31 Мамыр, 2016

Көпжақты қатынастардың көкейкесті мәселелері

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DSC_2176-1jpgКеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Орталық және Шығыс Азиядағы ұйымның арнайы өкілі Кристин Муттоненмен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі Тараптар өзара әрекеттестікті дамытудың бағыттарын тал­қылады. Бұл ретте Мәжілісте қай­та құрылған ЕҚЫҰ ПА-мен әре­кет­тестік бойынша делегация құрамына маңызды міндеттер қойылады. Б.Ізмұхамбетов пен К.Мут­тонен парламентаралық бай­ла­ныстарды жетілдіру көп­жақты қатынастарды терең­дету мен кеңейтуге қажетті шарт болып табылатындығын айтты. Қазақстанның ЕҚЫҰ Пар­ламенттік Ассамблеясының ма­ңыз­ды бөлігі болып табыла­тын­дығына назар аударған Кристин Мут­тонен біздің елі­міздің елдер, ұлттар және түрлі топтар ара­сын­дағы үнқатысу орнатудағы ерекше рөлін атап өтті. – Біздің ықпалдастығымызды жоғары бағалаймыз және оны жалғастыруға ниеттіміз. Қазақ­стан бұл бағытта өте жақсы жұ­мыс жасап жатыр және осы ай­мақ­тағы басқа мемлекеттерге үлгі бола алады, – деді К.Мут­тонен. Қазіргі заманның халық­аралық қатерлері туралы сөз қозғаған Б.Ізмұхамбетов К.Мут­тонен қатысқалы отырған Ас­тана қаласында өтетін «Дін­дер лаңкестікке қарсы» атты халық­­аралық конференцияның бұл қауіпке қарсы күш біріктіруге жағдай жасайтындығына сенім білдірді. Кездесу барысында Астана қала­сында ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық мамандандырылған көр­месін өткізу мәселелері талқы­ланды. Парламент Төрағасы бұл шараға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын өзіне ыңғайлы уақытта қатысуға шақырды. – Мен сіздерді құттықтаймын. Пар­ламенттік Ассамблея үшін бұл көрмеге қатысу өте маңыз­ды деп санаймын, – деді К.Мут­тонен.