Полиция оқиғаға байланысты «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
«Оқиға орнында полицияның жедел-тергеу тобы, прокуратура қызметкерлері, білім беру басқармасының өкілдері, психологтар және балалар құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істеп жатыр. Тергеудің толық, объективті және жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады полиция.
Қазіргі таңда тергеу мүддесіне сай қосымша ақпарат жарияланбайды.