргені мәлім болды. Полиция бұл істің мән-жайын анықтап жатыр.
22 Қараша, 2023
Болыс Сәбитбек – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің түлегі. «Болашақ» бағдарламасымен Атлантада Georgia Institute of Technology магистратурасында аэроғарыш инженериясы мамандығы бойынша білім алған. Heidelberg Laureate Forum грантының жеңімпазы. Қазіргі кезде Лондондағы Queen Mary университетінде ғылыммен айналысып, постдокторантурада сабақ беріп жүр.
22 Қараша, 2023