Пікірлер .
Темір жол өткелдерінде текке өтіп жатқан есіл уақыт
Астананың үлкен айналма жолы пайдалануға берілгелі жолаушылардың уақыты, көлік жүргізушілерінің жанар-жағармайға жұмсалатын шығыны едәуір үнемделіп, бәрі де риза болып жүруші еді. Алайда биыл Бурабай курортына демалуға баратын, сондай-ақ Көкшетау мен Қызылжар өңірлеріне сапарлайтын және сол жақтардан елордаға сан шаруамен келетін азаматтардың бұрынғыша машақат шегулеріне тура келіп тұр.
31 Тамыз, 2022
Кейінгі кезде дүкенде, ұшақта, көлікте және басқа қоғамдық орындарда қазақ тілінде қызмет көрсетілмеуіне байланысты дау-дамай туғызып, оны әлеуметтік желіде жариялап, талқыға салушылар көбейіп бара жатқандай. Азаматтардың мұндай талабы орынды, әрине. Тек осындай іс-әрекеттердің кейбірінің астарында қазақстандықтардың этносаралық татулығына сызат түсіріп, сына қағу мақсаты жасырынып тұрғандай көрініп, алаң боласың.
24 Тамыз, 2022
Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 16 наурызда жариялаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарларының саны үшеуден аспауы керектігін, ерекше жағдайда ғана төртіншісіне рұқсат берілетінін атап айтты. Арада өткен бес айға жуық уақыт ішінде Президент тапсырмасының орындалу барысын білу үшін өңірлер әкімдіктерінің ресми сайттарына үңілдік.
14 Тамыз, 2022
Жосықсыз кәсіпкерлер жұқтырған «дерт»
Отбасылардың ажырасуы бойынша Қазақстан әлемдегі алғашқы ондыққа кіргені мәлім. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, елімізде өткен жылы 140,3 мың неке тіркелсе, 48,2 мың отбасы заң жүзінде ажырасқан. Бұл ретте қазіргі қоғамда «Жас отбасылар жиі ажырасады» деген пікір қалыптасқанымен, статистикалық көрсеткіштер басқаша «сөйлейді».
03 Тамыз, 2022
Директорларды ротациялау дұрыс па?
Жаңа оқу жылы қарсаңында қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселенің бірі – мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын, соның ішінде мектеп директорларын ротациялау. Биылдан бастап енгізіліп отырған осы жаңашылдыққа қатысты жұртшылық пікірі екіге жарылып тұр.
28 Шілде, 2022
Мұнайлы өңірлердің бірінен Солтүстік Қазақстан облысына қызмет бабымен көшіп келген сыйлас азамат бірде: «Кеше бір тойға барғанымда аңғарғаным – бұл жақта «Джип» мінгендер сирек екен. Астыққа бай өлкенің тұрғындары кедей тұрады деп ойламап едім...» дегені есімде сақталып қалыпты. Әрине, кедейшіліктің өлшемшарты тұрғындардың «Джип» көлігін мінуі болмағанымен, оның айтқан сөзінде шындық бары рас.
21 Шілде, 2022
Тойшылдық: Үкімет қаулысы неге қауқарсыз?
Қазақтың ұлы Абай сынаған бес дұшпанының бірі – бекер мал шашпақ. Өткен ғасырдың басындағы алапат ашаршылықты басынан өткерсе де, халқымыз одан ес жия келе, ескі әдетіне қайта басып, той өткізуден бір-бірімен бәсекеге түскендей жағдайға жетті. Оны тіпті әлемді алқымынан алған коронавирус пандемиясы да тоқтата алмады. Мейрамханалар мен тойханаларда тығылып той жасағаны үшін жүздеген адамға айыппұл салынғаны – соның айғағы. Ал «Бармақ басты, көз қыстымен» ондай жазадан құтылып кеткендер саны қанша екені бір Аллаға аян.
07 Шілде, 2022
Мектеп асханасында – мейрамхана бағасы...
Еліміздің жаңа тарихында енді бұрынғы Қазақстан, һәм Бірінші Республика болып жазылатын кезеңде кездейсоқ адамдар да «ебін тауып» министр болып тағайындалып, білім саласының да, ғылым саласының да берекесін қашырғандықтан, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері кейінгі кезде Білім және ғылым министрлігін екіге бөлу қажет деген пікір білдіріп жүрді.
30 Маусым, 2022
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Еліміздің журналистер қауымы көрнекті қаламгер, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның «Журналист атан түйе секілді. Арқалағаны алтын болғанымен, жегені – жантақ» деген сөзін ұмыта алар емес. Себебі бұл ащы да ақиқат сөз айтылғалы ондаған жыл өтсе де, қолдарына қалам мен микрофон ұстап, ақпарат майданының алғы шебінде жанталасып жүрген әріптестеріміздің жағдайлары онша өзгерген жоқ.
27 Маусым, 2022
«Менімен ойнамаңыз, мен блогермін!..»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Ұлытауда өткен алғашқы отырысында сөйлеген сөзінде: «Отбасын асырау үшін табанды еңбек етіп жүрген, заңға бағынатын адамдар құрметке ие болу керек. Өкінішке қарай, бізде көше бұзақылары, жауапкершіліктен жұрдай блогерлер және масылдық пиғылдағы айқай шығаратын адамдар бүгінгінің батырына айналды. Депутаттар мен атқарушы билік өкілдері соларға ғана баса мән беретін болды. Түрлі деңгейдегі шенеуніктер солардың ғана талабын орындауға жүгіреді. Орталықтағы және аймақтардағы билік барлық азаматтың мұң-мұқтажына бірдей қарауға тиіс», деп қоғамымызда кейінгі жылдары жиі байқалып жүрген келеңсіз құбылысқа назар аударды.
20 Маусым, 2022
Онлайн кредиттеу опа бермей тұр...
Ақпараттық технологиялар ғасырының адам игілігіне арналған ғаламат жаңашылдықтарын меңгеруде Қазақстан ешбір елден кем қалмауға тырысып-ақ жатыр. Алайда «Аттыға еріп жаяудың таңы айырылыпты» демекші, заң үстемдік құрып, құқықтық тәртіп мықтап орныққан озық мемлекеттер ойдағыдай пайдаланып отырған кейбір ноу-хау біздің елдің даму деңгейінің ерекшелігі ескерілмей енгізілсе, оң нәтиже беруі екіталай екені байқалып отыр. Онлайн кредиттеу – соның айғағы.
07 Маусым, 2022
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне қарағанда, биылғы жылдың бірінші тоқсанында елімізде тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны былтырғы жылмен сәйкес кезеңдегіден 21,1 пайызға ұлғайған, яғни 639-дан 774-ке дейін көбейген. Осы дерекке сүйенген бұқаралық ақпарат құралдары «Қазақстанда жемқорлық көбейіп барады», деген біржақты тұжырым жасап, дабыл қағып жатыр. Бірақ ол шындыққа жанаса ма?
23 Мамыр, 2022
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кейінгі кезде «қара алтынымен» ғана емес, бірінен соң бірі тура жолдан тайып тұтылып жатқан басшы қызметкерлерімен де аты шығып тұрған Атырау облысында тағы екі шенеунікке жүйелі түрде пара алды деген айып тағылып, тергеуге алынғанын хабарлады.
18 Мамыр, 2022
Саяжай да баспанаға айналды...
Бұдан бірер жыл бұрын Nur Otan (қазіргі Amanat) партиясының астанадағы орталық қоғамдық қабылдауына кішкентай баласын ертіп келген бір әйел өздерінің Қарағанды облысынан қоныс аударып, таныстарының қала іргесіндегі саяжайында тұрып жатқандарын, мемлекеттен ешқандай әлеуметтік көмек ала алмай жүргендерін айтып шағынғаны жадымда.
03 Мамыр, 2022
Қазіргі кезде әлеуметтік желіні ашып қарасаңыз, көзіңізге петиция түспей қоймайды. Әртүрлі ұсынысты жақтаушылар мен жақтамаушылар өзара жарысқа түскендей әсер қалдырады. Алайда олар «Онлайн петиция деген не өзі? Оны әзірлеу және қарау тәртібі қалай? Жалпы, осы әрекетімізден нендей нәтиже шығады?..», деген сауалға аса бас қатырып жатқан жоқ сияқты.
20 Сәуір, 2022
Еске алу күні – Аза тұту күні емес пе?
Жыл сайын 31 мамырда елімізде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Шын мәнінде, оның Аза тұту күні екенін ата-бабалары репрессияға ұшыраған адамдар болмаса, басқалар онша сезінбейтін сияқты. Бар болғаны – басшыларымыз бастап, басқаларымыз қостап, нәубет құрбандарына арналған ескерткіштер мен мемориалдық тақталарға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіз тұрып қайтатынымыз рас.
14 Сәуір, 2022
Қоныс аударушылардың баспана «жыры»
Қазіргі алмағайып заманда көршілес алпауыт елдің кең-байтақ жеріміздің солтүстік бөлігіне көз алартқан кейбір саясаткерсымақтарының «сандырақтарын» естіген сайын теріскей жақтан ызғар ескендей ытырынып, қазекемнің баяғыда-ақ сақтық қыла айтқан «Бос жатқан жер жау шақырады» деген нақыл сөзі еріксіз еске түседі.
06 Сәуір, 2022
Қала құрылысына қатаң тәртіп қажет
Кейінгі кезде Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары тұрғындарының өздері тұрып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің қасынан қосымша құрылыс салуға қарсы наразылық білдіруі жиілеп кеткені мәлім. Осыған орай Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған мегаполистердің әкімдеріне қала тұрғындарының өтініштеріне құлақ асып, тұрғын үй кешендерінің жанынан биік үйлерді тығыз салуды тоқтатып, олардың орнына әлеуметтік объектілер, саябақтар мен балаларға арналған спорт алаңдарын салуға баса мән беруді тапсырыпты.
23 Наурыз, 2022
Жылқыны атып жығуға дейін жеттік-ау...
Ұлы Абай өз заманында көрші жұрттардың тынымсыз қарекетіне қарап, қамсыз жүрген қазағының жайбарақат тірлігіне қарны ашып: «Не ғылым жоқ немесе еңбек те жоқ, ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай...» деп ашына жазғаны мәлім. Содан бері бір жарым ғасырдан аса уақыт өтсе де халқымыз өз бойындағы керітартпа кемшіліктерінен әлі түгел арылып болмағаны анық.
15 Наурыз, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ұлтымыздың жаңа болмысын қалыптастыру міндетін алға қойып: «Жаңғырған қоғам жат әдеттерден біртіндеп арылуы керек. Ысырапшылдық пен даңғазалық қоғамның да, адамның да абыройын төгеді. Жауапсыздық, немқұрайдылық бүкіл елді қасіретке ұшыратады. Ал бос сөзділік пен бөспелік, мақтаншақтық қоғамның дамуын тежейді. Бұл туралы ұлы Абай «Өңкей жалған мақтанмен, шынның бетін бояйды» деп ашық айтқан. Бұл мәселе бүгінгі таңда да өзекті болып отыр», деген болатын.
09 Наурыз, 2022