Оқи отырыңыз
Парламенттің бірлескен отырысы
Астанада 19 желтоқсанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бірлескен отырысқа шақыру туралы Өкімге қол қойды.
14 Желтоқсан, 2022
Қазақстанның ішкі нарығын жеңіл көліктерді доңғалақпен толық жабдықтауға мүмкіндігі зор «KamaTyresKZ» ЖШС-ның шина зауытында алғашқы өнім алынды. Зауыттың бірінші өнімін шығару рәсіміне Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Татарстан президенті Рустам Минниханов, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов және Allur компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев қатысты.
14 Желтоқсан, 2022
Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жас өрен» республикалық байқауының лауреаттары мен дипломанттары марапатталды. Балалар жылында өткізілген бұл игі іске Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы мұрындық болды.
14 Желтоқсан, 2022
Қостанайға жұмыс сапарымен келген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қала тұрғындарымен кездесіп, биыл қыркүйектің басында Әулиекөл ауданында болған алапат өрттен зардап шеккендерге арналып салынған тұрғын үйлерді тұрғызуға белсене атсалысқан құрылыс мамандарына мемлекеттік марапаттар табыс етті.
14 Желтоқсан, 2022
Алматы тауларында қар көшкіні жүрді
Алматы облысында бүгін сағат 09:33-те аудандық маңызы бар Түрген – Батан – Ассы обсерваториясының 22,3 шақырымында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Желтоқсан, 2022
Астанада студенттерге арналған жаңа жатақхана ашылды
Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада Менеджмент, бизнес және білім колледжінің студенттеріне арналған жаңа жатақхана ашылды. Ол 110 орынға есептелген, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
13 Желтоқсан, 2022
Түркістан облысында су тасқыны кезеңіне дайындық басталды
Кеше Түркістан облысының Сауран және Созақ аудандарындағы ықтимал су тасқыны мен сел жағдайларының тәуекелдерін бағалау мақсатында құтқарушылар мен әкімдік өкілдері Қазавиақұтқару тікұшағында 21 су қоймасы мен таулы аумақты айналып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Желтоқсан, 2022
Қазақстанда 8 жаңа су қоймасы салынады
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Қазақстанның Су кеңесінің отырысында Су саласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Желтоқсан, 2022
ӘЧ: Бүгін Аргентина мен Хорватия құрамалары кездеседі
Бүгін Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жартылай финалдық кездесу өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Желтоқсан, 2022
Ауыл жастардың қолдауын күтеді
Ауыл-аймақтың бүгінгі ахуалына жастардың көңілі толмайды. Олардың пікірінше, ауылдар қала типіне бейімделу қажет. Ал аға буын өкілдері ауыл дәстүр мен салтымыздың ошағы болып қалуы қажет деп санайды. Елордада өткен ауыл жастарының IV форумына қатысушылар осы және өзге де бірқатар өзекті мәселені көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
13 Желтоқсан, 2022
Белгілі қаламгер Талғат Айтбай құрастырған «Желтоқсан көтерілісі» атты жинақтың төртінші томы жарық көрді. «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» бағдарламасы аясында оқырманға жол тартқан еңбек автордың бұған дейін құрастырған «Алматы. 1986. Желтоқсан» деп аталған топтамалық жинағының негізінде дайындалған.
13 Желтоқсан, 2022
Биыл Жетісуға қыс ерте келді. Былтырғыдай емес, қар да қалың, аяз да буып тұр. Жалпы, өңір аумағында қар басып қалатын 24 жол учаскесі бар. Бүгінде Төтенше жағдайлар департаменті күн райының нашарлауына байланысты тұрғындарға алыс сапарға шығуға тыйым салуда. Қыста қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды.
13 Желтоқсан, 2022
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тақсай ханшайымы» және «Үржар сәуегейі» ескерткіштерінің көрмесі ашылып, «Тарихи-мәдени мұра нысандарын қалпына келтіру және реконструкциялау» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
13 Желтоқсан, 2022
Сенатта Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның XVIII отырысы өтті.
13 Желтоқсан, 2022
Дайын инвесторлардан айырылып қалып жатырмыз – Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында инвестиция саясаты жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Желтоқсан, 2022
Жамбылда жел электр стансасы салынады
Соңғы жылдары әлем елдерімен бір қатарда Қазақстан да «жасыл экономикаға» айрықша назар аудара бастады. Әсіресе желден, күннен электр энергиясын өндіру бағытындағы жұмыстар Жамбыл облысында қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Енді өңірде жалпы қуаты 1 ГВт болатын жел электр стансасы бой көтермек.
12 Желтоқсан, 2022
Биыл өндіріс орнында 1124 жұмысшы жарақат алған
Үкіметтің кеңейтілген отрысында Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын жақсарту туралы айтты. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Желтоқсан, 2022
Еліміздегі жылу желілерінің орташа тозуы 75 пайыздан асады
Мемлекет меншігіндегі электр нысандары бюджет есебінен жөнделуі тиіс. Ал жекеменшік нысандарды «Инвестицияға айырбас тариф» бағдарламасы аясында өз қаражатына жаңғырту қажет. Үкімет бұл мәселені тез арада шешуге міндетті. ЖЭО-ның өзінен бөлек, жылу желілері де аянышты күйде қалып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Желтоқсан, 2022
Бюджет-салық саясаты Ұлттық қор активтерін $100 млрд-қа жеткізеді
Үкіметтің жаңа бюджет-салық саясаты Ұлттық қор активтерін $100 млрд-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Желтоқсан, 2022
19 шетелдік компания Қазақстанда өз жұмысын бастады
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстанға шетелдік капитал тарту жөніндегі жұмыс туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Желтоқсан, 2022