Оқи отырыңыз
Павлодарда күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды
Отбасылық жанжал кезінде күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Тамыз, 2021
«Қызыл» аймақтағы локдаун қашан аяқталады?
Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин «қызыл» аймаққа кірген өңірлерде демалыс күндері карантин режимін сақтауды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
18 Тамыз, 2021
Биыл 10 мыңнан астам азаматқа қандас мәртебесі берілді
1 тамыздағы жағдай бойынша 10 398 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 80,7 мың этникалық қазақ қоныс аударған, деп жазады Egemen.kz. Аzattyq ruhy.kz-ке сілтеме жасап.
18 Тамыз, 2021
Ауыл тұрғындарының қолын ұзартты
«Қазпошта» шетелдік және отандық электронды сауда алаңдарымен серіктестікті белсенді дамытуда. Енді қазақстандықтар OZON интернет-дүкеніне берген тапсырыстарын өздеріне ыңғайлы пошта бөлімшелерінен ала алады. «Қазпошта» шетелдік ірі маркетплейспен ел аумағына интернет-тапсырыстарды жеткізу бағытында тиісті келісімге қол қойды.
18 Тамыз, 2021
Қырағылықты күшейту шаралары қабылданды
Ауғанстандағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Қарулы Күштерде қырағылықты күшейту бойынша шаралар қабылданды. Ең алдымен, бұл арнайы операциялар күштерінің бөлімшелеріне, майдан және әскери-көлік авиациясына, әуе шабуылына қарсы қорғанысқа қатысты болып отыр.
18 Тамыз, 2021
Әлиді азулы қарсылас күтіп тұр
Екінші орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасып жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедовті алдағы күндері тағы бір аса ауыр сынақ күтіп тұр. Жерлесіміз 25 жастағы гватемалалық боксшы Лестер Мартинеспен кездеседі. Осы спорт түріндегі мансабын бастағанына екі жылдан енді ғана асқанына қарамастан, Әлидің қарсыласының есімі ерекше құрметпен аталады.
18 Тамыз, 2021
Халықаралық олимпиададан – үш медаль
Қазақстандық оқушылар география пәнінен өткен халықаралық олимпиадада (IGEO-2021) үш медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында бір алтын, бір күміс және бір қола бар. Олимпиада Түркияның Ыстанбұл қаласында 10-16 тамыз аралығында онлайн форматта өтті. Зияткерлік жарысқа әлемнің 46 елінен 200 оқушы қатысты.
18 Тамыз, 2021
Атырауда былтырдан бері «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығы жұмыс істейді. Орталық директоры Руслан Сарбалиннің айтуынша, мақсат – балалардың зияткерлік және жеке әлеуетін, өзін-өзі айқындауын, қалыптасуын дамыту, сондай-ақ дарынды балалар мен талантты жастарды зияткерлік-танымдық ортаға енгізудің жаңа түрлерін тауып, «әлеуметтік лифт» жүйесін құру.
18 Тамыз, 2021
OneWeb елімізде жұмыс істеуге ниетті
Төмен орбиталық спутниктік топтар өндірісін жолға қойған OneWeb корпорациясы Қазақстанда жұмыс істеуге ниетті. Осы мақсатта компанияның технология жөніндегі аға директоры Валери Гинесте бастаған делегация елордада отандық ғарыш индустриясының өкілдерімен кездесті.
18 Тамыз, 2021
Бейнеуліктер сенаторларға мұқтаждықтарын айтты
Сенат депутаттары Сүйіндік Алдашев пен Бақтыбай Шелпеков Маңғыстау облысында білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамытуға арналған бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлады жоғарғы Палатаның баспасөз қызметі.
18 Тамыз, 2021
Эпидемиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал етеді
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
18 Тамыз, 2021
Қиналғандарға қолұшын беру – парызымыз
1949 жылдың 29 тамызын қазақ халқының басындағы ең қайғылы күннің бірі деп айтуға болады. Осы күннен 1989 жылдың 19 қазанына дейінгі 40 жыл аралығында сол кездегі бодандықтың салдарынан қазақ елінің, жерінің, халқының, жан-жануар, табиғатының Семей ядролық полигонының зардабын тартып келгені ақиқат. Бұл туралы Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Бахия Атшабаров, Меңдіғали Сужиков, Кешірім Бозтаев, Медеу Сәрсеке және басқа да көптеген белгілі тұлғалар айтып, жазған. Мәселен, Медеу Сәрсекенің «Семейдің қасіреті» деген үш тілде жарық көрген кітабында толық ұғынықты жазылды.
18 Тамыз, 2021
Кейінге қалдыруға болмайтын себеп қандай?
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов халық санағы барысында қандай деректерге қол жеткізілетіні туралы кеңінен мағлұмат берді. БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген спикер бұған дейін бірнеше рет мораторий жарияланған санақты кейінге қалдыруға болмайтынын айтты.
18 Тамыз, 2021
Мегаполис мүмкіндіктері: Шымкентте 282 инвестициялық жоба іске асырылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында өз бетінше баспана мәселесін шешуге табысы жетпейтін азаматтарға тиімді әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтқан болатын. Сондай-ақ Президент кезекте тұрған адамдардың баспана мәселесін тезірек шешу керектігін міндеттеді. Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мысалы, жуырда 74 отбасы жалдамалы пәтерге ие болды. Олардың ішінде 39 отбасы – әлсіз топ санатындағы, 28 отбасы – көпбалалы және жетеуі ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар санатындағы азаматтар.
17 Тамыз, 2021
Биыл республика мектептерінің бәрінде оқу жаман індетке қарамай, дәстүрлі түрде оқытылатыны туралы жуырда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ресми түрде мәлімдеді. Оқуға ұмтылатын жасөспірімдер мұны қуанышпен қабылдады. Өйткені құрбыларын көрмей, олармен ойнап-күлмей, жарысып оқымай, үйге қамалып отырып алған оқушылардың өткен оқу жылындағы білімі төмен екені іс жүзінде көрінген.
17 Тамыз, 2021
Автосақтандырудың құны әрқалай
Қазақстанда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру құны әртүрлі. Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының зерттеуіне сүйенсек, Алматы мен Шымкент қалаларында автосақтандыру құны өзге өңірлермен салыстырғанда әлдеқайда қымбат екен.
17 Тамыз, 2021
Қаламгер Қажыбек Төтекин дүниеден озды
Шыңжаң жазушылар қоғамының, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, белгілі ақын, жазушы Қажыбек Төтекин қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Тамыз, 2021
Алматыда 3 мыңға жуық бала коронавирустан емделіп жатыр
Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мегаполистің Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Алматыдағы эпидемиялық ахуал туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
17 Тамыз, 2021
Еліміздің үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазгидромет 18 тамызға арналған ауа райын болжамына орай, үш облыста дауылды ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.
17 Тамыз, 2021
Қазақстан запастағы офицерлерді әскерге шақыруы мүмкін
Ауғанстан Ислам Республикасындағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Қарулы Күштерде қырағылықты күшейту бойынша шаралар қабылданды. Ең алдымен, бұл арнайы операциялар күштеріне, майдан және әскери-көлік авиациясына, әуе шабуылына қарсы қорғанысқа қатысты болып отыр, деп жазады Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Тамыз, 2021