Пікірлер .
Ұлы Абай бабамыз айтып кеткен бес дұшпанымыздың бірі – бекер мал шашпақ һәм ысырапшылдықты тыю мақсатында өңірлердегі ардагерлер ұйымдары мен мешіттер игі бастама көтеріп, әсіресе кісісі дүние салған қаралы үй иелерінің өлім жөнелту рәсімдері мен ас беруге шамадан тыс қаржы шығындауына жол бермеуге бағытталған шешімдер қабылдап жатқаны – құптарлық жайт.
23 Сәуір, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеше жарияланған «Ел экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы оның биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында алға қойылған нақты да зор міндет – экономикамыздың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізу және 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есе ұлғайту, яғни 450 миллиард долларға жеткізу міндетін жүзеге асыру талабынан туындаған қисынды да маңызды қадам деп білеміз.
10 Желтоқсан, 2023
Халқымызда жиен ұғымына қатысты мағынасы бір-біріне қарама-қарсы келетін нақылдар бар. «Жиен ел болмас, желке ас болмас» деген ағайынға «Жиен неге ел болмасын, малы болса, желке неге ас болмасын майлы болса?» деген қарсы уәж айтылғаны мәлім. Бұған қоса, «Жігіттің жақсы болмағы – нағашыдан, үйдің жақсы болмағы – ағашынан» деген әлмисақтан бері айтылып келе жатқан сөз де бар.
07 Қараша, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Түркістанда өткен екінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек. Бұл қиын мәселе екенін түсінемін. Әсіресе олардың бар назары әлеуметтік желіде болған кезде, тіпті, қиын. Бірақ бұл мәселемен айналысу керек. Басқа жол жоқ», деді.
22 Маусым, 2023
Жуырда бір жолдасым ұлын үйлендірді. Қуанышында шек болмай, ағайын-туған, жора-жолдастарының бастарын қосып, қаладағы мейрамханада той жасады. Кейін маған: «Айбергенов айтқандай, мен де, әйтеуір, бар жиған-тергенімді бір тамаша той қылып өткердім», деп күлген болды. Бірақ күлкісі шынайы емес, жасанды сияқты көрінді.
24 Мамыр, 2023
Мемлекеттік деңгейдегі парадокс
Таяуда Қызылжар өңіріндегі бір аудандық мәслихат өзінің интернет-сайтында жергілікті депутатқа ағасының «кенеттен жоғалғанына» байланысты көңіл айту жариялады. «Бұл не қылған «жоғалу?» деп таңғалып, көңіл айтудың орыс тіліндегі мәтініне көз жүгіртсек, онда «с внезапной утратой» деп жазылған екен. Осы өрескел қателік әлеуметтік желіде өткір сыналған соң ғана түзетілді.
10 Мамыр, 2023
Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде халық саны жылдан-жылға азайып бара жатыр. Орынды алаңдаушылық туғызып отырған осы теріс үрдісті тоқтатып, келеңсіз демографиялық ахуалды жақсарту мақсатында Үкімет алты жылдан бері жұмыс күші артық өңірлердің тұрғындарын жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аударумен айналысып келеді. Қазір бұл бағдарлама «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында іске асырылып отыр.
30 Наурыз, 2023
Теріскей өңірлерге тіл басқармалары қажет
Кейінгі жылдары қоғамда өңірлердің Тілдерді дамыту басқармалары өз міндетін жөнді атқармай, әкімдіктердің аударма бөлімдеріне айналып кетті деген сын жиі айтылып келді. Мұның аяғы бірқатар өңірде аталған мемлекеттік органның жабылып, Ішкі саясат және Мәдениет басқармаларына шағын бөлімдер ретінде қосылуына әкелді. Алайда мұндай шешім еліміздің орыстілді тұрғындарының қатары қалың облыстарда қазақ тілінің іс жүзіндегі мәртебесін бұрынғыдан да төмендете түскенін арада өткен уақыт айғақтап берді.
26 Наурыз, 2023
Қазақстан 2000 жылы суицид деген сұмдықтан дүниежүзінде 6-орынға шығып, отандастарымыздың арасындағы өзін-өзі өлтіру көрсеткіші 100 мың адамға 39,4 жағдайдан келген. Содан кейін еліміздегі осы қасіретті құбылыс біртіндеп кеми бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылы жариялаған рейтинг бойынша Қазақстандағы суицид 100 мың адамға шаққанда 18,05 жағдайға дейін азайып, 184 мемлекеттің ішінде 18-ші орынға жайғасыппыз.
12 Қаңтар, 2023
Заңды білмейтіндер зар илеп жүр
Кейінгі жылдары теңгенің құнсыздануына байланысты халықтың тұрмысы төмендеп, көптеген азамат екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан қыруар кредит алып, қарызға белшеден батқаны мәлім. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 26 маусымда «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойып, бұрын-соңды болмаған əлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған еді.
31 Қазан, 2022
Діндарлығымыздан даңғойлығымыз басым-ау...
Солтүстік Қазақстан облысының қысы қатал екені мәлім. Соны ескерген «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің басшылығы осыдан он шақты жыл бұрын Петропавл қаласының мұсылмандар зиратында дүниеден озған адамдарды ақтық сапарға шығару кезінде діндарлардың жарыса Құран оқуын тоқтатқан болатын. Тек мешіт өкілі қысқа аят бағыштап, «Осымен тәмам!» деуге көшкен-ді.
20 Қазан, 2022
Хакім Абай бабамыз ұлтымызға ұлағат ретінде сақтандыра айтып кеткен бес дұшпанның бірі – мақтаншақтық. Ұлы ойшыл: «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» дегенімен, халқымыз бойына сіңіп кеткен кеселден әлі толық арыла алған жоқ. Тіпті «Өзіңді өзің мақтамасаң, ешкім сені мақтамайды» деген сөз шығарып, бүгінде жиі айтылатын нақылға айналдырып алған сияқтымыз.
16 Қазан, 2022
Еліміз тәуелсіздік алған соң елді мекендер мен көшелердің жаңа заман талабына сай келмейтін атауларын өзгерту ісі қолға алынып, бірталай іс тындырылды. Соның ішінде кеңес заманында коммунистік идеология ерекше екпінмен жүргізілген солтүстік өңірлерде де. Мәселен, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар ауданы мен қаласының коммунистік атаулары ауыстырылды. Алайда көптеген елді мекеннің патшалық отарлау және кеңестік тың көтеру кезінде берілген ескі атауларының көбі әлі күнге сақталып қалып отыр.
11 Қазан, 2022
Қазақтың саны көп болмаса да, қазір күллі әлем назарына ілініп жүрген аса дарынды ұл-қызымыз аз емес. Әсіресе өнер мен спорт саласында. Дүние жүзіндегі тоғызыншы территорияны иемденіп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған батыр бабаларымыздың өршіл рухы бүгінгі ұрпағының бойында атойлап оянып, Мағжан Жұмабаев жазғандай, Алаш атын аспанға шығаратын шақ туғанын аңғартып тұрғандай.
04 Қазан, 2022
Еуропа елдерінен ерекшелігіміз ескерілсе...
Қазақ елі дүние жүзіндегі тоғызыншы территорияны еншілеп отыр. Ұшқан құстың қанаты талатын кең-байтақ жерімізге Франция, Германия, Ұлыбритания, Испания, Аустрия, Нидерланд, Жапония елдері бірге сыйып кетеді екен. Бұл – Қазақстанның Еуропа мемлекеттерінен басты ерекшелігі. Алайда осы маңызды ерекшелік еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарларын айқындау кезінде кейде жете ескерілмей, еуропалық стандарттарды жөнді-жөнсіз тықпалаудың аяғы өкінішті салдарларға әкеліп соғып жатады.
21 Қыркүйек, 2022
«25 жыл тендер өткізбе дейсің бе?..»
Ел ішінде «тендер» дегенше, «жеңдер» десейші!..» деген ажуа сөз нақылға айналып кеткелі қашан. Тендер атаулының мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлықтың «сара жолына» айналғаны рас. Заң қатайтылып, жаза күшейтіліп жатса да, алтын көрген періштедей жолдан тайған шенеуніктер саны азаяр емес. Қалыптасқан кінәратты жүйені түбегейлі өзгертпейінше, бұл келеңсіз құбылыстың тамырына балта шабу қиын екеніне көзіміз жеткендей.
13 Қыркүйек, 2022
Қисынсыз заң құқық бұзуға итермелейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында: «Бюджет үдерістерін барынша жеңілдету қажет. Мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруына мүмкіндік беру керек. Сол арқылы олар ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылады», дей келіп, осы мақсатта жаңа Бюджет кодексі мен «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдау қажеттігін айтты.
05 Қыркүйек, 2022
Темір жол өткелдерінде текке өтіп жатқан есіл уақыт
Астананың үлкен айналма жолы пайдалануға берілгелі жолаушылардың уақыты, көлік жүргізушілерінің жанар-жағармайға жұмсалатын шығыны едәуір үнемделіп, бәрі де риза болып жүруші еді. Алайда биыл Бурабай курортына демалуға баратын, сондай-ақ Көкшетау мен Қызылжар өңірлеріне сапарлайтын және сол жақтардан елордаға сан шаруамен келетін азаматтардың бұрынғыша машақат шегулеріне тура келіп тұр.
31 Тамыз, 2022
Кейінгі кезде дүкенде, ұшақта, көлікте және басқа қоғамдық орындарда қазақ тілінде қызмет көрсетілмеуіне байланысты дау-дамай туғызып, оны әлеуметтік желіде жариялап, талқыға салушылар көбейіп бара жатқандай. Азаматтардың мұндай талабы орынды, әрине. Тек осындай іс-әрекеттердің кейбірінің астарында қазақстандықтардың этносаралық татулығына сызат түсіріп, сына қағу мақсаты жасырынып тұрғандай көрініп, алаң боласың.
24 Тамыз, 2022
Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 16 наурызда жариялаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарларының саны үшеуден аспауы керектігін, ерекше жағдайда ғана төртіншісіне рұқсат берілетінін атап айтты. Арада өткен бес айға жуық уақыт ішінде Президент тапсырмасының орындалу барысын білу үшін өңірлер әкімдіктерінің ресми сайттарына үңілдік.
14 Тамыз, 2022