Оқи отырыңыз
Луврдағы көрмеге дайындық барысы пысықталды
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов облыс әкімдері орынбасарларының, бірқатар отандық музей мекемелері басшыларының қатысуымен республикалық кеңес өткізді. Аталған жиында әйгілі Лувр музейінде Қазақстанның Ұлттық көрмесін ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Еске салсақ, Ұлттық көрмені ұйымдастыру идеясы ел Президентінің 2022 жылғы 29-30 қарашадағы Францияға сапары барысында айтылған еді.
14 Сәуір, 2023
Медицина саласы жұмысымен танысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық атқарушы орган басшыларының халықпен кездесуін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Шымкентке Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында бірінші вице-министр бірқатар медициналық нысанда болды.
13 Сәуір, 2023
Бүгінгі таңда Ұлттық музей ауқымды мәдени жобаларды іске асыратын алаңға айналып отыр. Мәдениет ошағында қоғамды, руханият пен экономиканы дамытудың маңызды ресурсы ретінде отандық музейлердің рөлін күшейтуде түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Осы орайда аталған мұражайда «Қолөнершілер орталығы» мен «Палеонтология» залының ашылу салтанаты болды.
13 Сәуір, 2023
Жасыл алаңды жаңарту бағдарламасы
Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы елімізде футбол алаңдарын қайта жаңарту бағдарламасын енгізеді.
13 Сәуір, 2023
Алматыда студенттік жатақханалар құрылысының ІІ кезеңі басталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚазҰУ қалашығы құрылысының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Сәуір, 2023
Жәнібек Әлімханұлына қарсылас табу қиын - сарапшы
Notifight.com порталының шолушысы, сарапшы Людо Саенс WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен канадалық Стивен Батлердің алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Сәуір, 2023
Ертең бірқатар өңірде қар жауады
Қазақстандық синоптиктер 14 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Сәуір, 2023
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.
13 Сәуір, 2023
9 адамды өлтірген «Қазан атқышы» өмір бойына сотталды
Татарстанның Жоғарғы соты Қазан қаласындағы мектептердің біріне қару әкеліп, оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырған Ильназ Галявиевті өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
13 Сәуір, 2023
«Біреу қуанса, біреу өмір үшін арпалысып жатады». Перзентхананың алдында той тойлау әбестік
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы Facebook парақшасында перзентханаға баланы шығарып алуға келгенде шоу-бағдарлама жасап, түрлі аниматорларды жалдамауға өтініш жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Сәуір, 2023
Менің музыкам бәріне бірдей ұнай бермейді - Димаш Құдайберген
Әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында оның музыкасын бәрі бірдей ұната бермейтінін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Сәуір, 2023
Балық өнімін тұтыну 44 пайызға артқан
Қазіргі таңда елімізде жан басына шаққанда орташа есеппен жылына 14 кг балық пен теңіз өнімдерін тұтынатындығын, бұл әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда өте аз дегенді айтады мамандар. Ал еліміз жыл сайын шамамен 60 млн доллар сомасына 36 жақын және алыс шетелдерге 30 мың тонна балық өнімдерін, оның ішінде балықтың жон еті, қақталған-ысталған өнімдер және мұздатылған балық етін экспорттап отыр.
13 Сәуір, 2023
Енді ел тұрғындары сенімхаттарды «eGov Mobile» арқылы онлайн форматта рәсімдей алады. Әділет министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, азаматтарға нотариаттық қызметтер алуды айтарлықтай жеңілдететін «Цифрлық нотариат» жобасын таныстырды.
13 Сәуір, 2023
Қазақтың аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов 6 мамырда АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ньюарк қаласында өтетін UFC 288 турнирінде Натан Манеспен күш сынасуға тиіс еді.
13 Сәуір, 2023
Еңбекке тәрбиелеуді де ескерейік
Ертеректе ұлы балға, қызы ине ұстап көрмеген қалада өскен ұрпақты ақсаусақ деп әжуалаушы еді. Бүгін ауылда өскен бала да шаруаға қырсыз болып бара жатыр. Еңбекке тәрбиелеудің астарында ешкімге масыл болмай, өз күнін өзі көріп, қоғам байлығын еселеу жатыр.
12 Сәуір, 2023
Әлем бойынша 27 ел атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қарастырып жатса, соның ішінде 17 ел бірінші АЭС-ті салу жөнінде шешім қабылдау сатысында тұр. Ал 10 мемлекет өз шешімдерін қабылдап, жақын арада бірінші атом электр стансасын салуға кіріспек. Осы ретте таяуда Үкімет өтініші бойынша Астана қаласында Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) сарапшылары бас қосып, еліміздің ядролық-энергетикалық инфрақұрылымды дамытудағы прогресін бағалады. Төрт күнге созылған басқосуда 2016 жылы өткізілген INIR миссиясының ұсыныстары мен ұсынымдарын орындаудағы еліміздің жеткен жетістіктері мен ақпараттық алмасудағы шешілмеген мәселелерді нақтылауға мүмкіндік берді.
12 Сәуір, 2023
«Microsoft» мульти аймақтық хаб ашады
«Microsoft» корпорациясымен Қазақстан аумағында орналасатын мультиаймақтық хаб ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен еліміздің Сан-Франциско қаласындағы (АҚШ) бас консулдығының бірлескен жұмысының нәтижесі.
12 Сәуір, 2023
20-28 мамыр аралығында Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) Дурбан қаласында ерлер мен әйелдер арасында үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді.
12 Сәуір, 2023
Ұлытау облысы көп нәрсені жаңадан бастап жатыр. Соның бірі – футбол спортын жолға қойып, дамыту. Былтыр облыс әкімдігі мен Қазақстан футбол федерациясы қауымдастығының арасында меморандум жасалып, облыстық футбол қауымдастығын құру, кәсіби футбол клубы мен балалар-жасөспірімдер академиясын ашу көзделген еді.
12 Сәуір, 2023
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Тұрар Рысқұлов ауданындағы Т. Рысқұлов мектеп лицейінде Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай «Толғанысқа толы ғұмыр» тақырыбында оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға «Аруна» баспасының бас редакторы Қарлығаш Байғабылова және жергілікті қаламгерлер қатысты.
12 Сәуір, 2023