Оқи отырыңыз
Бүгін жұмысын бастайтын Астана халықаралық форумы – ғаламдық экономикаға әсер ететін күрделі саяси өзгерістерді, мемлекеттер арасындағы барыс-келіс пен алыс-беріс мәселелерін талқылап, климаттың өзгеруі, азық-түлік жетіспеушілігі және энергетикалық қауіпсіздік секілді жаһандық проблемалардың шешімін іздейтін іргелі алаң. Геосаяси қақтығыстар мен ымырасыздықтар дәуіріне қадам басқан халықаралық қауымдастықтың күн тәртібіндегі күрделі мәселелер бойынша пікір алмасып, оларды шешу үшін күш біріктіру мақсатында еліміз биыл да кезекті форум өткізуге шешім қабылдады.
08 Маусым, 2023
Өнеркәсіп пен экология қалай үйлеседі?
2031 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Атырау облысындағы еншілес кәсіпорындарында көмірқышқыл газы шығарындысы шамамен 400 мың тоннаға азаяды. Бұл – компанияның барлық еншілес ұйымы бойынша төмендетуге болатын көміртек оксидінің үштен бірі (37%). Сөйтіп, бас-аяғы он жыл ішінде ҚМГ компаниялар тобы СО2 шығарындысын 1,6 млн тоннаға қысқартуды жоспарлап отыр.
08 Маусым, 2023
Өскеменде өрімдей қыздар бұзақылық жасап, жаға ұстатарлық істері қоғам талқысына түскені әлі ұмтыла қойған жоқ. Сауда кешендерінің біріндегі әжетханада колледждің 1-курс студентін бірнеше қыз тепкіге жығып, мәжбүрлеп шешіндіргені, оны бейнекамераға түсіргендері елдің есінде. Одан бері екі айдан астам уақыт өтті. Тергеу ісі аяқталып, кеше соттың бірінші отырысы өтті.
08 Маусым, 2023
«Qazaqstan barysy Grand Slam»: Бұл қандай жарыс?
Биылдан бастап дәл осындай атаумен Астана және Алматы қалаларында әлемнің ең таңдаулы дзюдо балуандарының басын қосатын «Grand Slam» турнирі өткізіле бастайды. Дзюдо әлеміндегі ең беделді жарыстардың бірі санатына енетін бұл дода – 16-18 маусым күндері елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылады. Жыл басында ғана Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енген айтулы турнирде келесі жылы Францияның бас шаһары – Парижде алауы тұтанатын Олимпия ойындарына рейтингтік ұпай берілетінін айта кеткен жөн.
08 Маусым, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ашылған үш жаңа облыстың бірі – Абай облысының өз алдына отау тіккеніне жыл толды. Әрине, көп уақыт емес. Дегенмен даму бағытын айқындаған өңірдегі халықтың болашаққа сенімін ұялататын істер баршылық. Оны Абай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен БАҚ өкілдерінің арнайы баспасөз-турында айқын аңғардық.
08 Маусым, 2023
Әділдің өнері жоғары бағаланды
«The Hockey News» сайты өткен айда Финляндия мен Латвияда ұйымдастырылған әлем чемпионатында айрықша көзге түскен жеті ойыншының есімін атады.
07 Маусым, 2023
Кеше Нидерландта дәстүрлі ZLM Tour көпкүндігі басталды. 11 маусымға дейін созылатын бәсекеде «Астана» клубы да бақ сынайды.
07 Маусым, 2023
Германияның «Transfermarkt.com» веб-сайты Қазақстанның ең құнды футболшыларының тізімін жариялады.
07 Маусым, 2023
Алтын ұя мектептен қанат қаққанына 20 жыл толған Аспантау аясындағы Сарыжаз ауылының түлектері мерейлі кездесулерін ерекше әсерлі әрі мазмұнды атап өтті.
07 Маусым, 2023
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Жазушылар одағының жергілікті мүшелеріне бір реттік стипендия берді.
07 Маусым, 2023
Жаһандық іскер әйелдер кеңесінің қоры құрылады. Қор кәсіпкер қыз-келіншектердің мүмкіндіктерін арттыруға, әлеуметтік жобаларды қолдауға және әртүрлі кәсіпорындарды қаржыландыру мәселесін қарастыруға бағытталған. Бұл туралы елордада өткен «Жаһандық іскер әйелдер кеңесінің» пленарлық отырысында хабарланды.
07 Маусым, 2023
Әлемде босқындар саны тарихтағы ең жоғары шекке жетті. Былтырғы дерекке сүйенсек, 100 миллион адам босқынға айналған. Осы мәселеге қоғамның назарын аудару мақсатында Астанада БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының әдебиет бұрышы ашылды.
07 Маусым, 2023
Ауған Мұхамед сұлтанның кесенесі
Ресей Федерациясы Рязань облысына қарасты Қасымов өлкесінде ежелгі тарихымыздың ізі жатыр. Соның бірі – Ауған Мұхамед сұлтан кесенесі. Бұл тарихи нысанды сұлтан дүниеден өткеннен кейін бір жылдан соң, яғни 1649 жылы жары Алтын ханша тұрғызған екен.
07 Маусым, 2023
«Қауіпті будан» – соңғы ескертпе
«Атау кере» жазушы Оралхан Бөкейдің ең соңғы жазған шығармасы, ұлтына жасаған ақтық ескертпесі болуымен ғана емес, «Атау кере» әлеуметтік-психологиялық мәнінің жоғарылығымен де құнды туынды. Осыдан 35 жыл бұрын жазылған романда (автордың анықтамасы. – авт.) бүгінгі күннің ахуал-тынысы астарлы аллегориямен шебер шендестіріле суреттеледі. «Атау-кере» баяны көркем шығарма болумен бірге, қоғамдық-әлеуметтік болмысты талдау. Әлеуметтік-психологиялық зерделеу. Шығарманың екінші аты – «Қауіпті будан».
07 Маусым, 2023
«Кәмпит алып берді»: Алматыда белгісіз ер адам 8 жасар қызды ұрлап әкеткен
Алматы облысында белгісіз ер адам 8 жасар қызды алдап, қонақүйге апарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Маусым, 2023
Экс-депутат Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды
Экс-депутат Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Маусым, 2023
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.
07 Маусым, 2023
Қазақстан бидайы Қытайға жеткізіле бастады
Кеше Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарының алдын ала қорытындылары мен жаз мезгілінде су қоймаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.
07 Маусым, 2023
Әзербайжанның астанасы – Бакуде таэквондодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста Қазақстанның 16 өрені бақ сынады. Каспий теңізінің арғы жағалауына сапар шеккендер қатарында бұған дейін де көптеген дүбірлі додада табысты өнер көрсетіп, үлкен тәжірибе мектебінен өткен сақа спортшылар да аз болған жоқ. Өкінішке қарай, сол мықтылардың бірде-біреуі жеңіс тұғырына көтеріле алмады.
07 Маусым, 2023
Азия чемпионаты Алматыда өтеді
Алматыда шахматтан Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. Жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайтын жарыста 18 мемлекеттен келген 128 үздік ойыншы шеберлік байқасуда.
07 Маусым, 2023