Пікірлер .
Қазақта «тоғыз қабат торқадан тоқтышақтың терісі артық» деген сөз бар. Талдау жасасаңыз, осы сөздің рас екендігіне көз жеткізесіз. Мәселен, тері өткізіп жүрген адамдардың айтуына қарағанда, сиырдың терісінің бір килосы шамамен 300 теңге тұратын көрінеді. Ал сиыр терісінің салмағы 20 килодай тартады. Сонда бір сиыр терісін сатқанда 6 мың теңге пайда көресіз.
26 Қазан, 2017
Қазақта «тоғыз қабат торқадан тоқтышақтың терісі артық» деген сөз бар. Талдау жасасаңыз, осы сөздің рас екендігіне көз жеткізесіз. Мәселен, тері өткізіп жүрген адамдардың айтуына қарағанда, сиырдың терісінің бір килосы шамамен 300 теңге тұратын көрінеді. Ал сиыр терісінің салмағы 20 килодай тартады. Сонда бір сиыр терісін сатқанда 6 мың теңге пайда көресіз.
26 Қазан, 2017
Қаржы жүйесіндегі тарихи шешім
Алпауыт ел Америка Құрама Штаттарының экономикасы қазіргі кезде өз жарасын өзі жалап жазатын көкжал қасқырға ұқсайды. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында жазылмастай сырқатқа шалдыққан қазіргі қаржы капитализмнің ғұмырын барынша ұзартып келеді. Бүгінгі күні бүкіл әлемге билігін жүргізіп отырған капитализмнің басты тірегі бастапқы кезде осы формациялық құрылыстың отаны әрі таратушысы болғанымен соңғы жылдары барынша әлеуметтене бастаған Еуропа емес, нарықтық жолға түсіп, жедел байып келе жатқанымен Конфуций қағидасы бойынша мемлекетті әке деп қабылдап, бүкіл халық үшін одан әкелік қамқорлық талап ететін дана Қытай емес, корпоративтік рухты ту етіп көтерген еңбекшіл Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азияның елдері емес, нақ осы АҚШ-тың өзі болып отырғандығын біраз жұрт жақсы біледі.
23 Қазан, 2017
Уақытты үнемдей білген ел ұтады
Осының алдындағы мақаламызда Карл Маркстің «барлық үнемдеулердің ақыры уақытты үнемдеуге ұласады» деген данагөй сөзіне сүйене отырып, уақыттың қадірі туралы әңгіме қозғаған едік. Расында да уақыттың қадірі мен бағасы жыл өткен сайын артып келеді. Ал оның бағасын барған сайын арттырып отырған бір фактор, ол – елімізге енгізіліп жатқан жаңа технологиялар. Жаңа технологиялар адамның іс-әрекеті мен қимылын барған сайын алымды ете түсуде. Сол жаңа технологиялардың арқасында бір сағаттың ішінде бұрын бір күнге, тіпті бір аптаға созылатын біраз шаруаны тындыруға болады. Сондықтан да қазір заманға сай жетілген адам үшін әрбір күн ғана емес, әрбір сағат уақыт қадірлі.
10 Қазан, 2017
Өз аумағынан халықаралық қаржы орталығын құру – кез келген дамушы мемлекет үшін үлкен арман. Осы арман бірқатар елдерде соңғы жылдары нақты мақсатқа ұласып, одан шындыққа айналғандығын да естіп жатырмыз. Гонконгте, Сингапурде, Дубайда, Багам аралдарында, Панамада, Бахрейнде табысты жұмыс істеп жатқан қаржы орталықтарын осы қатарға жатқызуға болады.
03 Қазан, 2017
Қазақ елінің басынан өтіп жатқан қазіргі оқиғалардың кең ауқымдылығы мен жиілігі сондай, олардың бірінен екіншісіне өтіп, байыбына барып, маңыздылығын шамалап үлгере алмай жатқандаймыз. Жазудан кемдік көрген бұрынырақ кезеңдерде мұндай оқиғалар оның қатысушыларының жадында жатталып, сонан кейін олардың айтуымен ел ішінде кеңінен таралып, мұның арты бірте-бірте аңызға айналып кететін.
27 Қыркүйек, 2017
«Уақыт – әр адамның еншісіне бұйырған әрі зая кетіре алмайтын жалғыз капитал», дейді Томас Эдиссон.
14 Қыркүйек, 2017
Алыппен көршіліктің артықшылығы
Тәуелсіздіктің ширек ғасырдан астам уақытында еліміз өзінің ішкі-сыртқы саясатын, алыс-жақын елдермен қарым-қатынасын қалыптастыра отырып, есею жылдарына қарай қадам басуда. Әрине, алып мемлекеттердің ортасында орналасқандығы өз алдына, оның үстіне ғасырлар бойы өз тізгіні өзіне тимей, бодандықтан көз ашпай келген елге тәуелсіз экономикалық саясат жүргізу жеңіл болмайтындығын көзі қарақты, ойлы оқырман жақсы түсінсе керек.
02 Тамыз, 2017
Күн үш тәуліктің ішінде Жер бетіне оның бойындағы барлық барланған отын қорларының қуатына тең қуат жөнелтеді екен. Алайда, соған қарамастан оның сәулесін тұрмыс пен экономикаға қажетті қуат көзі ретінде игеру мәселесі адамзат қоғамында енді ғана бастау алып отыр деуге болады. Қазіргі уақытта күн сәулесінен алынатын қуаттың әлемдік энергетикалық өндірістегі үлесі 1 пайызға да толмайды. Бірақ бұл – әлі бастамасы ғана. Кейбір сарапшылардың болжамы бойынша, енді бір 35 жылдан кейін күн сәулесі Жердегі адамзат өндіретін қуаттың ең басты көзіне айналатын болады. Бұл болжамды Халықаралық энергетикалық агенттіктің мамандары да растап отыр. Олардың пікірі бойынша да 2050 жылға таман күн энергетикасының үлесі отынның басқа түрлерінің бәрінен басып озуы тиіс. Яғни, күн сәулесінің қуаты қазіргі мұнайды алмастыратын болады.
28 Шілде, 2017
Астана: сұлулықпен үндескен жылулық
Астанаға газ жеткізу мәселесі көптен бері қозғалып келеді. Еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осыдан біраз бұрынғы бір шарада «Үкімет Астанаға көгілдір отын жеткізу жөнінде көп жылдан бері уәде беріп келеді, сол уәдесін қашан орындайды?» деген сауалға «Астанаға газдың қашан жеткізілетіндігін бір Құдай ғана білер» деп жауап беріп, үмітті көңілдердің әптігін басып тастаған еді.
06 Шілде, 2017
Тақтатастан мұнай өндіру табыс көзіне айнала ма?
Осыдан біраз бұрын әріптесіміз Жылқыбай Жағыпарұлы «Тақтатас төңкерісіне тәуелділік» атты мақала жазып, АҚШ-та осы үдерістің шарықтау шыңына шыққандығын, сөйтіп енді әлемде тақтатас төңкерісінің басталуы әбден мүмкін екендігін жеріне жеткізе жазған-ды.
30 Маусым, 2017
Арқаның жері де құт, желі де құт
Қазақстанның Сарыарқадай сайын даласының асты-үсті қазынаға толы екендігі талай дәлелденген. Соның арқасында біз қазір әлемде өте сирек кездесетін осмий-187 элементінен бастап, мыс пен болат, алюминийге дейінгі аралықта металдардың сан түрін және Қазақстан бренді болып отырған сапалы астық өндіреміз. Қазақстан алтынының ең көп мөлшері де осы Арқа төсінен табылып отыр.
02 Маусым, 2017
Жемқорлықпен күрес адалдықты дәріптеуден басталады
Физика мен астрономия ғылымдарында «қара құрдым» деген түсінік бар. Жерден пәленбай миллион жарық жылындай қашықтықта орналасқан, көптеген алып планеталар еркін сыйып кете алатындай кеңістікті қамтитын, айналасындағылардың бәрін жалмап жұтып алатын бір ғажап дүние. Оның маңайына жақындағанда, жарық жылдамдығының өзі баяулап, уақыт тоқтап қалады деседі. Осы «қара құрдымның» бар екендігіне немесе жоқ екендігіне әлі күнге дейін ғалымдар талас қылып жатады.
05 Мамыр, 2017