Кеше Астанадағы Ұлттық музейде «National Geographic Қазақстан» журналының тұсаукесер рәсімі өтті.
Шетелдік меймандар, Парламент депутаттары, дипломатиялық корпус, зиялы қауым өкілдері қатысқан салтанатты шарада сөз сөйлеген Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев әлемге танымал басылымның қазақ тілінде шығуы отандық ақпарат құралдары саласындағы елеулі оқиға екенін, осыған байланысты Елбасымыздың өзі журналдың алғашқы нөміріне ақ тілегін жолдағанын атап өтті. «Халықаралық басылымның ғылыми ізденістерге, қызықты деректерге толы таңдаулы мақалаларын қалың оқырмандарымыз енді ана тілімізде оқитын болды. Сонымен қатар, біз өзіміздің ең үздік төл материалдарымызды ағылшыншаға аудару арқылы елімізді дүниежүзіне танытудың тағы бір мүмкіндігіне қол жеткіздік. Әлемдік журналды Орталық Азия аймағында бірінші болып шығаруға Қазақстанның бастамашылық етуі де заңдылық. Өйткені, біздің жаһан жұртшылығына ұсынуға лайықты құндылықтарымыз бен асыл жауһарларымыз мол. Тасын түртсе, тарихы сөйлейтін Алтай мен Каспий аралығындағы ұлан-ғайыр еліміздің талайларды тамсандыратын табиғаты, мәйекті мәдениеті мен қайталанбас салт-дәстүрі «National Geographic» үшін таусылмас тақырып болатыны талассыз», деді ол салиқалы ойын сабақтап.
Вашингтоннан арнайы келген аталмыш басылым директорының орынбасары Даррен Смит Қазақстанға атбасын алғаш рет бұрғанын, бұйырса осында оншақты күн аунап-қунап қана қоймай жергілікті халықтың тағылымды салт-санасымен танысатынын жеткізген соң кезінде журналда жарық көрген «Күн тұтылуы қазақ жерінен қалай бақыланды?» деген мақаланың суреттерін слайд арқылы көрсете отырып, түсінік берді. Оның әңгімесінен ұққанымыз, сонау 1936 жылы бірқатар шетелдік және кеңестік ғалымдар Орынборға таяу орналасқан Ақбұлақ ауылына обсерватория орнатып, табиғаттың тылсым құбылысын бақылапты. Ғалымдар тек зерттеу жұмыстарымен ғана айналыспай, сол арадағы қазақтардың тыныс-тіршілігіне ден қойып, өздерінше талдау жасапты. Көне суреттер көп ойларға жетелейді.
Ең қызығы сол, «National Geographic» журналының 1954 жылғы бір санында қазақтардың этникалық ерекшеліктерін бейнелейтін суреттер жарық көріпті. Сондағы кейіпкерлердің бірі Фазила Жаналтай ортамызда отырғанын естігенде еріксіз елең еттік. Бүгінде сексеннің сеңгірінен асқан ақ жаулықты әжей өзінің бұл суретке қалай түсіп қалып жүргенін бастан аяқ баяндап берді. Арада ұзақ жылдар өткеніне қарамастан, ешнәрсені ұмытпаған. Санасы сайрап тұр. Тағдырдың жазуымен Өр Алтайдан үдере ауған Қытайдағы қазақтар тау асып, тас басып Үндістанға табан тіреген. Сонда Кашмирді мекендеген бұлардың ауылына америкалық журналистер келіп, этнографиялық этюдтер түсірген көрінеді. Сол уақытта он сегіздердегі бойжеткенді таспаға тартса керек. Сұрастырып білсек, апайымыз Абақ Керейдегі атақты адам Солтаншәріптің қызы екен. Талай жердің дәмін татып, ақыры тәуелсіздік алған тарихи отанына оралыпты. Мұхиттың арғы бетінен жеткен әріптестеріміз кейуанаға журналдың сол баяғы өзі шыққан нөмірін сыйға тартты.
Басқосу барысында «National Geographic Қазақстан» журналының бас редакторы Еркін Жақыпов өз редакцияларының ұстанған бағыты мен алдағы шығармашылық жоспарлары туралы айтып берді.
Тұсаукесер аясында «National Geographic»-тің үздік 50 суреті» атты көрме ұйымдастырылды. Оның географиясы өте бай. Әлемнің әр шалғайынан сыр шертетін фотосуреттер көрерменді бейжай қалдырмайды.
Талғат БАТЫРХАН,
«Егемен Қазақстан»

Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03