жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті
Кеше Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың жетекшілігімен Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Онда Мемлекеттік хатшы Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде басты жалпыұлттық құндылықтарды айқындап берген «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қабылданғанын айтты.
– Бүгінгі таңда гендерлік бюджеттеу әлеуметтік дамудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын, білім беру және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған, денсаулық саласындағы 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде әйелдердің іскерлік белсенділігін арттыру, халықты жұмыспен қамту, ана мен баланы әлеуметтік қорғауды көздейтін шаралар арқылы ілгері дамуда, – деді Г. Әбдіқалықова.
Мұнан соң Мемлекеттік хатшы елімізде жүзеге асып отырған гендерлік теңдік саясатына тоқталды. Оның айтуынша, республика көлемінде 28 тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтары жұмыс жасайды. Өткен 2015 жылы отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 16 мың 800 әйелге 211 маман түрлі бағытта кеңес берген.
Жиында Атырау облысы әкімінің жанынан құрылған әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы Айгүл Әжіғалиева сөз алып, аталған аймақтағы гендерлік теңдік саясаты, комиссияның 4 айда атқарған жұмысы жайлы баяндады.
– Атырауда 2012 жылдан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын бауырына басып, қамқор болатын дағдарыс орталығы жұмыс жасайды. Бүгінгі күнге дейін орталықтың қызметкерлері 107 әйел мен 205 балаға көмек көрсетті. Бұлардың дені – отбасында күйеуінен зорлық көріп, барар жер, басар тауы жоқтар. Сондықтан да мамандар мұндай жандарға барынша психологиялық қолдау көрсетіп, кеңес береді, – деді ол.
Комиссия отырысында отбасылық ахуал мен бүгінгі қоғамдағы ер-азаматтардың денсаулығы төңірегіндегі аурулар айтылды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпараты бойынша, еліміз әлемде ұрпақты болу жүйесі аурулары, тыныс алу, қан айналымы, ас қорыту ауруларының кең таралуынан төртінші орында. Осыған орай Гүлшара Әбдіқалықова тиісті орындардың басшыларына Қазақстандағы отбасылық-демографиялық саясаттың жүзеге асырылу жолында нақты тапсырмалар жүктеді.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан»

Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15