Оқи отырыңыз
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданына қарасты Егіндікөл ауылында тұратын орманшы Махамбет Құсайынов әлдебір себеппен жылы жаққа қайта алмай, ауыл шетінде қалып қойған аққуды құтқарып, үйінде бағып отыр.
13 Қаңтар, 2023
Қалың қарда қалай жан сақтайды?
Қыс қатты биыл. Әсіресе желтоқсан айының соңында Шығыс Қазақстан өңірі қар құрсауында қалды. Апталап тұрған боранды күндері халық елді мекендерден аттап баса алмады. Тәуекелге бел буып, жолаушылай шыққандары жолда қалды. Оқыс оқиғалар да аз болмаған. Ең қиыны, «малым – жаным садағасы...» деп отырған ауылдағы ағайынның жағдайы. Ала жаздай тыраштанып жинаған аз-маз шөппен төрт түлікті қыстан алып шыға аламыз ба деп алаңдайды.
13 Қаңтар, 2023
Шахматтан 2023 жылғы әлем чемпионы тәжі үшін өтетін матч сәуір айының 7-30 аралығында ұйымдастырылатын болды. Бұл туралы Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) ресми сайты мәлімдеді. Десе де әзірге дәстүрлі жарыстың қай елде өтетіні белгісіз. Белгілісі, чемпиондық тәжді 32 жастағы ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий мен 30 жастағы қытайлық шахматшы Дин Лижэнь екеуі сарапқа салады.
13 Қаңтар, 2023
Дәрілік өсімдіктер жойылып кетудің алдында тұр Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде өңірдің өсімдіктер дүниесіне арналған көрме өтті. Онда әр жылдары жинақталып, гербарийлер түрінде музей қорында сақталған эндемик, дәрілік, Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің 100-ден астам түрі қойылды. Музей қорындағы ең ұзақ сақталған гербарий – 1923 жылы Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының өкілдері Мұғалжар тауының бөктерінен алынған астық тұқымдас өсімдік түрі. Сондай-ақ 1925 жылы тапсырылған гербарий де жақсы сақталған.
13 Қаңтар, 2023
«Алуа» – Райымбек Сейтметовтің бір тынысы
Алматыдағы екi бiрдей театрға басшылық еткен актер, режиссер Райымбек Сейтметов халқымыздың аса талантты ұлдарының бірі еді. Сонау тоқсаныншы жылдардың тоқырауында 60-қа қараған шағында туған жеріне барып, Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Өнер» бөлімін ашқан Райымбек Ноғайбайұлының еңбегін бұл күндері елі ұмытқан жоқ.
13 Қаңтар, 2023
Герберт Спенсер: «Егер адамның білімі жүйесіз болса, көп болған сайын соғұрлым уайым-қайғысын еселемек», деген пікір айтты. Расында, білім алу бар да, оны жүйелеу, ой қорыту, ұлттық менталитеттің диірменіне салып үгіту бар. Мұстафа Шоқай «Отаршылдардың мәдени қаруы» мақаласында Пушкиннің елімізге шектен тыс насихатталып отырғанын қауіпке балайды. Қайраткер: «Орыс халқы Пушкинімен мақтануға хақылы. Пушкин де оған тұратын тұлға. Алайда Пушкин мұралары біздің халқымыздың таным-түсінігіне, рухани болмысына ешбір жанаспайды. Сол себепті оның шығармаларын күштеп аудартып, оның есімін балиғатқа толмаған жас ұрпақтың санасына зорлап сіңіргуге бағытталған большевиктік іс-әрекеттер біздің халқымыздың басына орнаған мәдени және ұлттық бодандықтың ең жарқын белгілерінен басқа ештеңе де емес», деп шарқ ұрады. Иә, XX ғасырда толассыз аударылған орыс шығармалары бір қырынан руханиятымызға алға жылжуға үлес қосса, екінші қырынан ұлттық мінезімізге, дәстүрлі бедеріміз бен әдебімізге едәуір кері өзгеріс әкелді.
13 Қаңтар, 2023
Жуықта Моңғолияның Мәдениет министрлігі тарихи тұлға Шыңғыс ханның туғанына 860 жыл толу датасына орай мемлекетке және қоғамға еңбек сіңірген тұлғаларды іріктеп, оларды насихаттау жайлы шешім шығарды. Осы тізімге бай-өлкеліктер атынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Моңғолия спортының еңбек сіңірген қайраткері (2006), еркін күрестен Әлем кубогінің (1981) және әлем біріншілігінің қола медаль иегері (1986), атақты балуан Бақыт Однайұлының есімі ілініп, ардагер спортшыны ұлықтау рәсімі өтті.
13 Қаңтар, 2023
Тауар сертификаты – өнімнің айнасы
Қазіргі таңда Алматыда тауар өндіру көлемі артып келеді. Осыған сәйкес кәсіпорындарға берілген тауардың шығу түбін растайтын сертификат саны 2 есеге өсті.
13 Қаңтар, 2023
Қоғамда қоршаған орта мен табиғи ресурстың жай-күйі мамандарды алаңдатып отыр. Елдегі ауылшаруашылық алқаптың үштен біріне жуығы деградацияға ұшыраған, бүліну қаупі төнген. Ал 10 млн гектардан астам егістік жер игерілмей, елеусіз қалып отыр.
13 Қаңтар, 2023
Биыл елімізде экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізіліп, көші-қон бағдарламасына қатысушыларға төленетін көмектің көлемі артып жатыр. Бұдан былай теріскейге еліміздің оңтүстік өңірлерінен қоныс аударып келгендерге және шетелден атажұртқа аңсары ауып жеткен қандастарға 1 300 АЕК көлемінде бір реттік сертификат беріледі. Бұл дегеніміз – 4 млн 400 мың теңге көлеміндегі қаражат.
13 Қаңтар, 2023
Көктем біздің өңірге еріген қар суымен сай-саланы толтырып, ауыл-аймақты абыржытып, тасқын қаупін төндіріп келеді. Биыл аймақ жауапты кезеңге ерте қамданбақ.
13 Қаңтар, 2023
Қазақтар Тедди Ринерге шапан жапты
Дзюдо тарихында есімі алтын əріппен жазылған француз, Олимпиаданың 3 дүркін жеңімпазы, 11 дүркін әлем жəне 5 дүркін Еуропа чемпионы Тедди Ринер Қазақстан құрамасының ауыр салмақтағы спортшыларымен жаттығу жасады. Осылайша, Алматы қаласындағы дзюдо Академиясындағы оқу-жаттығу жиынының алғашқы кезеңі мəресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Қаңтар, 2023
Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастыру қағидалары өзгерді
Ішкі істер министрлігі Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді біржолғы заңдастырудың басталу күнін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қаңтар, 2023
Шетелдік автомобильдерді шілдеге дейін заңдастыруға болады
Үкімет 2023 жылғы 11 қаңтарда №13 «Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану қағидаларын, шарттары мен мерзімдерін бекіту және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің (импорттаушылардың), сондай-ақ көлік құралдары санаттарының кеңейтілген міндеттемелерінен босату туралы» қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ-ге сілтеме жасап.
12 Қаңтар, 2023
Жоғарғы Соттың бірнеше судьясы қызметінен босатылды
Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар ел Президентінің Жоғарғы Соттың үш судьясын босату туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қаңтар, 2023
Қытай әлемдегі алғашқы экологиялық пойызды іске қосты
Қытай «сутегі энергиясы» жүйесі орнатылған әлемдегі алғашқы экологиялық таза пойызды іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қаңтар, 2023
Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігі жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қаңтар, 2023
Композитор, этнограф А.Затаевич (1869-1936) өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап, өзі өмірден өткенге дейін қазақ өнерін үздіксіз зерттеді. Нәтижесінде, 2000 ән мен 50-ге тарта күйді қағазға түсіріп, 1925 жылы «Қазақтың 1000 әні» және 1931 жылы «Қазақ халқының 500 ән-күйі» атты екі іргелі еңбек жазып қалдырды.
12 Қаңтар, 2023
Соңғы кездері сақтандыру жүйесінің адам өмірін қауіп-қатерден арашалайтын ғана емес, сонымен бірге инвестициялық сипаты да басым болып келе жатқаны белгілі. Соның бірі – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ). Аталған бағдарлама аясында кез келген ата-ана баласына арнап елімізде немесе шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім ақысын төлеуге жеткілікті қаражат жинай алады.
12 Қаңтар, 2023
Мұғалім Толстой Сонау 1859 жылы Лев Толстой халыққа білім беруге бекініп, әйгілі Ясная Полянасында шаруа балаларына арнап мектеп ашты. Жазушы кез келген адамды ешбір мәжбүрлеусіз оқытуға болады деп санайтын. Оның білім беру жүйесінде ең ауыр жаза – сабаққа кіргізбеумен ғана шектелді. Толстой ақсақалдың мектебінде іргедегі ауылдардан қырық шақты бала оқыған. Мұнда оқу, әрине тегін: жасөспірім ұлдарға да, қыздарға да арналды. Білім ошағында Мәскеу мен Туланың семинаристері, тіпті графтың өзі де ұстаздық етті. Ол оқушыларды тату отбасына айналдыруға тырысатын. Ал мектепке келу ешкімге міндеттелмеді – сөйтсе де сабақтан қалушылар аз болған деседі. Оқу, тарих, математика пәндерінен бөлек ұсталыққа, ауылшаруашылық жұмыстарға да үйретті.
12 Қаңтар, 2023