Оқи отырыңыз
Алматыда «Южный» саябағының жері мемлекетке қайтарылады
Алматы тұрғындарының өтініші бойынша «Южный» саябағындағы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылатын болды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Тамыз, 2022
Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау аудандық музейі «Жәдігер-жауһарлар» деген атаумен саяхатқа шықты. Жобаның мақсаты – аудандық музейдің құнды бұйымдарын ауыл тұрғындарына таныстыру.
04 Тамыз, 2022
Мекенжай дерегін онлайн өзгертуге болады
Бұрын мекенжай мен жылжымайтын мүлік мәліметтерін өзгерту үшін тұрғындар біраз әуре-сарсаңға түсетін. Жақында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ eGov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында жаңа қызмет іске қосылғанын хабарлады. Осы цифрлы жүйенің арқасында жұртшылық енді үйден шықпай-ақ мекенжай туралы деректерді өздері өзгерте алатын болды.
04 Тамыз, 2022
Жүргізушілер қарызы – 355 млн теңге
Қазір екінің бірінде көлік бар. Кейбіреулер көлік алуға табан ақы маңдайы терімен тапқан табысынан жинаған қаржысын жұмсайды. Алайда «темір тұлпар» міну үшін банктен несие алып, қарызға батып жүргендер де аз емес.
04 Тамыз, 2022
Маймыл шешегі шетін жағдайға айналып барады
Әлемді дүрліктірген коронавирус инфекциясынан кейін маймыл шешегіне байланысты жариялаған дүниежүзілік төтенше жағдай адамдарға әлі қатты әсер етіп жатқан жоқ секілді. Әйткенмен бұл дерттен қауіптенуге негіз табылып отыр. Өткен аптаның аяғында бірінші рет Африка құрлығынан тыс елдерде маймыл шешегінен болған өлім тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оның саны өседі деген болжам жасап отыр.
04 Тамыз, 2022
Жылу орталығының тағдыры қыл үстінде
Көмірімен әйгілі рекордсмен қала Екібастұзды сүреңсіздік жайлап тұр. Шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлер алдағы қақаған қыста жылусыз қалуы әбден мүмкін. Себебі ондағы жалғыз жылу-электр орталығы технологиялық тұрғыдан әбден тозып, қазандықтары қаусап, құлағалы тұр. Ал кәсіпорын иелері өндірісті жаңартуға қаржы салмақ түгілі, өз қызметкерлері алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін орындай алмай отыр. Бұл келеңсіз жағдай – 140 мыңнан аса тұрғыны бар қала үшін дабыл қағарлықтай мәселе. Түйткілдің түйінін тарқатуға Үкімет деңгейінде араласпаса, қақаған қыста үлкен апат орын алуы ғажап емес.
03 Тамыз, 2022
Тіршілік көзін тігіншіліктен тапқан
Әлфия Жүкенова – Қызылжар қаласында туып-өскен қазақтың қызы. Жаңалыққа құштар, ақыл-ойы ұшқыр, идеясы да көп. Алайда белсенді, өжет, пысық болғанымен, көп уақыт қоғамнан өзінің орнын таба алмай жүрді. Бойындағы күш-қуаты мен белсенділігін де орынды жұмсай алмай, от басқан сәттері де болғанын жасырмайды. Тек соңғы кездерде бизнестің көзін тауып, жұмысын бастағалы бері оның өмірге құштарлығы еселеніп, ортадан өзінің орнын тапқан секілді сезінеді.
03 Тамыз, 2022
Бұралқы иттерді көбейткеннен не ұтамыз?
Ит пен мысық болсын, басқа да тіршілік иесінің себепсіз өлтірілуі – құптарлық іс емес. Елімізде жан-жануарларды асқан қатыгездікпен өлтірудің бірнеше фактісі кездесті. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңның қабылдануына түрткі болған еді. Заңға сай жануарларды азаптағандарды түрлі жазаға тарту, мысалы, оларды мертіктіріп не өлтірген адамға 30 млн теңге көлемінде айыппұл салу немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
03 Тамыз, 2022
Синтетикалық есірткіге есіргендер азаяр емес
Былтыр елімізде есірткі қылмыстары Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында, Алматы қаласында көп тіркелген. Жыл басынан бері тәртіп сақшыларының жедел әрекеттерінің нәтижесінде ашылған қылмыстар аз емес.
03 Тамыз, 2022
Асқан талант адамды шексіз бақытқа бөлейді дейміз. Өнер сол жүректің жұлдызын жағады, атақ-абырой, ақша, мақтау мен мадақ, жақсы сөз, жарқын сәттер сыйлайды. Алайда талантты жанның бәріне бұл бақыт бұйырмайды екен. Өмір әділетсіз емес пе...
03 Тамыз, 2022
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы әлеуметтік салада проактивті қызметтерді белсенді түрде енгізуді жалғастырып отыр. Осының нәтижесінде азаматтар ХҚО-ға бармай-ақ, SMS арқылы бірнеше жәрдемақыны ресімдей алады. Мәселен, биыл бала туу және оның күтімі бойынша төленетін жәрдемақыны SMS арқылы ресімдеушілер екі есе артқан.
03 Тамыз, 2022
Болат Ақшолақов битум тапшылығының себебін түсіндірді
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда жылына 1,2-1,3 миллион тонна битум өндірілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Тамыз, 2022
ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесус Алматыға келді
ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Алматыға бейресми сапармен келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Тамыз, 2022
Биыл 35 жатақхана пайдалануға беріледі
Биылғы оқу маусымы дәстүрлі форматта өтетіндіктен студенттерге арналған жатақханаларда орын тапшылығы туындауы мүмкін. Осы орайда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Үкімет жиынында студенттерге арналған жатақханаларды салу барысы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Тамыз, 2022
Елордада есту қабілеті нашар 6 жасар балаға ота жасалды
Елордада №2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасының базасында кохлеарлық имплантация бойынша бірегей ота жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Тамыз, 2022
«Эко-сақшы» қосымшасы заңсыз қоқыс орындарын анықтайды
Батыс Қазақстан облысының аумағында өңірдің әрбір тұрғыны «Эко-сақшы» мобильді қосымшасы арқылы заңсыз қоқыс орындарын анықтауға, оларды жоюға көмектесе алады. Жобаны «Volunteers» жастар қоғамдық бірлестігі жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Тамыз, 2022
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша былтыр Қазақстанға келген туристер саны рекордтық деңгейге жеткен. Яғни пандемия салтанат құрған жылдан кейін елімізге 6,9 миллион адам келген екен. Сала мамандарының айтуынша, бұл көрсеткіш биыл бұдан да жақсара түспек.
03 Тамыз, 2022
Ядрошы физиктер өзімізде даярланады
«Мәскеу инженерлік физика институты» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің Алматы қаласындағы филиалы бакалавриат пен магистратураға қабылдау науқанын бастады. Ресейдегі ең үздік ұлттық зерттеу университеттерінің бірі Қазақстандағы филиалында «Қорғалған жоғары өнімді есептеу жүйелері» және «Элементар бөлшектер физикасы және ғарыш физикасы» оқу бағдарламалары бойынша сабақ береді.
03 Тамыз, 2022
28 мың гектар жайылымдық жер қайтарылды
Amanat партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясы Қостанай облысына келді. Аймақтағы көшпелі кеңес қорытындысы бойынша мемлекет меншігіне 27,9 мың га жайылым жер қайтарылды.
03 Тамыз, 2022
Ақтөбе облысында мал ауруларының алдын алу мен өсімдік шаруашылығына байланысты реттелуге тиіс жұмыстар өте көп. Соның ең басында мал дәрігерлерінің жетіспеушілігі тұр. Қазір он екі ауданның әрқайсысына үш мал дәрігерінен ғана келсе, бір мал дәрігері үш ауылдық округтің шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындарының төрт түлігін тексеріп, ауру малын емдеп, екпе салады. Оның үстіне мал дәрігеріне қызметтік көлік бекітілмеген және ауылдарды аралаған кезде жанармай да қарастырылмаған.
03 Тамыз, 2022