31 Мамыр, 2016

Елбасының апталық кестесі

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АндатпаПрезиденттің бас­па­сөз қызметі Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назар­баев­­тың қа­ты­суы­мен өте­тін алдағы іс-шаралар аңдат­пасы туралы хабарлады. 31 мамыр күні Астанада Жо­ғары Еуразиялық эконо­мика­лық кеңестің отырысы өтеді. Оның жұмысына Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Президенті Серж Саргсян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев және Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қатысады деп жоспарланып отыр. Жиын барысында Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының қазіргі мәселелерін қарастырып, оның бірқатар мемлекеттермен сауда саласындағы өзара ықпалдастығының дамуына қатысты мәселелерді талқылау көзделуде.